400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ақпараттық коммуникативтік технология

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кабыкенова Айман Кабдыкаримовна

Математика және информатика пәнінің мұғалімі

Павлодар облысы

Ақтоғай ауданы

Х.Шаяхметов атындағы жалпы білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Ақпараттық-коммуникатикалық технологияны қолданып математикадан заманауи сабақты жобалау» ЭКСПО-2017ж


Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқынды білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ол-өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне, жаңалықтарына бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Егеменді еліміздің болашағы білім беру жүйесі мен мектептерге байланысты. Заман талабына сай қазіргі мектептерде білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйе-сін жаңарту-білім реформасының жүзеге асуының басты шарты. Осы талапқа сай оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы оқушы- лар шығармаларын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дамыту,осыған орай оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу-мұғалімдер алдындағы басты міндет.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау,оқытудың жаңа технологияларын енгізу» білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.

Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылар-дың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдай,тәжірибеде сы-нап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болу мүмкін емес дей келе мен қарапайым тілмен өз ойымды жеткізіп көрсем деймін.

Біздің заманымыз жаңа технология мен компьютер заманы. Соңғы 10 жыл ішінде біздің өмірімізге түбегейлі өзгеріс енді. Жаңа буын оқулықтары- мен электронды мәдениет әлеміне аяқ бастық. Сонымен бірге мұғалімнің де рөлі өзгерді. Ол енді жоғарғы деңгейдегі жаңашыл ұстаз болуы тиіс. Оған қойылатын талап та жоғарғы деңгейде болады.

Жаңа технологияның дамуы-ның арқасында балалардың дамуына үлкен үлес қосылды. Заман ағымына қарай қазіргі традициялық сызба мына қағиданы басшылыққа алады «мұға-лім-оқушы-оқулық». Осы уақытқа дейін біз пайдаланып жүрген кез-келген практикалық материал,энциклопедиялар,диафильмдер қызықсыз болып қалды. Практикалық өмір дәлелдегендей ендігі таңда инновациялық техно- логияларсыз дамыған мектепті көз алдымызға елестету мүмкін емес. Ұстаз- дар жылдар бойына сары майдай сақтап, тырнақтап жинаған өмірлік азығын енді кішкентай ғана компакт-дискіде сақтайтын болды. Күні кеше ғана бұл қол жетпейтін фантастикалық әлем еді. Қазіргі таңда бәріне бейім,тез қабыл- дайтын ізденімпаз тұлғалар оның бәрін санасында ұстап,мобильді телефон- дарды, әр түрлі DVD-плеерді қолдануды меңгере бастады. Алдағы 10 жыл аралығында компьютерлік білімді меңгеру деңгейі өсіп, бастауыш сынып оқушыларының да компьютерді үйренуге деген талабы артады. Компьютер- дегі мәтіндер, аудио-бейне көрсетілімдер, анимациялар балалардың білім алу деңгейін жоғарлатады. Ғалымдардың дәлелдеуінше: 20%-естігені, 30%-көргені, 50%-өзі әрекет еткені есте қалады екен. Осының бәрін практикалық өмірде көрсетіп жүрген өз мамандығының майталман шеберлері инновация лық технологияларды, яғни мультимедиялық презентацияларды еңбегінің жемісі ретінде қабылдай отырып, мұғалімдік мамандықтың қыр сырын түсі- ніп алға ұмтылады. Өз жұмысына деген қызығушылық артады. Жаңа техноло гияны меңгере білген ұстаз өз өмірінің қуанышқа толы екендігін түсініп, көре біледі. Мұның қаншалықты бақыт екенін сезініп, заман ағымына қарай жаңа технология элементтеріне сүйене отырып, мультимедиялық кабинеттерде ин терактивті тақтаның көмегімен слайдтар арқылы өткізу тиімді тәсілдердің бі- рі деп есептейді.

Компьютердің қыр сырын меңгерген интеллигент тұлғалар ғаламтордың да пайдасын көре бастады. Үнемі ізденісте жүріп өзіне қажетті мағлұматтар- ды , қол жетпес ақпараттарды ғаламтордан таба бастады. Бұл прогрестің ал-ға жылжуы емес пе? Яғни адамзатқа бағынбайтын биік белес тауларды бағын дырғанмен бір есеп. Жадымыздағы компьютер, плеер, диск, мобильді теле -фон деген сөздер құлағымызға сіңісті болып күнделікті қалыпты дүниеге ай- налуда. Болашақта біз технологияның дамуынан әлі де үлкен жаңалықтар, ғылыми ашылулар күтеміз. Себебі, біз ізденуден жалықпайтын жаңашыл тұл- ғамыз. Ал өз іс-тәжірибеме келетін болсам:

Жаңа технологияны меңгеру-мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсе-рін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына кө-мектеседі.

Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашы-лық ізденісі,өз мамандығына деген сүйіспеншілігі алдындағы шәкірттерін бағалауы орын алады.

Сондықтан қазіргі мектеп мұғалімі қоғам талаптарын ескеріп,өзінің ал-дына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбие технологияларын меңгерген, білім беру процесін басқара алатын,тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы тұлғасының дамуына бағыттап жоба-лай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет. Ұстаздың шығармашылығын төмендегі сызбадан көруге болады.

Бүгінгі шәкірт-ертеңгі маман. Ендеше,қоғам талабына сәйкес мұғалімнің негізгі мақсаты-оқушының білім сапасын көтеру. Ол үшін мұғалімнің алдында сабақ сапасын көтеру түрін жетілдіру, оқушының сабаққа деген қызығушы-лығын арттыру,қабілетін дамыту міндеттері тұр. Демек,мұғалім бір ғана әдіс-пен шектелмей,шығармашылығын шыңдап,озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі шарт.

Оқушы үшін пәнге қызығушылықты оятатын,ойластыратын негіз- оқы-тушының интелектуалдық ізденісінде. Олай дейтінім, қазіргі кезде сабақты ұйымдастырудың,оқытудың жаңа технологиясы дамып,оны қолдану тәжі-рибеге енген кезеңде одан алыс қалу кешірілмейтін жағдай.

Сабақ ұйымдастырудың түрлеріне басты назар аудару керек. Мен өз са-бақтарымда оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі тиімді формаларын оқып - үй-реніп,қолданып отыруға тырысамын.

Осы орайда сөзім дәлелді болу үшін жұмыс барысымдағы іс-тәжірибемнен баяндайын. Жаңа педагогикалық тех-нологиялар бір-біріне ұқсамайды,тек дұрыс пайдаланып,шәкірт жүрегіне жол таба білу қажет.Кез келген технологиямен жұмыс жүргізгенде сол техно логияны мұғалім өзі жақсы меңгеруі тиіс.

Менің алға қойған негізгі мақсатым-оқытудың жаңа элементтерін пай-далану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. болады. Мен сабағымда оқушыны біліммен, іскерлікпен, дағдымен қарулан-дырып қана қоймай ,олардың танымдық,шығармашылық қабілеттерін де дамытамын. Мысалы:

Математика.

Математика сабағында оқушылардың өздігінен жұмыс істеуінің оның ақыл ойының қалыптасуына үлкен мәні бар. Модульдік оқытудың тиімді жақтарының бірі-осы оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына көп көңіл бөлінеді.Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу арқылы оқытуда нашар оқитын оқушылар көпшіліктің көлеңкесінде қалмайды. Әрбір шағын топ оқушылары берілген тапсырмаларды ақылдаса отырып, бір-біріне түсіндіре отырып шығарады.Олай болса, жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін пайдалану білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы.Оқу үрдісінде осы технологияның тиімді жақтарын төмендегі сызбадан көре аласыздар.

Shape1

Менің өз іс- тәжірибем бойынша шағын топтардың топ жетекшілерін пайдаланған тиімді екеніне көзім жетті. Себебі, бір жағынан ол оқушылар өз бетімен тапсырмалар дайындап, оны өз топтарындағы үлгерімі төмендеу оқушыларға орындаттырады. Оқушыларды адалдыққа тәрбиелеуге, адамгершілік қасиетінің артуына көмектеседі. Уақыт үнемделеді. Өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойлау қабілеттері дамиды.Көп жағдайда оқушыны тақтаға есеп шығартуға тырыспаймын. Тек қандайда бір есепті талқылағанда, жеке оқушы лардың шығармашылық тапсырмаларын көрсету мақсатында ғана тақтаны пайдаланамын. Себебі, есепті тақтаға бір оқушы шығарса, көптеген оқушы- лар өздігінен ойлауды тоқтатып, дайын есепті көшіруге кіріседі .

Есеп шығару кезінде оқушыларға есептің түрлі жолдарын, тәсілдерін игерту керек. Мате- матика сабағында оқушының ой еңбегі мен қабілетін арттыру және дамыту- дың тиімді әдістерін қалыптастыра білу де үлкен ізденісті талап етеді .Оқу- шылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойын түрлерін пайдалану керек.

Дамыта оқыту технологиясын оқып меңгеріп,тәжірибемде қолданып, оқушыларды шығармашылық бағытта дамытуда нәтижесі төмендегідей болды:

Shape2

Міне, өз білімін осылайша жан-жақты толықтырып отыратын мұғалім оқушысын еш уақытта жалықтырмайды деп есептеймін.

Қорыта келе айтарым,инновациялық технологияларды қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жетеріміз анық.Оқушыларға инновациялық технологияны меңгерту таңғажайып әлемнің есігін ашып берумен пара- пар емес пе? Өмірдегі шынайы,ғажап адамзатқа маңызды ашылулардың бәрі ізденімпаз ұстаздардың қолында.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
547
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі