400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС- ӘРЕКЕТТЕРІН БЕЛСЕНДЕНДІРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпараттық технологиялардың оқу үрдісін уақыт талабына сай, әрі анағұрлым қызықты ете алатыны белгілі. Егер сабақ кезінде ақпараттық технологияларды жіті ойластырып қолдансақ, оқу үрдісін жеке жұмыс жасау және саралау үшін шектеусіз мүмкіндік пайда болып, әрбір оқушының жеке білімділік траекториясы (өсу жолы) дамиды. Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың нәтижелілігін арттыруға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС- ӘРЕКЕТТЕРІН БЕЛСЕНДЕНДІРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ


Аңдатпа. Қазіргі таңда жаңа технологияларды енгізу арқылы оқу үрдісін ұйымдастыруға деген көзқарас өзгерді. Танымдық қызметті белсендіру мәселесі анағұрлым өзекті мәселелердің қатарына жатқызылады. Бүгінгі күні білім мазмұнын жаңартуға байланысты оқушылардың танымдық қызметін белсенді оқыту қажеттілігі артты. Ақпараттық технологиялардың оқу үрдісін уақыт талабына сай, әрі анағұрлым қызықты ете алатыны белгілі. Егер сабақ кезінде ақпараттық технологияларды жіті ойластырып қолдансақ, оқу үрдісін жеке жұмыс жасау және саралау үшін шектеусіз мүмкіндік пайда болып, әрбір оқушының жеке білімділік траекториясы (өсу жолы) дамиды. Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың нәтижелілігін арттыруға болады.

Түйін сөздер: білім, технология, белсенді оқыту, компьютер.

Аннотация. В настоящее время с введением новых технологий изменился подход к организации учебной деятельности. Вопросы активизации познавательной деятельности относятся к одной из наиболее актуальных проблем. В связи с перестройкой содержания образования в настоящее время возросла необходимость активизировать познавательную деятельность учащихся. Известно, что информационные технологии могут сделать процесс обучения более интересным, отвечающим требования сегодняшнего времени. При условии продуманного применения информационных технологий в рамках урока появляются неограниченные возможности для дифференциации и индивидуализации учебного процесса, у каждого учащегося развивается собственная образовательная траектория. Продуктивность с использованием информационных технологий очень хорошая.

Ключевые слова: образование, технология, активизация, компьютер

Annotation. At present, with the introduction of new technologies, the approach to the organization of educational activities has changed. The issues of activating cognitive activity pertain to one of the most pressing problems. In connection with the restructuring of the content of education, the need has now risen to intensify the cognitive activity of students. It is known that information technology can make the learning process more interesting, meeting the requirements of today's time. Given the well-considered use of information technologies, unlimited possibilities for differentiating and individualizing the learning process appear in the lesson, each student has his own educational trajectory. Productivity using information technology is very good.

Keywords: education, technology, activation, computer


Мектеп бағдарламасына қойылатын заманауи талаптар, оқу жүктемесін азайтуға деген құлшыныстар физиканы оқытуға кететін сағат санының азаюына әкелді, бұл жекелеген тақырыптарды, есептерді шешу әдістемесін толыққанды оқуға, практикалық жұмыстарды толығымен орындауға мүмкіндік бермейді.

Физиканы оқытуда компьютерді коммуникативті құрал ретінде пайдаланса, ұстаздың кәсіби позициясы біршама өзгереді. Дайын білім мен жұмыс жасау тәсілін арқалаушы адамнан мұғалім оқушылардың бірлесіп жұмыс жасау процесіндегі жетекшісіне, делдалына және көмекшісіне айналады. Бағдарламалық құралдар, оқыту бағдарламалары, компьютерлік орта, компьютерлік коммуникация оқу процесін құрудың өзара байланысқан құралы ретінде қолданылады. Бүгінгі кітап, дәптер, қарындаш секілді компьютер де қарапайым жұмыс құралына айналады [1-2].

Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы мен оның функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту компьютерді оқу процесінің барлық сатыларында: дәріс, практикалық және зертханалық сабақ кезінде, өз бетінше дайындалу және оқу материалын қаншалықты меңгеру деңгейін бақылау және өз бетінше бақылау кезінде кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

Компьютерлік технологияларды қолдану зертхана жағдайында демонстрациялау техникалық тұрғыдан өте қиын немесе тіпті де мүмкін емес болатын әртүрлі процестер мен құбылыстарды модельдеуге мүмкіндік бере отырып дәрістік тәжірибенің мүмкіндіктерін кеңейтті.

Физиканы оқытуда компьютерді қолданудың тиімділігі көптеген факторларға, оның ішінде техниканың деңгейіне, пайдаланылатын оқыту бағдарламаларының сапасына және мұғалімнің қолданатын оқыту әдістемесіне тәуелді. Физика – тәжірибеге толы ғылым, оны әркез көрнекі тәжірибелермен ұштастыра отырып оқытады. Заманауи физика кабинетінде (басқа да жаратылыстану саласының мамандандырылған кабинеттерінде) демонстрациялық тәжірибелерді жүргізуге арналған әртүрлі қондырғылар мен құралдар ғана қолданылып қоймай, мультимедиалық проекторы немесе демонстрациялық экраны бар есептеуіш техника да пайдаланылуы керек.

Жаңа ақпараттық технологиялар, бірінші кезекте Интернет-технологияларды қолдануда оқушылардың реферативті жұмыс жасауына байланысты мәселелер туындады. Интернет ресурстарынан материалды "жүктеуді" немесе әртүрлі ақпарат тасымалдаушыларындағы дайын мәнжазба қорын пайдалануды болдырмау үшін мәнжазба тақырыбын сәйкес материалды алуда әртүрлі ақпарат көздерін пайдаланатындай етіп беру керек.

Оқшылардың таным көкжиегін кеңейтуде оқулық аясынан тыс қосымша материалдарды алуда оқыту бағдарламаларының, Интернет ресурстарының және электронды энциклопедияның қолданылуы үлкен пайда әкелуі мүмкін.

Дегенмен сабақта жұмыс жасау үшін Интернет-технологиялардың маңыздылығы шамалы. Олар негізінен мұғалімге де, оқушыға да қандайда бір тақырыпты оқуда ауқымды оқу немесе әдістемелік материал ұсынуға ғана көмектеседі. Сабақ кезінде компьютерді жоғарыда аталғандай оқушының танымдық іс-әрекетін белсендендіру үшін қолданған дұрыс. Әрине, егер әрбір оқушының сабақ кезінде дербес компьютерді қолдануға және, оның үстіне, әлемдік желі ресурстары қол жетімді болса, онда сабақ кезінде жұмыс жасаудың жаңа әдіс- тәсілдері де қажет болар еді. Алайда, қазіргі таңда физика (химия, биология және т.б.) кабинетінде тым болмағанда бір компьютер мен видеомагнитофонның өзі барлық мектерде табыла бермейді.

Қазіргі таңда мұғалімге қажетті әдістемелік материалдармен қамтылған оқыту бағдарламаларының әр алуан түрі бар. Әр бағдарламаның өз кемшілігі болғанымен, олардың бар екендігінің өзі бұл бағдарламалардың қажет жән құнды екендігінің айғағы.

Әртүрлі көрнекі материалдар, мультимедиалық және интерактивті модельдер оқыту процесін жаңа деңгейге көтерді. Психологиялық факторды да есептен шығаруға болмайды: қазіргі балаларға ескірген сызбалар мен кестелердің көмегіне жүгінгеннен ақпаратты осындай формада қабылдау әлдеқайда қызығырақ. Компьютерді сабақта қолдану кезінде ақпарат жай сурет ретінде емес, видео және дыбыспен қатар ұсынылатындықтан материалды меңгеру тиімділігі анағұрлым артады [3-4].

Оқыту бағдарламаларының интерактивті элементтері материалды меңгерудің пассивті түрінен активті түріне өтуге мүмкіндік береді, себебі оқушы құбылыстар мен процестерді өз бетінше модельдеуге, ақпаратты жай қабылдамай, қажет болған жағдайда қайталап оқуға, виртуалды тәжірибені берілген бастапқы параметрлермен немесе басқа параметрлермен қайта жасауға мүмкіндік алады.

Оқушылардың шығармашылық әрекетін арттырудың бір формасы ретінде курстың қандайда бір тақырыбын оқуда қолданылатын мультимедиалық презентацияны бір оқушының немесе оқушылар тобының құруын ұсынуға болады.

Бұл жерде әрбір оқушы материалды ұсыну тәсілін, слайдтың жасалуы мен дизайнын өз бетінше таңдауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар материалды көрнекі ету мақсатында мультимедианың қолжетімді құралдарының барлығын қолдануға мүмкіндік бар.

Заманауи мектепте компьютер барлық мәселелерді шешпейтіндігі даусыз, ол тек көп қызметті техникалық оқыту құралы ретінде ғана пайдаланылады. Оқу процесі кезінде заманауи педагогикалық технологиялар мен инновациялардың да маңызы зор, олар әрбір оқыушыға білім нәрін жай беріп қана қоймай, бірінші кезекте олардың танымдық белсенділігінің пайда болуына жағдай жасайды.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Білім және XXI ғасыр: Ақпараттық және коммуникативтік технологиялар. – М.: Наука, 1999. – 191 с.

  2. Полат Е.С., Бухаркина М.Ю., Моисеева М.В., Петров А.Е. Білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық және ақпараттық технологиялар. – М.: Академия, 2002. – 368 с.

  3. Стародубцев В.А. Жаратылыстану ғылыми білім беру жүйесіндегі компьютерлік және мультимедиялық технологиялар. – Томск, 2002. – 224 с.

  4. Оспенникова А.А. Болашақ физика пән мұғалімдерін есептерді шешу бойынша оқушылардың қызметін ұйымдастыруда компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы оқыту – Пермь: Перм. гос. пед. ун-т, 2009. – 11 с.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
298
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі