жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Алматы қаласы, аға оқытушысы Айынова А.С.
Бүгінгі таңда басты мәселелердің бірі- әлемдік ақпараттық технологияларды қолдану мен компьютерлік техника негізінде коммуникациялық байланысты дамыту өркениетті мемлекетте кәсіби мамандарды даярлауда ерекше мәнге ие екені бәрімізге мәлім.
ҚР президент Н.Ә.Назарбаев «Халыққа жолдауында»: «Бүкіл әлемдік ақпараттық технологияны және техниканы дамытпай біз жетістікке жете алмаймыз» деген болатын. Шынымен өндірісіті, білім сапасын, мамандардың біліктілігін арттыру үшін сапалы білім қажет. Ол үшін мектептерде, жоғары оқу орындарында, кәсіби орта білім беретін оқу орындарында ақпараттық технологияларды кәсіби және информатика пәнінде оқытуда қолданудың маңыздылығы ерекше.
Үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесi - бұл көп деңгейлiлiгiмен, iзгiлiктiлiгiмен, көпсатылығымен және ашықтығымен ерекшеленетiн динамикалық даму жүйесi.
Компьютерлік технологияларды қолдану, көп ақпаратты білуге, жинақтауға қажет болса, оларды қолдану заман талабы мен өмір ағысына байланысты. Компьютердің барлық мүмкіндіктерін пайдалануға жағдай жасалуы керек.
Оқу процесіне жана информациялық технологияларды енгізу ісі информатикамен тығыз байланысты. Пән ерекшелігіне қарай информатика курсын толығынан компъютерлік негізге ауыстыруға болмайды.
Сондай ақ, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, біздің мақсатымыз салауатты өмiр сүруге тиiмдi қолдану бiлiктерi бар, жеке тұлға дайындау. Бұл үшін жаңа ақпараттық технология жүйелерін пайдалана отырып мамандарды еңбек етуге дайындау мақсатты түрде жүзеге асырылады.
Үздіксіз білім беру жүйесі – еліміздің бәсекеге қабылеттілігін қамтамасыз ететін маңызды сала. Сондықтан осы стратегиялық салада халықаралық стандарттар талабына сай кәсіби мамандар даярлау және халықаралық білім кеңістігіне ену бағытындағы жұмыстарды кең көлемде жалғастыра алады[1].
Тәуелсіз елімізде жастарды бүгінгі күн талабына сай тәлім – тәрбие беруде халқымыздың педагогикалық – ой пікірлерін, жинақталған ұлттық құндылықтарын зерттеп, жүйелеп үздіксіз білім беруде пайдаланудың маңызы бар.
Сондай-ақ, әлемдік жүйе – Ғаламтордың қосылуы қолданушының үлкен ақпаратпен қамтылуымен бірге, өз ақпаратымен бөлісіп, ойын жеткізу үшін қолданылады және де Ғаламтордың бір жетістігі – ол әлемде болып жатқан жаңалықтарды жеткізуші болып табылады. Ізделінген ақпарат жинақталып, топтастырылып берілуі уақытты үнемдеуге, нақты ақпарат алуға, өткен мен болашақтағы болжамдармен танысып, алдыға қойған мақсатқа жету барысында жасалып жатқан жұмыстар туралы мәліметтер алуға болады. Ғаламтор жүйесінің анықтамалықтар, ғылыми және әдістемеліктер ретінде топтастырылуы оны қолдануға жағдай жасайды. Түрлі интерактивті оқыту бағдарламалары және тапсырмалар оқу жүйесінің бұрынғы бейнесін өзгертеді. Оқу кабинетінің өзінде электрондық ресурстардың құрылуына алып келеді. Ол – қағазсыз ақпаратпен танысу, орындау, өзгерту электронды құралдармен жұмыс істеу дегенді білдіреді. Мультимедиялық құралдар арқылы студенттің алған білімін тексеру тек дәстүрлі реферат немесе баяндаманың орнына текст пен суретпен бірге дауыс, фото, графиканы қолдана отырып, материалды ұсыну болып табылады.
