Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ақпараттық қауіпсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ тақырыбы: Ақпараттық қауіпсіздік пән атауы: Информатика Курс, топ: І, БМ-12 Сабақ типі: Жаңа сабақ Мақсаты, міндеттер: "Ақпараттық қауіпсіздік", "құпиялылық" және "тұтастық" ұғымдарының мазмұнын ашады. Барлық оқушы: "Ақпараттық қауіпсіздік"терминдерінің мағынасын барлығы түсіне алады. Басым бөлігі "құпиялылық" және "деректердің тұтастығы" терминдерінің мағынасын түсіне алады. Кейбіреулері "ақпараттық қауіпсіздік", "құпиялылық" және "деректердің тұтастығы" терминдерін өмірде қолдана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Сабақ тақырыбы: Ақпараттық қауіпсіздік


Модуль /пән атауы: Информатика


Дайындаған педагог: Халыкова Гаухар Алтаевна


2020 жылғы « 9 » желтоқсан


1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ: І, БМ-12


Сабақ типі: Жаңа сабақ


2. Мақсаты, міндеттер: "Ақпараттық қауіпсіздік", "құпиялылық" және "тұтастық" ұғымдарының мазмұнын ашады.

Барлық оқушы: "Ақпараттық қауіпсіздік"терминдерінің мағынасын барлығы түсіне алады.

Басым бөлігі "құпиялылық" және "деректердің тұтастығы" терминдерінің мағынасын түсіне алады.

Кейбіреулері "ақпараттық қауіпсіздік", "құпиялылық" және "деректердің тұтастығы" терминдерін өмірде қолдана алады.


2.1. Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

Ақпараттық, ұтқырлық, ізденушілік, коммуникативтік.


3. Сабақты жабдықтау

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:

Г.И.Салгараева Ж.Б.Базаева, А.С. Маханова. Информатика. Учебник для 10кл+ CD. Арман-ПВ, 2019, http://bezopasnik.org/article/1.htm


3.2 Техникалық құралдар, материалдар:

Компьютер, презентация, видео, Zoom бағдарламасы, Jamboard қосымшасы.


4. Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру

ІІІ. Топқа біріктіру

ІV.Жаңа материал беру

V. Сабақты бекіту



Ұйымдастыру кезеңі. Білімалушыларды қарсы алады, сәлемдеседі.

Студенттер бір-біріне есімдерінің бас әріпі бойынша жанындағы достарына жылы лебіздерін білдіреді. Сабаққа дайын екендігін көрсетеді.

Өткен сабақты еске түсіру.

Студенттерге «Бұлттық технологияларды қолдану салалары» тақырыбына «Сәйкестендір», «Жұбын тап» атты тапсырмалар беріледі.

«Сәйкестендір» тапсырмасы

Бұлттық технологиялар, Бұлттық есептеулер, Бұлттық провайдер, Жеке бұлттар ұғымдарын анықтамаларына сәйкестендіру қажет.

«Жұптастыр» тапсырмасы

Жеке бұлттар, Қоғамдық бұлттар, Ортақ бұлттар, Аралас бұлттар ұғымдарының анықтамасымен қосып жұптастырады.



ІІІ.Топқа біріктіру.
Топ студенттерін 5 топқа бөлу. Zoom бағдарламасында сессиондық залдарға бөлу.



ІV.Жаңа материал беру

Ой-толғау

Білімалушыларға сұрақтар қойылады:

  • Желіде жұмыс істеуде қандай қауіп-қатерлер болуы мүмкін?

  • Интернетте қандай ақпаратты жариялауға болмайды?

  • Әлеуметтік желілерді пайдалануда қандай қауіп қатерлер болуы мүмкін?



Ақпарат дегеніміз – адам көмегімен ауызша, жазбаша т.б. әдістермен берілетін мәліметтер.

Ақпарат алмасу- адам мен адамның, адам мен автоматтың, автомат пен автоматтың өзара мәліметтер алмасуын қамтитын көпмәнді ұғым.

Ақпараттық қауіпсіздік – ақпараттың бұрмалануы немесе жоғалуы салдарынан қолданушыға орны толмас зиян келтіретін кез-келген әрекеттерден ақпаратты қорғау.

Ақпаратты қорғау – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені.

Ақпаратты қорғау нәтижесінде мына сызбадағылар қамтамасыз етілуі керек (1-сызба):

Ақпараттың қолжетімдігі компьютер істен шыққанда немесе Интернет арқылы түрлі қауіпті программалардың шабуылы нәтижесінде веб-сайт қолданушысының сұранысына жауап бермеген жағдайда бұзылады.

Ақпараттың тұтастығының бұзылуы ақпараттың ұрлануы немесе бұрмалануы кезінде орын алады. Мысалы, электронды пошта хаттарының және басқа да сандық құжаттар мазмұнының өзгеруі.

Ақпараттың құпиялылығы адамдарға құпия ақпарат жария болғанда бұзылады, бұл ақпараттың таралуына себеп болуы мүмкін. Ақпарат қолданушысы мәліметтердің қолжетімдігінің, құпиялылығының және тұтастығының қауіптерін ескеру керек.

Ақпарат қолжетімдігінің негізгі қауіптері: Оған ақпараттық жүйенің ішкі бас тартуы мен сүйемелдеуші инфрақұрылымның істен шығуын жатқызуға болады.

Ақпараттық жүйенің ішкі бас тартуларына мыналар жатады:

тасымалдау ережелерінің бұзылуы (кездейсоқ немесе ойластырылған);

жүйенің істен шығуы (сұраныстардың шектен тыс көп болуы, өңделетін ақпарат көлемінің көптігі және т.б.);

зиянды программалық жасақтамалар;

программалық және аппараттық жасақтаманың істен

шығуы;

ақпараттардың бұзылуы.

Сүйемелдеуші инфрақұрылымның істен шығуына қатысты қауіптерге:

байланыс жүйесі, электр сымдары немесе ауа айналымы жұмыстарындағы ақаулар;

жүйенің қызмет көрсету жұмысының тоқтап қалуы жатады.

Ақпарат тұтастығының негізгі қауіптері

Бұл жерде ақпарат тұтастығының қауіптерін статикалық тұтастық пен динамикалық тұтастық деп екіге бөлуге болады.

Ақпараттың статикалық тұтастығының қаупіне қате ақпараттар енгізу, мәліметтерді өзгерту жатады. Ақпараттық динамикалық тұтастығының қаупіне мәліметтердің қайталануы, қосымша хабарламалар енгізу, мәліметтерді ұрлау жатады.



Ақпарат құпиялылығының негізгі қауіптері

Ақпарат құпиялылығы пәндік және қызметтік болып бөлінеді. Қызметтік ақпараттар (мысалы, қолданушы құпиясөзі) белгілі бір пәндік аумаққа жатпайды. Өз қызметін асыра пайдаланудан қорғану қиын, бұл – негізгі қауіптердің бірі.

Мысалы, жүйелік администратор кез-келген файлды, ақпаратты оқып, кез-келген қолданушы поштасына кіре алады және т.с.с. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін нені, кімнен, қалай және қандай әдістер мен шараларды қолданып қорғау керектігін білу қажет.

Компьютерлік желілердегі ақпарат қауіпсіздігі дербес компьютердегімен салыстырғанда төмен болады, себебі:

желіде көптеген қолданушылар жұмыс істейді, олардың құрамы үнемі өзгеріп отырады;

желіге заңсыз қосылу мүмкіндігі бар;

желілік программалық жасақтамада осалдық байқалады;

желі арқылы зиянды программалардың шабуыл жасау мүмкіндіктері жоғары.

Қазақстанда ақпаратты қорғауға байланысты мәселелерді ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы реттейді. Кез келген қорғау жүйесінің ең әлсіз тұсы – адам. Кейбір қолданушылар өз құпиясөздерін көзге түсетін, көрінетін жерлерге жазып қояды, тіпті басқаларға да таратуы мүмкін. Мұндай жағдайда кез келген ақпаратқа заңсыз қол жеткізу мүмкіндігі артады. Сондықтан қолданушыларды ақпараттық қауіпсіздікке үйрету өте маңызды болып табылады.



Жалпысыныппен жұмыс



Тапсырма 1. (дәптерде орындау):

Кестеге ақпараттың қолжетімдігінің, құпиялылығының және тұтастығының қауіптерін жазып, толтырыңдар.

Қауіптер

Түрлері

Мысал

Ақпарат құпиялылығының қауіптері




Ақпарат қолжетімдігінің қауіптері




Ақпарат тұтастығының қауіптері




Дескриптор

  • Бірінші қауіптің түрі мен мысалын жазады – 10 балл

  • Екінші қауіптің түрі мен мысалын жазады 10 балл.

  • Үшінші қауіптің түрі мен мысалын жазады -10 балл.







Тапсырма 2.

Мәтіндік редакторды (SmartArt) қолдана отырып, ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі ұғымдарын және оның қауіптерін жіктеуді жазыңыз. Үлгі схемасы:Д

е мыслями

Дескриптор:

- ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі ұғымдарын анықтайды-10 балл;

- ақпараттық қауіпсіздік қауіптерінің жіктелуін тізімдейді-10 балл.



Тапсырма 3.

Деректердің тұтастығын бұзу туралы сөйлескен кезде қолданылатын сөздердің нөмірлерін сәйкестендіріңіз:



Проблема

Жауаптар нұсқасының нөмірлері

Жүйенің істен шығуына байланысты файл ....


Компьютердің қатты дискісі толығымен істен шыққаннан кейін оған жазылған файл...


хакер поштаны бұзып ашқаннан кейін файл...


файлды желі арқылы жіберу кезінде...




Жауап нұсқасы:

  1. зақымдалған

  1. зардап шекті

  1. жарнамаға ауыстырылды

  1. бәсекелестерге жіберілді

  1. бұзылды

  1. жойылды



Дескрипторы:

- деректердің құпиялылығын бұзу мысалын келтіреді-10 балл;

- деректердің тұтастығына байланысты ұғымдарды байланыстырады – 10 балл.



Сабақты бекіту.

Сұрақтар: (топтарға сұрақ беріледі)

1.Ақпараттық қауіпсіздікті сақтау деген не?

2. Ақпаратты қорғау қажеттілігі туындаған жағдайда не істеу керек?

3. Ақпараттың қауіпсіздік шаралары қандай жағдайда

қолданылады?

4. Ақпараттың тұтастығын қамтамасыз ету үшін қандай әрекеттер орындау қажет?

5. Ақпараттың қолжетімдігінің тиімділігін қалай қамтамасыз етуге болады?

6. Ақпараттың құпиялылығын сақтау үшін қандай әрекеттер қалай орындалады?



5. Сабақ бойынша рефлексия

«Екі жұлдыз бір тілек» әдісін қолдану арқылы, өздерініз сабақ туралы 2 жақсы жағын айта отырып, 1 тілек жазыңыздар. Тілектерді тұрлі-түсті стикерлерге жазады. Jamboard қосымшасын қолданып та жазады.

Стикерларды жапсыру арқылы сабақты өздері бағалайды.


6. Үй тапсырмасы

«Ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбын оқу, шығармашылық тапсырманы орындау.

Шығармашылық тапсырма

Ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі ұғымдарын түсіндіріңдер және сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Қалай ойлайсыңдар, ақпараттық қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етуге болады?

2. Өз компьютеріңде ақпараттық қауіпсіздік қалай

қамтамасыз етілген?

Дескриптор

Ақпараттық қауіпсізідікті қамтамасыз ету жолдарын біледі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.11.2021
1215
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі