Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақпараттық қауіпсіздік. Желілік қауіпсіздік шаралары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпараттық қауіпсіздік. Желілік қауіпсіздік шаралары.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Сабақ жоспары № 24


Сабақ тақырыбы

Тақырып 7.1.3. Ақпараттық қауіпсіздік. Желілік қауіпсіздік шаралары.


Модуль /пән атауы

Информатика

Дайындаған педагог

Шыңғысова Айнұр Қуанышқызы

Күні


Курс, топ

1 курс

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Міндеттер

1) IP (i - pi ) тіркеуін және қызметтерін және мекенжайды көрсетуді түсіндіреді;

Мақсаты

2) "ақпараттық қауіпсіздік", "құпиялылық", "тұтастық" және "қолжетімділік" терминдерінің мағынасын, сондай-ақ пайдаланушы ақпаратымен байланысты қауіпсіздік шараларын түсіндіреді;

Күтілетін нәтижелер

3) деректерді шифрлау қажеттілігін бағалайды

Қажетті ресурстар және АКТ

В.Г.Архипова, Р.Г.Амдамова, Н.К.Беристемова, К.Б.Кадыракунов «Информатика» 11 сынып; қосымша ресурстар

Сабақтың барысы

Кезеңі / Уақыты

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурсы


  1. Ұйымдастырушылық және уәждемелік

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, оқушыларды түгендеу.


Психологиялық ахуал

(7 минут)

Психологиялық дайындық

«Үш тілде тілек айту» әдісі. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып бір – біріне өз тілектерін білдіреді. Мақсаты: тыңдау дағыларын дамыту, жағымды ахуал қалыптастыру

Оқушыларды топқа бөлу

Суреттер арқылы оқушылар топтастырылады

1 – тoп: «Инстаграм» тoбы


2 – тoп: «Тик ток» тoбы



Мақсаты мен міндетін хабарлау

2) "ақпараттық қауіпсіздік", "құпиялылық", "тұтастық" және "қолжетімділік" терминдерінің мағынасын, сондай-ақ пайдаланушы ақпаратымен байланысты қауіпсіздік шараларын түсіндіреді;





  1. Теориялық және практикалық

2.1. Алдын ала білім

Жалпы қайталау

(10 минут)

«Блум түймедағы» әдісі арқылы өткен сабақты сұрау. Оқушыларға блум түймедағында сұрақтар қойылады.

  1. Компьютердің адам ағзасына тигізетін кері әсері қандай?

  2. Интернет желісінің адам психикасына әсері туралы айтып бер.

  3. Неліктен компьютерде жұмыс аяқталысымен оны өшіру қажет?

  4. Не себепті компьюьтерде ұзақ уақыт отыратын адам остеохондроз ауруына шалдығады?

Электромагнитті сәуленің әсерінен пайда болатын ауруларды ата.



2.2. Жаңа материалды зерттеу

30 минут

Жаңа сабақ



Ой қозғау

«4 сурет 1 жауап» әдісі. Среттегі ортақ сөзді табады. Жауабы желідегі қауіп қатер.



Сабақ бойынша «Желідегі қауіпсіздік» тақырыбына бейнеролик көрсетіледі.

Топтық жұмыс

«Журналист » әдісі арқылы тақырып бойынша газет шығарады, мәлімет жинақтайды, жариялайды өз ойларын, пікірлерін, бір – бірінің жұмыстарын толықтырады. Әр топ өз топтарының тапсырмасына байланысты постерді толтырады

1 топқа: «Интернеттің пайдасы»

2 топқа: «Интернеттің зияны» тақырыбында газет шығарады.



« Күлегештер» әдісі арқылы бағалау



Жеке жұмыс

«Смс хабарлама» әдісі

Оқушыларға телефон суреті үлгісіндегі хат хабарлама беріледі. Сол хабарламадағы сұрақтарға жауап береді.

Тапсырма 1: Дэвид Бекхэм Алексейге Instagram желісінде дос болуды ұсынады. Хат ағылшын тілінде болды және ол келесі ақпаратты мазмұндайды: «Сәлеметсің бе Алексей! Екі айдан соң мен Қазақстанға ұшып келемін және өзімнің жанкүйерлерімен кездескім келеді. Билет алу үшін саған 1007 есебіне 100 фунт стерлинг жіберуің қажет болады».

Алексейге мұндай жағдайда қандай кеңес бере едіңіз? Неліктен?



Тапсырма 2: Шакира Арайлымға Instagram желісінде дос болуды ұсынады. Хат ағылшын тілінде болды және ол келесі ақпаратты мазмұндайды: Сәлеметсің бе Арайлым! Үш айдан соң мен Қазақстанға ұшып келемін және өзімнің жанкүйерлерімен кездескім келеді. Билет алу үшін саған келесі банк есебіне №2003 2569 2589 9875 - 500 доллар жіберуің қажет болады.

Арайлымға мұндай жағдайда қандай кеңес бере едіңіз? Неліктен?

Арайлымнан әлеуметтік желінің парақшасында өзі туралы жеке мәлімет көрсету сұралуда. Арайлымның әрекеті. Неліктен олай жасауы тиіс?

___________________________________________________________

Тапсырма 3. Белгісіз сайтқа тіркелу кезінде телефон нөміріңізді жазудың кері салдарын түсіндіріңіз.

Тапсырма 4. Егер саған әлеуметтік желіде телефон ұтып алдың . Оны алу үшін жеткізу құнынын есептегенде мына карта нөмеріне 5 мың теңге ақша аудар деген хабарлама келді. Сенің іс әрекетіңді жаз..


2.3. Жаңа білімді практикада қолдану

20

Дәптермен жұмыc.

Информатикалық диктант

Ақпараттық қауіпсіздіктің маңызды 3 жайы: қолжетімділік , ……………., құпиялылық. Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі ………. қауіпсіздік, ……. қауіпсіздік болып бөлінеді. Ip адрестеу Internet ...... Address.




Тапсырма 3. Жұптық жұмыс

« Сұрақты қағып ал» әдісі» әдісі арқылы оқушылар жұптасып бір – біріне сұрақ қояды. Сол сұрақтарға жауап береді.

Shape2 Shape1

«Shape3 Екі жұлдыз, бір тілек»

арқылы топтар кері байланыс жүргізеді



  1. Сабақ бойынша рефлексия

6

Рефлексия «Қорапша»

(білемін, түсінемін, қолданамын). Оқушылар бүгінгі сабақта не білді, не түсінді және оны алдағы уақытта қалай қолдана алтындығын

стикерлерге жазып қорапшаларға салады.

Shape4

ТҮСІНБЕДІМ



Shape5

ТҮСІНЕМІНН



Shape6

ҚОЛДАНАМЫН

Бағдаршам арқылы бағалау

Жасыл-Толық түсіндім

Сары- Жауабыма сенімді емеспін

Қызыл-Сұрақтарым бар


  1. Үй тапсырмасы

5 минут


Үй тапсырмасы. Тақырыпты оқып келу.

«Желідегі қауіпсіздік» тақырыбына ЭССЕ жазу.



Бағалау

5 минут

Шахмат тақтасының суретін пайдалану арқылы білімалушылар бос ақ ұяшықтарға өз ойларын стикерге жазып жапсырады. Сол жазылған ойлары негізінде өтілген сабақтан алған білімі қорытындыланады.




Бағалау парағы


Сандық эквивалент

Балл

Критерийлер

Баға

«Өте жақсы»

90-100


  • IP (i - pi ) тіркеуін және қызметтерін және мекенжайды көрсетуді түсіндіреді;

  • "ақпараттық қауіпсіздік", "құпиялылық", "тұтастық" және "қолжетімділік" терминдерінің мағынасын, сондай-ақ пайдаланушы ақпаратымен байланысты қауіпсіздік шараларын түсіндіреді;

  • деректерді шифрлау қажеттілігін бағалайды

Баға

«Жақсы»

70-89


  • IP (i - pi ) тіркеуін және қызметтерін және мекенжайды көрсетуді түсіндіреді;

  • "ақпараттық қауіпсіздік", "құпиялылық", "тұтастық" және "қолжетімділік" терминдерінің мағынасын, сондай-ақ пайдаланушы ақпаратымен байланысты қауіпсіздік шараларын түсіндіреді;

Баға

«Қанағаттанарлық»

50-69


  • IP (i - pi ) тіркеуін және қызметтерін және мекенжайды көрсетуді түсіндіреді;




Оқытушы___________________А. Шыңғысова

Н.03.2-08 Басылым 5

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2024
148
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12