Осыған байланысты оқу процесін жаңа ақпараттық технологияларда оқытуды тездету туралы мәселе туындады. Жаңа талаптар көрнекілік құралдарына да қойылып отыр. Бұл талаптар оқу процесінің тиімділігін арттыру мақсатында ең жаңа техникалық құралдарды қамтуға тиіс. Мұнда жоғары техникалық оқу орындарында информатикадан білім беруді, ЭЕМ арқылы, виртуальды зертханалық жұмыстар мен қажетті тәжірибелер қоя отырып оқыту мәселелері, сондай-ақ қазіргі кезеңде ең тиімді әрі сапалы оқыту құралы болған интерактивті тақталарды қолданып, сабақ жүргізу оқушыларды белсенділікке және ізденушілік пен танымдық іс-әрекеттеріне жетелейді. Информатика пәні тікелей эксперименттік ғылым, сондықтан бұл пәннің сапалы оқытылуы үшін мейлінше эксперимент көрнекіліктер, тәжірибелер көп қолданылуы тиіс. Бұл жағдайда үздіксіз білім беру барысында студенттердің танымдық іс-әрекетінің белсенділігін күшейту басты мақсат болып табылады.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қазіргі информатика пәні оқытушыларының біразы АҚТ-ны өзінің кәсіби қызметінде белсенді түрде пайдалана отыра, жекелеген электрондық оқыту құралдарын жасаудан және оларды пайдаланудан тыс қалуы мүмкін емес. Сондықтан да, информатика бойынша электрондық оқыту құралдарының басым бөлігін кәсіби ұжымдар жасауға тиіс екеніне қарамастан, бұл құралдардың біразының авторлары информатиканы оқытуда өз құралдарын енгізетін оқытушылар болып табылатындығы белгілі [2].
Ақпараттық технологияны меңгеруде оқытушының рухани адамзаттық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие үрдісінің тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі. Жаңа ақпараттық технологияларды информатикадан үздіксіз білім беру ретінде қолдану оқытушының дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды.
Қоғамды ақпараттандыру жағдайында информатика пәні үздіксіз білім беру жүйесі төмендегі қағидаларға сүйенеді:
- білім берудің сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және дербестендіру есебінен қоғам мүшелерінің ой-өрісінің даму деңгейін көтеру;
- өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және міндетті емес білім беру жүйесінде қоғам мүшелерінің өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай туғызу.
Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін ақпараттандыру телекоммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас коммуникациялық желілерді жасау және дамытумен тығыз байланысты. Олар:
- ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету процесін жоғары деңгейге жеткізу;
- жасалынған және телекоммуникациялық желілерді біртұтас бүкіләлемдік информациялық кеңістікте интеграциялау;
- біртұтас ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгейдегі ақпараттармен алмасуды қамтамасыз ету;
- білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, қашықтықтан оқытуға мүмкіндік жасау.
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан бүкіл жоғары техникалық оқу орындарында жаңа ақпараттық технологиялар аса қажет.
Ақпараттық технологиялар қолданыстағы оқыту әдістерінің тиімділігін арттыруға ғана қабылетті емес, олар көптеген жұмыстарды атқаруға жарамды: олар оқытуды студенттердің әрекеттеріне жауап беретіндей етіп, бағдарламалаудың мүлдем жаңа мүмкіндіктерін ашады. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. Алынған білім мен дағдылар бұдан әрі көптеген жағдайда қоғамның даму жолдарын анықтайды.
Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелілігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Информатикадан үздіксіз білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыттарының бірі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру саласына енгізу жұмыстары болып саналады.
Ақпараттық технологияларды білім беру жүйесінде пайдаланудың мақсаты оқу процесіне қатысушылардың дер кезінде тиянақты білім алуын қамтамасыз ету және оқытудың жоспарланған сапасына қол жеткізу болып табылады.
Әдебиеттер
1. Степанов А.Н. Информатика: учебник для вузов. Оқулық. – Питер., 2006. - 684 с.
2.Бостанов Б. Б. Болашақ информатика мұғалімдеріне электрондық оқыту құралдарын жасау мен пайдалануды оқытудың әдістемелік негіздері. Авторефераты. – Алматы., 2009.
Summary
In the article is considered to train subjects f essential sciences in informational technology.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген