2018-2019 оқу жылында «№10
жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сі
I жарты жылдық бойынша 3
«Ғ» сыныбының өткізген сынып сағаттары туралы
ақпарламасы
Оқу жылы басында 26 оқушы 11
қыз баламен бастадық.2018-2019 оқу жылына міндеттер айқындалып
тәрбие жоспарлар тексеріліп,бекітілді. Оқушылардың киім киісіне,
күн режіміне бірыңғай талаптар қойылды.Тәрбие жұмыстары төмендегі
бағыттарды қамтыды. І.Қазақстандық патриотизм
және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие ІІ.Рухани-адамгершілік
тәрбие ІІІ.Отбасы тәрбиесі IV.Ұлттық тәрбие V.Еңбек,экономикалық
және экологиялық тәрбие VІ.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық
тәрбие VІІ.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
VІІІ.Дене тәрбиесі және салауатты өмір
салты
Аталған осы 8-бағытқа сүйене
отырып,апта сайын сынып сағаттар өтіліп отырылды. Әрбір мерекелік
күндерде, ашық тәрбие сағаттар өтіліп уақытында есеп тапсырылып
отырылды.
2018-2019 оқу жылы I жарты
жылдық бойынша өткізілген сынып
сағаттары
01.09.2018
Тақырыбы: «Мен өз Отанымның
патриотымын»
Мақсаты: Болашақ ұрпаққа Отанын
сүюге,оны құрметтеп қастерлеуге,өз елін,тегін тарихын білуге
шақыру. Оқушыларға патриттық,эстетикалық,адамгершілік тәрбие беру,
өз ой пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу. Оқушылар Отан
туралы өлеңдер оқыды. Мақал- мәтелдер айтып қызығушылықпен қатысып
отырды. Отан туралы сөзжұмбақ шешіп,сынып сағатына белсенділікпен
қатысып отырды.

03.09.2018
Тақырыбы: «Мен және
отбасым»
Мақсаты: Болашақ ұрпақтың тәрбиелі,
өнерлі болып өсуін және ата-ананың мектеппен тығыз байланысын
арттыру. Отбасы-Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды
ынтымақ пен ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.Оқушылар өз отбасы
туралы қысқаша айта білді. Отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы
туралы. Отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет туралы түсінікті
қалыптастыра білді.

10.09.2018
Тақырыбы: «Ата заңым
айбыным»
Мақсаты: а) Адам құқықтарын сақтау, өз
құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға
дайындық
қабілеттілігін
қалыптастыру.
ә) Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы,
құқықты алаң, оқушының құқығы
мен
міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық
жағдаяттарды құқықтық
тәсілмен
шешуге
үйрету.
б) Оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін
шектеп ұстау міндеттілігі
туралы,
құқықтық нормативтік актілерді орындай,
құрметтей білуге үйрету,
адамгершілікке,
елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа
тәрбиелеу.

17.09.2018
Тақырыбы: «Отан отбасынан
басталады»
Мақсаты:1.Оқушылардың бойына отбасы
туралы айта отырып,тәрбие жайлы түсінік беру.
2. Оқушылардың өмірге адам болып,қалыптасуы отбасынан басталатыны
жайлы түсінік қалыптастыру.
3. Отбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакат, ребус, мақал-мәтел.

24.09.2018
Тақырыбы: «Ана тілін
ардақтайық»
Мақсаты:Оқушыларды өз ана тілін
құрметтеуге,таза сөйлеуге үйрету,өз ұлтына,еліне деген
сүйіспеншілігін арттыру; жас ұрпаққа ана тіліміздің тұғырының мықты
болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқытып үйрету;
қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды топ алдында еркін
сөйлеуге баулу.

01.10.2018
Тақырыбы: «Ұстаз-ұлы
тұлға»
Мақсаты: а) Оқушыларға ұстаз—екінші ана
екендігін түсіндіру. Мерекелерімен құттықтау
ә)Танымдық қабілетін арттыру.Мұғаліммен оқушы арасындағы байланысты
нығайту. б)Айналасына білім,тәрбие ұрығын шашып,адамгершілік
нұрын төгетін
ұлы тұлға ұстазға құрмет көрсету,лебіз білдіру,адамгершілік
қасиеттерге тәр- биелеу. Оқушылардың табиғат туралы
түсінігін анықтау, табиғат – адам өмірінің тірегі екенін оқушы
санасына жеткізу, оқушыларды табиғатты сүюге, оны қорғауға
үйрету.

08.10.2018
Тақырыбы: «Аталар мұрасы-халық
қазынасы» Мақсаты:
а. Білімділік: Аталардан
қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру; ә.
Тәрбиелілігі: Сол сөздерден өнеге алуға баулу.б. Дамытушылығы: Ойын
нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға
үйрету.

15.10.2018
Тақырыбы: «
Еңбек етсең ерінбей, тояды
қарының тіленбей»
Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы
туралы түсініктерін кеңейту.
Еңбектің адам өміріндегі мәні
туралы түсінік беру; еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
22.10.2018
Тақырыбы: «Рухани
жаңғыру»
Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге,
құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге
тәрбиелеу.Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие
беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды
тәрбиелеу.

05.11.2018
Тақырыбы: Жақсылық – жан
азығы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі
жақсылықтар мен жамандықтарды ажырата білуге, жақсыдан үйреніп,
жаманнан жиренуге тәрбиелеу. Оларды бір-бірінен достық қатынаста
болып үлкенді сыйлауға, қоршаған табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін
арттырып, қамқор болуға үйрету. Олардың бір-бірімен шынайы достық
қатынаста болып, қайырымды да иманды болуға баулу. Қойылған
сұрақтарға ойланып толық жауап беруге үйрету. Оқушылардың сөздік
қорын байыту.

12.11.2018
Тақырыбы: Жол тәртібін
білейік, аман-есен жүрейік.
Мақсаты: 1.Жолда жүру ережесін
есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не
үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай
екенін үйрету.
2.Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру.
3.Барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға
тәрбиелеу.

19.11.2018
Тақырыбы: Отбасы-бақыт
мекені.
Мақсаты:
а) «Отбасы» құндылығы туралы
түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге,
отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге
үйрету;
б) отбасының негізі өмірдің
ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы
түсініктерді кеңейту;
в) отбасы тәрбиесінің
мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп,
құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау

26.11.2018
Тақырыбы:Елбасы
күні
Мақсаты:
Қазақтың Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір
жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы
мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат,
шынайы патриот болуға тәрбиелеу; Оқушылардың бойында Елбасына деген
сүйіспеншілік, құрмет сезімін
қалыптастыру;

03.12.2018
Тақырыбы:Мақал –сөздің
мәйегі
Мақсаты: Білімділік: Халық
ауыз әдебиетін пайдаланып, оны орынды қолдана білуге шаршы топ
алдында сөз жүйесін таба білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген
сүйіспеншілігін, қызығушылығын, шешендік өнерін дамыту, ойлау
қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Халық ауыз әдебиетін құрметтеп, оны дамытуға, тіл
мәдениетіне, достық қарым-қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа
өз ұлтын сүюге, халық мәдениетін жақсартуға
тәрбиелеу.

10.12.2018
Тақырыбы:Тәуелсіздік
күні.
Мақсаты:
Білімділік. Оқушыларды Қазақстан
Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, тарихымен, ел ордамыз
Астана қаласымен таныстыру. Еліміздің атақты ақындары, ғалымдары,
ағартушылары жайында мәлімет беру.
Дамытушылық. Оқушылардың дүниетанымын
кеңейту, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін
дамыту.
Тәрбиелік. Болашаққа өз үлесін қоса
білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Патриоттық, эстетикалық
тәрбие беру.

17.12.2018
Тақырып: Тұмаудан сақ
болайық. Мереке күніне түсті.
24.12.2018
Тақырыбы: Жасыл
шырша
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі
туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл – күй ортасын
ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдауға үйрету, хормен және жеке
ән айту. Шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын
қызығушылықпен ырғақты сақтай орындауға
төселдіру.
