400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ақпраттың өлшем бірліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспарлау


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

5.2 Ақпарат және оны өңдеу

Мектеп: №125 ЖОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: З.Агманова

Сынып: 5 Б

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ақпараттың өлшем бірліктері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.1.1-ақпараттың өлшем бірліктерін атап өту

5.2.1.2- ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірліктеріне ауыстыруды жүзеге асыру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар; Ақпараттың өлшем бірліктерін атай алады.

Ақпараттың санын анықтай алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Ақпаратты бір өлшем бірлігінен

басқа өлшем бірліктеріне ауыстыра алады.

Оқушылардың кейбіреуі: Компьютерде ақпараттың өлшем бірліктеріне

талдау жасай алады.

Бағалау критерийі

-Ақпараттың өлшем бірліктерін біледі

-Сандық мәндерді ақпараттың бір өлшем бірлігінен (кбайт, байт, бит) басқа өлшем бірлігіне аударады -Ақпараттың түрлі өлшем бірліктерін бір-бірімен салыстырады


Тілдік мақсаттар



Лексика мен сөз тіркестерінің мысалдарын қамтитын тілдік мақсаттарды анықтаңыз

Ақпаратты өлшеу бірліктерін түгендей алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер

Ақпараттың өлшем бірліктері

Единицы измерения информации

Units of information

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер

Ақпараттың өлшем бірліктері ...

Ақпарат саны ...

Бит – бұл ...

Құндылықтарға баулу



Шығармашылық – тапсырмалар орындау барысында.

Қарым-қатынас жасау, жауапкершілілік – жұптық, топтық жұмыстарда.

Пәнаралық байланыс

Математика, физика – СИ жүйесі, кило,мега, гига, тера қосымшалары, ағылшын тілі, орыс тілі.

Алдыңғы білім

5.2.1.1 әртүрлі формада ақпаратты атап шығу және көрсету


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин


1 Ұйымдастыру бөлімі.

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Жұмыс мазмұны

Топқа бөлу

3

Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

Жылулық шеңбері «Өзіңе тілегенді –басқаларға тілеңіз» (Оқушыларды жылулық шеңберіне жұмылдыру Оқушылар кезектесіп бір – біріне тілектерін айтады)

Өлшем бірліктері аттары (кг, см, т, г, м, км, ц, мг ...) арқылы топқа бөлінеді. Топ бойынша отырады (тақырып ақпараттың өлшем бірліктері болғандықтан математика пәнімен байланыстырып өлшем бірліктермен топқа бөліп отырмын). Әрбір топ «Топта жұмыс жасау ережесін» еске түсіреді (себебі топтық, жұптық, жеке жұмыстарда бір-біріне кедергі жасамас үшін, бір-бірінің жауаптарына құрметпен қарау үшін, жауапкершілікті сезіну үшін, т.б).

Ой қозғау

4

Оқушылардың бұрынғы білімдерін жаңғырту үшін «ой қозғау» әдісін пайдаланып отырмын (тақырып ақпараттың өлшем бірліктері болғандықтан математика, физика пәнідерімен байланыстыру үшін, бүгінгі күннің сабағымен байланыстыру үшін сұрақ қойып отырмын )

-Ұзындықтың өлшем бірліктерін атаңдар?

- Массаның өлшем бірліктерін атаңдар ?

- Ақпарат дегеніміз не?

- Қандай түрлері бар?

-Ақпаратты өлшеуге бола ма?

Вертуальды сұрақ (презентацияда көрсетілген суреттер бойынша ребусты шешу)





(Жауабы: БИТ)











































Презентация

Сабақтың ортасы

20 мин


Сабақ кезеңдері

Жұмыс мазмұны

Сабақтың негізгі бөлімі

Топтық жұмыс

Мәтінмен жұмыс «Джигсо» әдіс арқылы тақырыпты меңгеру

I топ - Ақпараттың өлшем бірліктері.

II топ- Ақпаратты бір өлшем бірліктен басқа өлшем бірліктеріне ауыстыру. (шағын топтарда талқылайды, топтағы сарапшылар ауысып, мәтіннен түсінгендерін бөліседі.) 12 мин

Топтық жұмысты бағалау мақсатында оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін анықтау үшін сұрақтар қою арқылы кері байланыс жасаймын: 3 мин

-Компьютер ақпаратты қалай көреді?

-Ақпараттың өлшем бірлігі не үшін керек?

-Өлшем бірліктер өзара қалай байланысты?

-Ақпаратты үлкен бірліктен кіші бірлікке (байттан битке) ауыстыру процесі қалай орындалады?




Дәптермен жұмыс :

«Insert» әдісі бойынша түртіп алу. 2 мин

Егер ақпарат өлшемін үлкен бірліктен кіші бірлікке (байттан битке) ауыстырсақ, онда көбейту амалын қолдану керек (байттар санын 8-ге көбейтеміз).

Мысалы 8 байт-64 бит, 4 байт-32 бит, 30 байт- 240 бит

Биттен байтқа ауыстыру үшін бөлу амалы қолданылады.

Мысалы: 32 бит:8 бит =4 байт.

64 бит:8 бит= 8 байт

Жұптық жұмыс 3 мин

«Бүгін үйренген нәрсе» әдісі арқылы жұптық жұмыс жасайды.

Тапсырма

Ақпараттың көлемін анықтаңыз және бос ұяшықтарды сандармен толтырыңыз.


Ақпараттың көлемін анықтаңыз және бос ұяшықтарды сандармен толтырыңыз. №

Килобайт түрінде берілген сан

Байт түрінде берілген сан

Бит түрінде берілген сан

1

5 Кбайт

_______байт

_______ бит

2

_______ Кбайт

_______байт

12288 бит

Дескриптор

Білім алушы

- килобайтты байт түріне аударады;

- байтты бит түріне аударады;

- битті байт түріне аударады;

- байтты килобайт түріне аударады.


Бекіту (оқып-үйрену, өзіндік жұмыс, тест)
























Жеке жұмыс 5 мин

«Сұрыптау» жаттығуы бойынша оқушылар жеке жұмыс жасайды.

Тапсырма №1

Ақпаратты өлшеу бірліктерін өсу ретімен орналастырыңыз Терабайт, килобит, мегабайт, гигабайт, килобайт, байт, бит.

Дескриптор:

Білім алушы

- ақпаратты өлшеу бірліктерін өсу ретімен орналастырады.


Тапсырма №2

Берілген өлшем бірліктерін салыстыруды орындаңыз. Белгілерді қойыңыз ( <, >, =)

А саны

ЖАУАБЫ

В саны


16 Бит


2 Байт


1024 КБ


2МБ


2 ГБ


2048 МБ


1ТБ


2000Гб



Дескриптор

Білім алушы

- ақпарат көлемін салыстырады.


Топатағы кейбір оқушыларға http://learningapps.org/651996 - сайттағы тапсырманы орындауды ұсынамын.











Ақпарат көзі

http://expert.atamura.kz/kz/books/207#page/4

































Презентация











Қалыптастырушы бағалауға арналған

әдістемелік ұсыныстар

Информатика

7 сынып(4 бет)















Қалыптастырушы бағалауға арналған

әдістемелік ұсыныстар

Информатика

7 сынып(5 бет)































http://learningapps.org/651996



Сабақтың

соңы

13 мин










Сабақ кезеңдері

Уақыты

Жұмыс мазмұны

Бағалау

6

«Kahoot» ойыны бүгінгі сабақта оқушылардың тақырыпты қаншалықты дұрыс түсінгендігін анықтау үшін керек.


Үй жұмысы

2


«Ақпараттың өлшем бірліктері» оқу және оқулықтан

3-тапсырманы орындаңдар.


Рефлексия

5

«Жетістік» стратегиясы

-Мен жетістікке жеттім...

-Мен бұдан да жақсы жетістіктерге жете аламын, егер...

-Егер мен басынан бастай алсам, онда...





https://getkahoot.com/

https://kahoot.it/



http://expert.atamura.kz/kz/books/207#page/4









Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне сай берілген.

1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

2.Оқушылар дескриптор арқылы бағаланады.

Жеке жұмыста тапсырмаларды жылдам қарқынмен орындайтын оқушыларға интернетте қосымша тапсырмаларды орындауды ұсынамын.

Әрбір тапсырмадан соң оқушылардың жұмыстары бағаланып отырады.

1.Оқушылардың бұрынғы білімдерін жаңғырту мақсатында сұрақтар беріледі. Оқушылардың пікірлерін мадақтау арқылы бағаланады.

2. Топтық жұмыста оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін анықтау үшін сұрақтар қою арқылы кері байланыс жасаймын.

3. Жұптық жұмыстарда оқушының оқу мақсатына жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолданамын.

4. Жеке жұмыс барысында мұғалім әрбір оқушының жұмысына жеке бақылау жүргіземін.

6. «Жетістік» стратегиясы

Шаттық шеңбері арқылы дөңгелене тұрып,бір-біріне жылы сөздер айтып жағымды ахуал туғызады.

Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақталуын ескертемін.

Белсенді оқыту әдістерін қолдану барысында топтық, жұптық жұмыстарда сыйластық таныту, қарым-қатынас жасау қабілеті, өзгелердің көзқарастарына құрметпен қарау, жауапкершілілік құндылықтарын назарда ұстаймын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болдыма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткіздіме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
1303
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі