жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ақпараттық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
Ақпараттық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
Алматы қаласы: аға оқытушысы, тех.ғ.м. Айынова А.С.
Ақпараттық технологиялардың кеңінен пайдалана бастауы мен олардың оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыруда қолданылмауы арасында; ақпараттық технологиялардың оқушылардың танымдық іс-әрекеті, белсенділігіне ықпал ету мүмкіндігі мен осы мүмкіндіктердің іс жүзінде пайдалану жолдарының қарастырылмауы арасында. Осы қайшылықтар біздің зерттеу тақырыбын «Ақпараттық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру» деп таңдау қажеттігін туындатты. Ғылыми-педагогикалық, әдістемелік, психологиялық т.б. әдебиеттерді зерттей келе мынадай қайшылықтардың бар екені белгілі болды.
Ақпараттық технологияларды мектептің оқыту үрдісінде пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту мүмкіндіктерін анықтау.
Соңғы жылдары қоғамда болып жатқан ғылыми жаңалықтар мен білім беретін мекемелердің дамуында оң өзгерістердің көбеюі олардың өмірмен байланысының нығаюы сияқты факторлардың ықпалы зерттеушілер мен әдіскерлердің танымдық белсенділікті дамыту теориясына деген ықыласын күшейте түсуде.
Философиялық сөздікте: «Таным – іс-әрекетінің адам мақсаттары ұмытылыстарының негізі болатын білімін қалыптастырушы, шығармашылық қызметінің қоғамдық-тарихи процесі. Ой еңбегі мен дене еңбегі барысында қарама-қарсылық бар жерде, шығармашылық, жаңалық ашушы және тудырушы іс-әрекет орындаушылық пен жаттандылыққа әлеуметтік тұрғыдан қарама-қарсы қойылған жерде Таным, көбінесе, рухани өндірістің (ғылыми, эстетикалық, этикалық, діни-парасаттық қызметтің және т.б.) түрлі салаларындағы кәсіби мамандардың ерекше функциясы ретінде көрінеді – деген анықтама берілген.
Фарабидің таным туралы ілімінің негізгі көздеген нысанасы-ғылымның рөлін көтеру, философия мен діннің қызметін даралау, бөлу, ең бастысы өзі үлкен атсалысқан танудың ғылыми әдістерін (методтарын) (эксперименттік-теориялық әдіс, табиғат туралы білімдерді математикаландыру) жасау және дамыту болып табылады.
Таным процесінің практикалық қызмет барысында іске асатынын ескерсек, студент өз еркімен білімді игеруге талпынбаса, өз бетінше жұмыс істеуге әрекеттенбесе белсенділіктің болуы мүмкін емес. Егер студент өзінің оқу-танымдық әрекетінің мақсатын айқындай алса, онда танымдық қызметте ерік күшінің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
А.Н.Леонтьев өз зерттеуінде таным туралы: «Таным – әрекет түрлерінің бірі болғандықтан таным барысындағы қиындықтарды жеңу жөніндегі ерік күші таным әрекетінің мақсатын кімнің алға қоятынына елеулі дәрежеде байланысты деп жорамалдауға болады» - деп дәлелдеген.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде белсенділік ұғымына былайша анықтама берілген: «Белсенділік –
1) психологиялық, философиялық қағида. Салдардың өзі әсер еткен заттың белсенді қатынасының нәтижесі. Қаржылылықты, ынталылықты, жігерлілікті, тынымсыздықты білдіреді. Орынсыз белсенділік және шығармашылық белсенділік болады; 2) күнделікті іс-әрекетке (ойын, сабақ, еңбек) кездесетін міндеттерді шығармашылықпен орындай білу қабілеті. Тек белсенді адамдар ғана мақсатқа жету барысында батылдық көрсетіп, қиыншылықты жеңіп шыға алады. Күнделікті іс-әрекеттің ішінде шығармашылық ойындар баланың белсенділігін арттыруға ерекше мүмкіндік тудырады» [1. б.45].
Оқытудағы белсенділік – мұғалімнен оқытудың солай қойылуын талап етеді, қайсысы оқушыларда ынталықты, тұрақтылықты, терең білім алуына мүмкіндік жасауды көздейді. Сонымен бірге оқушыларда іскерлікті, дағдыны, ойлауды, бақылағышты есі мен сөзін және шығармашылықты қалыптастыру.
Танымдық белсенділік – психологиялық белсенділіктің жоғарғы түрі. Адам санасы нақты, өмірді ғана бейнелемей, сонымен бірге оны жасайды.
Оқытуды күшейтудің құралы ретінде оқушылардың танымдық белсенділігі туралы құнды пікірлер Я.И.Коменский, И.Т.Песталоцци, А.Дистерверг, Н.Г.Чернышевский сияқты ғалымдардың көптеген еңбектерінде айтылған. Я.А.Коменский еңбектерінде балаларға берілетін білімнің негізі берік болуы үшін оқушыларды сабақ оқуға ынталандыру, олардың белсенділігін арттыруда меңгере алатын нәрселерді оқыту қажет екендігін атап көрсетсе, И.Т.Песталоцци мен А.Дистерверг оқытудың негізгі міндеті балалардың ақыл-ойын және қабілетін дамыту деген пікірде болды. Сондай-ақ А.Дистерверг баланың ақыл-ой қабілетін дамытудың аса маңызды құралдарының бірі оның оқыту барысындағы белсенділігі деп есептейді.
Н.Г.Чернышевский оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту үшін өздігінен ойлап және шығармашылық еңбек істеуді өркендетудің қажеттігін ерекше атап көрсеткен болатын. «Оқушылар оқуды нағыз көніккен түрде, тек білуге ниетін аударған түрде оқуға тиіс», - деп жазды ол.
Болашақ маман тұлғасының шығармашылық, танымдық негіздері ретінде студенттердің белсенділігін қалыптастыру міндеттерін шешуде авторлар олардың танымдық іс-әрекетін нысаналы түрде ұйымдастыруда деп біледі.
Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізген көптеген ғалымдар оқушылар мен студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыру проблемаларын оқыту үрдісінде қарастырып, оларды шешудің түрлі жолдарын атап көрсетеді:
Танымдық іс-әрекет, олардың күнделікті оқу әрекетін жетілдіруге байланысты, әсіресе, өздігінен білім алу біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыруға қатысты пәрменді, әрі белсенді дамитындығын қарастырып, оны дәлелдеуге әрекет жасаған ғалымдар М.Г.Голант, Б.П.Есипов, М.Н.Скаткин, танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру жолдарын зерттегендер Д.М.Богоявленский, Е.Н.Кабанова-Меллер, Д.В.Эльконин, В.В. Давыдов;
- іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерін енгізу арқылы екендігін Н.Ф.Талызина көрсетсе; И.Я.Лернер, Б.И.Коротяев, П.И.Пидкасистый оқытуға әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы болатындығын айқындайды.
Оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетті қалыптастырудың негізін қарастырған отандық психолог - ғалымдар В.К.Шабельников, С.М.Джакупов, Ә.Алдамұратов [2. б.58].
Қазақстандық педагог-ғалымдар Ж.А.Қараев оқушылардың танымдық әрекетін арттыру жолдарын компьютерді қолдану арқылы; Т.С.Сабыров оқушы жастардың танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың әдістері мен формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолданудың негізін қарастырса; А.Е.Әбілқасымова математика пәнінің негізінде студенттердің танымдық іздемпаздығын лекциялық, практикалық сабақтарда, өзіндік жұмыс істеуі барысында қалыптастыру жолдарын ашып көрсетсе; Т.И.Қоқымбаева халық педагогикасының құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті мен белсенділігін дамыту жолдардын зерттеген.
Н.А.Дарханов жаңа тұрпаттағы мектептердегі оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетінің моделін жасап, оның белгілері мен деңгейлерін анықтаған.
Р.С.Омарова жоғары оқу орындарында студенттердің танымдық белсенділігі мен іздемпаздығын қалыптастыруда проблемалық оқытуды ұйымдастырудың, проблемалық жағдайларды жасау мен шешудің, пән бойынша танымдық міндеттерді кеңінен пайдаланудың, оқу үрдісінде студенттердің ғылыми ізденістерін ұйымдастырудың, оқып-үйрену барысында техникалық оқу құралдарын, негіздік конспектілерді, тапқырлық ойындар және т.б. кеңінен ерекше маңызы зор екендігін атап көрсеткен.
С.Қалиев оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың сабақта және сабақтан тыс уақытта ұйымдастыру жолын айқындап береді. Яғни пән апталықтарын өткізу, әр түрлі байқаулар, сайыстар, олимпиадалар, турнирлер, интеллектуалдық жұмыстар ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға болады.
Студенттердің танымдық белсенділігін дамыту проблемаларын шешуде бірқатар авторлардың еңбектерін атап өтуді жөн көрдік.
Мәселен, Б.П.Есипов өз зерттеулерінде: «Белсенділік шәкірт ақыл-ойының ізденімпаздылығының белгілі бір дәрежесін көрсетеді»-дейді. И.Я.Лернер танымдық белсенділік пен танымдық ізденімпаздық ұғымдарының ара қатынасы жөнінде бұған қарама-қарсы пікір айтады. Оның пайымдауынша белсенділік пен ізденімпаздық біртұтас ұғым, белсенді болмай ізденімпаз болу мүмкін емес. Бірқатар авторлар танымдық белсенділікті іс-әрекет ретінде, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде қарастырады, бірақ «жеке тұлғаның ерекше қасиеті» ұғымының мазмұнын ашып көрсетпейді [3. б.15].
Т.И.Шамова «Оқушылардың оқудағы белсенділігі» атты монографиясында бұл көзқарастарға талдау жасай келе, оларды бір-бірінен бөле жарып қарауға болмайтындығын, сөйтіп, танымдық белсенділік ұғымын талдай келе, оның мәнін тек оларды диалектикалық бірлікте пайдаланғанда ғана түсінуге болатынын көрсетеді. Т.И. Шамова танымдық белсенділіктің мынадай үш деңгейін анықтайды: жаңғырту, түсіндіруші белсенділіктері және белсенділіктің шығармашылық деңгейі.
Ғалым В.И.Лозовая жеке адамның белсенділігін талдай және жүйелей келе белсенділікті жеке тұлғаның сипаты, оның қасиеті деп айқындайды, ол адамның әрекетке қатынасынан көрініс табады, бұл әрекет өз бетінше әрекет етуге дайын болушылық, ұмытылушылық, оны жүзеге асыру сапасы, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдау.
Еліміз тәуелсіздікке ие болғаннан бері саяси-әлеуметтік белсенділіктің әр түрлі жағына қатысы бар тың еңбектер жарық көре бастады. Мәселен, Р.Қ.Қадыржанов, М.Н.Нұрмұратов, Қ.Е.Көшербаев, А.Е.Абылқасымова, Ә.Қ.Ахметов, М.Х.Рахымбек, Г.Т.Уранхаева, Л.Н.Касымова, Е.К.Ертисбаева т.б. еңбектерінде республикамызда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға жан-жақты талдау жасалған, сонымен қатар, жоғары білімнің даму тенденциясы мен қазіргі жағдайына, оның рөлі мен мазмұны, даму стратегиясы, саяси білімділік мәселелеріне көңіл аударылған.
Т.И.Қоқымбаеваның еңбегінде танымдық әрекет пен танымдық белсенділіктің психологиялық және дидактикалық ерекшеліктері оқытудың жаңа мазмұнына сәйкес анықтап, оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудағы халық педагогикасының құралдарын тиімді қолданудың теориялық мәнін ашуға талпынған.
М.Н.Мұсабаева өзінің ғылыми еңбегінде оқу-тәрбие процесінде оқушылардың өлкетану белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық негізін айқындап, «өлкетану белсенділігі» ұғымының ғылыми-педагогикалық мәнін ашқан және осы белсенділікті қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктерін белгілеген.
А.Б.Мырзабаев оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың диадктикалық мүмкіндіктерін қарастырса, М.Құрманов болашақ физика пәнінің мұғалімдерін даярлауда оқушылардың танымдық белсенділігін айқындаған.
Үкімет «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасын» бекітті. Бұл тұжырымдаманың мақсаты: «Әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу» болып табылады. Сонымен қатар тұжырымдамада балаларды мектепке дейінгі мекемелерге ерте тарту және бес жастағы балаларды мектепалды даярлықтан өткізу міндеті де қойылған. Үкіметтің алға қойып отырған міндеттердің бірі ауыл мектебінде білім беруді ұйымдастырудың жаңа үлгілерін жинақтап, педагогикалық тәсілдер аясын кеңейтіп, білім сапасын жақсарту болып табылады.
Ақпарат ұғымы (латын тілінен «іпsormation» – түсіндіру, мазмұндау)- бұл мәлімет халықтың ауызша, жазбаша немесе басқа да әдістермен (шартты белгілер көмегімен, техникалық құралдар және т.б.): «қоршаған орта әлемі туралы түсінік беру, ондағы үрдістің өтуі, адамның оны қабылдауы немесе арнайы құруы». Ақпарат ұғымы әрқашан хабарландыру ұғымымен байланысты, «өмірдің жай тіршіліктен айырмашылығын басынан аяғына дейін қабылдау үрдісін шаршамастан көрсетеді, қоршаған ортадан қабылдаған ақпаратты өңдеп және бағалайды».
Ақпарат адам әрекетіндегі барлық жағдайды қамтиды. Академик Ю.А.Ершов атап көрсеткендей, жақында, бірінші жоспарға енетін жас ұрпақтың ақпарат ғасырына сәттілікпен өтті. Ол: ”ХІХ ғасырдағы елеулі оқиға болып, адамның салыстырмалылықтың мәнін түсініп салыстырмалы теориямен келісе отырып, адамзат үш өлшемдік кеңістік әлемде емес төрт- өлшемдік кеңістік уақыты әлемінде өмір кешуде ХХ ғасыр ақпараттың тағы бір өлшемін анықтады “ - деп атап көрсетті [4. б.145].
Баланың қабілетіне, дарынына көңіл бөлініп , білім жолында өзіндік бағыты болуына педагогикалық қолдау көрсету қажеттігі туды. Өркениетке бет алған еліміздің баянды болашағы - ұрпақ тәрбиесіне деген ұлы міндетпен ұштасып жатыр. Осы орайда мемлекет тарапынан мектептерге жан-жақты қамқорлықтар жасалынуда, атап айтқанда: білім- тәрбие беру ісінің базистік негізі қаланды, ауыл мектептерін жаппай компьютерлендіру және ақпараттандыру жоспарлары мен «Білім туралы» заң және мемлекеттік ауқымды бағдарламалар қабылданды, оқыту технологиясының жаңа үлгілері көптеп ұсынылуда, осы принциптерге негізделген қазақстандық мектеп оқулықтары қазіргі таңда мектеп оқушылары мен мұғалімдерге қызмет етуде. Қазақстан Республикасы Президентінің еліміздің халқына Жолдауында білім беру саласы қызметкерлерінің алдына мектеп ісін компьютерлендіру, ақпараттандыру міндетін қойды. Бұл міндеттер ауыл мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінен талаптан қалмай ізденіспен жұмыс жасауды қажет етеді.
Халықаралық білім кеңістігін құру дегеніміз - әр түрлі ұлттық білім беру жүйелерін мүмкіндігінше жақындастырып, бір-бірімен толықтырып, әлем деңгейінде мықты әлеуметтік жүйе жасау. Осы арқылы әр түрлі аймақ пен елдердегі білім беру сапасы мен деңгейін бір қалыпқа келтіру, мамандар дайындауды халықаралық сұраныстар мен талаптарға сәйкестендіру, оқу орындары қызметтерін өзара үйлестіру сияқты келелі мәселелерді шешуге болады.
ХХІ ғасырдың өркениетті ел боламыз, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелейміз десек, әр мектептің жақсы жабдықталған материалдық-техникалық базасы болуы шарт. Әрбір елдің экономикалық қуаты, ол елдің халқының жақсы тұрмысы, өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы алатын орны мен салмағы десек, ол сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Қоғамның алға жылжуы мен дамуы жаңа технология енгізу сапасының жоғары болуымен қатар осы елдің білім беру ісінің дұрыс жолға қойылғандығына және ақпараттандыру ісінің жоғары деңгейлігіне де байланысты [5. б.85].
Экономикасы жоғары елдің тәжірибесі көрсетіп отырғандай олардың білім беру жүйесін ақпараттандыру, экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын оқушыға игерту - бүгінгі басты міндет болып тұр. Мектепті ақпараттандырамыз десек, мына міндеттерді шешіп алуымыз керек:
-
Мектепте қашықтан оқыту технологияларын әзірлеу және өмірге енгізу;
-
Оқытудың ақпараттық және қашықтан оқыту технологиясын меңгерген мұғалім- маман даярлау;
-
Мектептерді білім беру бағдарламаларына сәйкес электрондық оқулық басылымдарымен қамтамасыз ету;
-
Дарынды балалардың қабілетін дамытып, олардың шығармашылықпен жұмыс жасауына педагогикалық- әлеуметтік қолдау көрсету;
-
Оқыту және тестілеу бағдарламаларының жаңа үлгілерін жасақтау.
Бүгінгі таңда ұстаздар қауымынан тәлім-тәрбие алып жатқан жеткіншектер ертеңгі күні тек білімді маман ғана емес, сонымен бірге Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Себебі, өнер-білім мен халықтың сауаттылығы қай елдің болсын аса құнды байлығы болып есептеледі. Халықтың рухани-мәдени дәрежесін көтеру, ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу мақсатында еңбек ету - әрбір мұғалімнің міндеті, қоғамдық қатынастар мен экономикалық саладағы өзгерістер тәуелсіз елдің білімді ұрпағын тәрбиелеу қажеттілігін керек етеді. Әрбір күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде заманның көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай жас ұрпақты өз елінің тарихы, тарихи тұлғаларының өмірбаяндары өнегесінде тәрбиелеу – ұстаздарға үлкен жауапкершілікті жүктейді. Сондықтан мұғалім өз білімін үнемі жетілдіріп отыруы қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Астана, 1999. - 32 б. 7,8 бап.
-
Әл-Фараби. Әлеуметтік этикалық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 2005. – 418 б.
-
Коменский Я.А. – Избранные педагогические сочинения. В 2-х т. Под ред. А.И.Пискунова. – М.: Педагогика, 2002. - 396 с.
-
Песталоцци И.Г. Избранные педагогические сочинения. В 2-х т. Под ред. В.Н.Столетова. – М.: Педагогика, 2001. - 334 с.
-
Дистервег А. Избранные педагогические сочинения. – М.: Учпедгиз, 2006. – 370 с.
Резюме
Информационные технологии влияют огромное значение на формирование духовного становления личности учителя, на саморазвитие и эффективную организацию учебно-воспитательного процесса.
Summary
In the article is considered to train subjects f essential sciences in informational technology.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген