400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ақпараттық қауіпсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Бөлім: Ақпараттық қауіпсіздік Педагогтің аты-жөні Бахторазова Жазира Бекболатқызы Күні: 03.09.2021ж Сынып: 10 Ә Сабақтың тақырыбы Ақпараттық қауіпсіздік Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары 10.1.2.1. «Ақпараттық қауіпсіздік», «құпиялылық», «тұтастық» және «қолжетімділік» терминдер маңызын түсіну; Сабақтың мақсаты «Ақпараттық қауіпсіздік», « Құпиялылық», «Тұтастық» түсініктерін сипаттай алады Бағалау критерйлері • «Ақпараттық қауіпсіздік», «Құпиялылық», «Тұтастық» терминдерін айта алады; • Ақпаратқа төнетін қауіптерді жіктей алады; • Қауіпсіздіктің парольдік жүйелерінің негізгі қауіптерін сипаттай алады;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Ақпараттық қауіпсіздік

Педагогтің аты-жөні

Бахторазова Жазира Бекболатқызы

Күні:

03.09.2021ж

Сынып: 10 Ә

Сабақтың тақырыбы

Ақпараттық қауіпсіздік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.1.2.1. «Ақпараттық қауіпсіздік», «құпиялылық», «тұтастық» және «қолжетімділік» терминдер маңызын түсіну;

Сабақтың мақсаты

«Ақпараттық қауіпсіздік», « Құпиялылық», «Тұтастық» түсініктерін сипаттай алады


Бағалау критерйлері

  • «Ақпараттық қауіпсіздік», «Құпиялылық», «Тұтастық» терминдерін айта алады;

  • Ақпаратқа төнетін қауіптерді жіктей алады;

  • Қауіпсіздіктің парольдік жүйелерінің негізгі қауіптерін сипаттай алады;

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

І.Сабақтың басы

1.Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Оқушыдан ақпараттық қауіпсіздік туралы өздері білетін ақпараттар сұралады, мұғалім тарапынан қосымша мәліметтер беріледі.

  1. Learningapps.org қосымшасы арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын талқылау.

- Ақпарат дегеніміз не?

Ақпараттың қандай түрлері бар?

Ақпараттың қасиеттерін ата?

Жаңа сабаққа кіріспе

Ақпаратты қорғау — ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.

Ақпараттық қауіпсіздік

Ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйесі (АЖ) ретінде келесі объектер жиынтығын түсіну керек:

  1. есептеуіш техника құралдарын;

  2. программалық жасауды;

  3. байланыс арналарын;

  4. түрлі тасушылардағы ақпараттарды;

  5. қызметшілер мен жүйені пайдаланушыларды.

АЖ-нің ақпараттық қауіпсіздігі жүйенің мына күйлерінде:

  1. жүйенің сыртқы және ішкі қауіп-қатерлердің тұрақсыздандыру әсеріне қарсы тұра алу қабілеті бар кезіндегісі;

  2. жүйенің жұмыс істеуі және жүйенің бар болуы сыртқы ортаға және оның өзінің элементтеріне қауіп келтірмеуі кезіндегісі қарастырылады.

Тәжірибе жүзінде ақпараттық қауіпсіздік қорғалатын ақпараттың келесі негізгі қасиеттерінің жиынтығы ретінде қарастырылады:

  • конфиденциалдылық (құпияланғандық), яғни ақпаратқа тек заңды пайдаланушылар қатынай алатындығы;

  • тұтастық, біріншіден, тек заңды және сәйкесті өкілдігі бар пайдаланушылар ғана өзгерте алатын ақпараттың қорғалуын, ал екіншіден ақпараттың ішкі қайшылықсыздығын және (егер берілген қасиет қолданыла алатын болса) заттардың нақты жағдайын бейнелеуін қамтамасыз ететіндігі;

  • қатынау қолайлығы, қорғалатын ақпаратқа заңды пайдаланушыларға бөгетсіз қатынаудың кепілі болуы.

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін мұғалімнің көмегі арқылы танысады.
Оқушылар ақпарат, ақпараттың түрлерін, қасиеттерін еске түсіреді.
















Оқушыларға ақпараттық қауіпсіздік туралы ақпарат беріледі.


Оқушы мен мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі: «Clapping» әдісі арқылы








«Мадақтау» әдісі арқылы кері байланыс беру

https://www.youtube.com/watch?v=KXhNlZko1GA




https://learningapps.org/display?v=pvimbkz1n21

















https://kk.wikipedia.org/wiki/























Сабақтың ортасы


2. Жаңа сабақты меңгеру.

Оқушы берілген 1сұраққа толық жауап беру мақсатында ойын ашық жеткізе алады.

Дескриптор

-1 сұраққа жауап береді.

«Бас бармақ» әдісі бағалау.

.




https://learningapps.org/display?v=po47jc54n21






Сабақтың соңы


3. Рефлексия

2+1+1 әдісі арқылы рефлексия жүргізу


Оқушы өз ойын жазады.



Үй тапсырмасын беру

Тақырыпты түсініп оқу. Терминдерді жаттау




     



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
17 қараша
307
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі