400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚУДАҒЫ ВИЗУАЛДАНДЫРУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚУДАҒЫ ВИЗУАЛДАНДЫРУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
Материалдың қысқаша нұсқасы

АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚУДАҒЫ ВИЗУАЛДАНДЫРУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ


З. И. Қалилаева

№101 С.Датұлы атындағы жалпы орта мектебінің

физика пәнінің мұғалімі

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы

Жаңа жол а/ә Арайлы ауылы


Егемендік алған Қазақстанда ғылым мен техниканы бүгінгі күн талаптарына сай дамытатын дарынды, талантты жастарды тәрбиелеп шығару ісі мектептерде оқытылатын жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің алдына үлкен міндеттер қоюда. Адамзат ХХІ ғасыр есігін - әлемдік жаһандану дәуірінде, ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың өте жоғарғы деңгейде қарқын алып дамудың жағдайында – ашты.

АКТ-ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ-ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ-ны, электрондық оқулықтарды және интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ-ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады.

Физика пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қоймай оқушының ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Өзіне қажетті мәліметті ақпарат көзінен таңдап өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады.

Комьпютерді пайдалану барысында мынадай дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады:

  • электрондық оқулықтар

  • аудио және видиоматериалдар

  • электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар

  • электрондық пошта

  • интернет желісі

  • компьютер

  • интерактивті тақта

  • тестілеу жүйесі мен білімді бағалау

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту үрдісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі өте жоғары деп айта аламыз. Физика сабақтарында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
- оқушының өз бетімен жұмысы;
- аз уақытты көп білім алып, уақытты үнемдеу;
- білім–білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
- шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
- Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
- Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстау сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

Негізгі базасы физика ғылымы болып табылатын есептеу техникасы соңғы жылдары физикалық процестер мен құбылыстардың математикалық моделін жасаушы құрал болумен қатар, көрнекілік құралы, демонстрациялық эксперимент пен зертханалық жұмыстар нәтижесін математикалық өңдеу құралы және оқушы білімін бақылау, тексеру құралы ретінде де кеңінен қолданылуда.

Есептеу техникасын физика сабақтарына қолдану:

  • әр оқушының білім деңгейіне сәйкес тапсырмаларды пайдалануға;

  • оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға;

  • оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға;

  • қазіргі ғылым мен техника жаңалықтарымен үнемі танысуға;

  • көптеген ақпараттармен тез арада танысуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, компьютер оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне әсер етеді. Физика - эксперименттік ғылым. Ал бүгінгі таңда мектептерде физикалық құрал-жабдықтар жетіспейді, күрделі экспериментті жасауға қажетті қондырғылар өте қымбат тұрады, соның салдарынан кейбір құбылыстар мен тәжірибелерді мектеп зертханасының көлемінде жасау және оны түсіндіру мүмкін емес. Осындай қиындықтардан шығудың нақты жолдарының бірі-сабақ үрдісінде динамикалық компьютерлік модельдерді (ДКМ) пайдалану.
Оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Физика сабағында Ақпараттық коммуникативті технологияны қолдана отырып, оқушыларда оқудағы визуалдандыру дағдыларын дамыту мақсатында - физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу-оқыту процесін дамыту мен жетілдіру қажет. Әсіресе, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырудағы және зерттеу жұмыстарын дамытудағы орны ерекше. Сол себепті 7-9 сынып оқушылары үшін оқудағы маңызды аспектілердің бірі құбылыстар мен оқиғалардың белгілі ауқымын түсіндіру үшін терминдер мен ұғымдарды қолдана отырып негізгі ғылыми идеяларды қолдану пайдалану болып табылады. Бұл басты ғылыми идеялар табиғатта абстрактілі, сондықтан да ғалымдар оларды түсіндіру үшін аналогия мен модельдерді жиі қолданады.

Модельдер мен аналогтарды пайдалану оқушылардың басты ғылыми идеяларды түсінуін дамытуға көмектеседі.

  • Модельдер тиімді оқыту құралы ретінде пайдаланады;

  • Абстрактілі идеяларды суреттеу және елестету үшін модельдер мен аналогтарды пайдалану оқытудың мықты тәсілі болып табылады;

  • Құзырлы мұғалімдер жалпы модельдер мен аналогтарды күшті, әлсіз жақтарын сезінеді және сын тұрғысынан ойлауға ұмтылған оқушыларға қолдау көрсетеді;

  • Құзырлы мұғалімдер оқушыларды өздерінің модельдерін жасауға тартады.

Модельдер дерексіз идеялар мен қиын байланыстарды нақты елестетуге көмектеседі. Бұл елестетулер оқушылар үшін ғылымда өз мүмкіндіктерін ашуда, ғылыми сауаттылығын дамытуда маңызы өте зор. Ғылымда «модель» терминінің бірнеше түсіндірмесі бар.

  • Модель дегеніміз – модельдер құрудың және оларды сәйкес құбылыстар, процестер, объектілер жүйесі негізінде оқып білу әдістерінің жиыны.

Моделдеу - Ғылыми модельдеу және оқыту модельдері болып екіге бөлінеді.

Ғылыми моделдер – ғылыми идеялардың көпшілік мақұлдаған көрінісі, мысалы: жарықтың сәулелері, энергия ұғымы өмірдің негізі екендігі.

Оқыту моделдері – объектілер мен үдеріс болып есептелетін физикалық модельдер, олар өте аз немесе өте көп, немесе абстрактілі идеялар болып есептеледі: мысалы: күн жүйесі, ұсақ бөлшектерді жүйелеу.

Аналогтар дегеніміз - аналогия (гр. analogіa – сәйкестік, ұқсастық) – әр түрлі объектілердегі кейбір қасиеттердің ұқсастығы. Аналогия – алынған қорытынды, ықтималдық сипаттама. Ал оның дәрежесін көтеру үшін төмендегідей шарттар орындалуы тиіс:

  1. салыстырылатын нәрселердің ортақ белгілері көп және әр түрлі сипаттарды қамтуы;

  2. нәрселердегі ортақ белгілердің маңызды болуы;

  3. ортақ белгілер мен салыстырылатын белгілер арасында заңды байланыстардың жатуы.

  • аналогтарға мысал ретінде электр тізбектерін елестету үшін көлік ағыны идеясын көрсетуге болады;

  • өткізгіштерді тізбектей жалғауда поезд вагондарын идеял деп көрсетуге болады.

  • Сұйық ағындарын сипаттағанда арықтарда судың ағысын идеял деп көрсетуге болады.

  • Дененің бірқалыпты қозғалысын сипаттаған дененің баспалдақ арқылы немесе сатымен жоғары көтерілуін немесе төмен түсуін идеял деп көрсетуге болады.

Нысандарды үдерістерді және веб-жүйелер сияқты дерексіз ұғымдарды көрсететін визуалды диаграммалар;

Ғылыми мәтіннің негізгі бөліктерін түйіндейтін блок-сызбалар;

Жылдамдық, ара қашықтық, уақыт сияқты түсініктер арасыдағы өзара байланысты көрсететін кестелер, диаграммалар және математикалық формулалар қолдануға болады.

Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал ертеңгі сабақ бүгінгі сабақтан жақсы болуы тиіс. Ақпараттық коммуникативті технологияны қолдану барысында оқушылардың визуалдандыру дағдыларын дамытуда моделдеу мен аналогтарды қолдана отырып оқушылардың өздері не істеу керек деген ойлары өзгерді. Оқушылар арасында ойлауға ықпал ететін сұрақтар қоя бастады. Одан кейін олар ауызша және жабаша түсініктемелерін жақсартып, ойлануды бірінші орынға шығару арқылы өзара бағалау және өзін-өзі бағалауды дамытуды жалғастырды. Мектептегі эксперименттік физикалық тәжірибелер оқу-тәрбие процесінің негізгі құрамдас бөлігі және физикалық құбылыстардың табиғаты туралы білім көзі болып табылады. Эксперименттік тәжірибелер үшін дербес электрондық есептеу машиналарын қолданудың артықшылықтары тәжірибелердің тамаша көрнекілігі, оқудың ойынға айналатын ықтималдылығы, оқушылардың белсенділігі мен физикаға қызығушылығының артуы. Әр оқушы компьютерде экспериментті өз қолымен жасап, өз көмегімен көреді, қажетті экспериментті орындау үшін және параметрді өзгерту үшін компьютерде тәжірибені өзі басқарады. Екінші жағынан оқушы модельдеуші программамен жұмыс істегенде мұғалімнің басшылығын, жұмыс нәтижесін есептеу мен оқушының жеке әрекетін басқаруды (ДЭЕМ)-сы, яғни дербес электронды есептеу машинасы өз міндетіне алады.

Осылайша, физиканың негізгі заңдылықтары мен құбылыстарын өмірмен байланыстыра қызықты етіп беру жолдарын қарастыруға болады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларға физика заңдылықтарын өмірде кеңінен қолданаылатынын ұғындыруға мүмкіндік береді. Осы үлгідегі оқытудың әдіс-тәсілдері оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, оларды жинақылыққа, дәлдікке, шығармашылыққа баулуға көмектеседі деп ойлаймын.

Жаңа ғасырдың білікті, білімді, ақыл-ойы дамыған азаматын даярлау бүгінгі күннің талабы. Білім беру үрдісінде қолданыс тапқан педагогикалық технологиялар жаңаша сипат алуда. Білікті, білімді мамандар жаңалықты теориялық жағынан меңгерумен қатар білім беру үрдісіне енгізе отырып, тәжірибе жинақтағанда оң нәтиже беруде. «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз, көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның ұстаздық еңбегінің жемісі болмайды», - деп К.Д Ушинский айтқандай мұғалімдер заман көшінен қалмай жаңалықтың жаршысы болу керек.












Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. «Физика және астрономия» республикалық ғылыми – әдістемелік педагогикалық журналы. 2012 ж

  2. Б.Б Жолдасова Инновациялық технолгияларды білім беруде қолдану.

  3. “12 жылдық білім” атты Республикалық ғылыми - әдістемелік және ақпараттық – сараптамалық журнал, №7 2005 ж. және №2 2006 ж.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
565
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі