400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Аққайынға саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы:  Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу
Тақырыбы: «Аққайынға саяхат»
Мақсаты: Балаларды табиғатты аялауға баулу , экологиялық тәрбие беру. Көрнекілік құралдар: табиғаттың балаларға арналған даналық сабақтары атты презентациясы,түрлі-түсті пішіндер,сюжеттік сурет , сандық қақпа , гүлдер , тоты құс , балықтар, су, топырақ, құм, құмшкер, ұя, ағаш, жұмыртқа.
Әдіс тәсілі: сұрақ жауап , сергіту,ойын, тәжірибе,түсіндіру,өлең.
шаттық шеңбер:
Балалар бүгінгі күн ерекше күн . бізге қонақтар келіп отыр олаи болса қонақтармен сәлемдесейік.
Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Ал, қанікей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Тәрбиеші: жарайсыңдар!
Бүгін балалар ұйымдастырылған оқу іс әрекетіндегі тақырыбымыз

« Аққайынға саяхат».

Балалар  сендер отырмас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңдар.

Бір жерінде ыстық

Бір жерінде суық

Бір жерінде күн

Бір жерінде түн

Керемет алып неткен (Жер шары)



-Иә дұрыс айтасыңдар, міне мынау жер шары, пішіні қандай? (Дөңгелек)

Балалар біз қазір сіздермен «Жер шары» ойынын ойнаймыз.

Ойын шарты бойынша мен қолымдағы допты бір балаға лақтырып, «жер шары» деп айтамын қағып алған бала жер шарында кімдер? Нелер? мекедейтінін шапшаң айтып допты кері лақтырады. Мысалы:тәрбиеші  «Жер шары» десе бала «адам» деп жылдам жауап беруі тиіс. Жарайсыңдар балалар!  Адам, құстар,жануарлар, жәндіктер, аңдар, ағаштар, гүлдер, таулар. Бұның барлығын бір сөзбен айтқанда не деп айтамыз? (Табиғат)

Тоғжан

Бұтақтарды сындырмай

Тазалықты сақтаймыз

Гүл өсіріп су құйып

Табиғатты қорғаймыз

Самира

Бақта гүлдер тереміз

Бірге ойнаймыз күлеміз

Міне біздер қандаймыз

Табиғатты қорғаймыз

Аяулым

От та, суда, ауа да

Жан-жануар барлығы

Орман теңіз тауларда

Табиғаттың байлығы

Жандарбек

Табиғат егіз адаммен

Ұқсастық табам содан мен

Мәңгілік болсын егіздер

Жер –Ана , көк теңіздер



Дұрыс айтасыңдар біз бүгін сіздермен осы табиғат ұғымымен тереңірек танысамыз.

Ғажайып сәт

Көгершін әуенмен қалықтап ұшып келіп, хат әкеледі

Экраннан хатты оқу

Табиғат аясындағы ақ қайың ағашынан келіп тұр екен.

Хат

Сәлеметсізбе, құрметті балалар! Мен ақ қайыңмын.

Мен сендерге  жазда жандарыңа сая болатын едім.  Кәзіргі кезде менің қалым нашарлап бара жатыр маған адамдар көңіл бөліп қарамайды. Менің бұтақтарым сынып,сусыз қурап бара жатырмын.  Мен сендерден сұрайтыным маған көмек беріңдерші. Сәлеммен Ақ қайың

Балалар сендер, мейрімді  де  ақылды, сүйкімді  балаларсындар ақ қайыңға көмектесемізбе?

Ендеше Табиғат аясына саяхатқа шығып ақ қайыңға көмектесейік.

 Табиғат аясында жүргенде ережеледі айтып жүру.

Табиғат ананы ластамай тазалықты сақтай біліуіміз керек

Тағы қандай ережелерді білесіңдер?

Тыныштық  сәті:  Табиғат   құбылыстарының   дыбыстарын   тыңдау.

 Тәрбиеші: Балалар  не  естідіңдер?

 Ненің  дыбысы  деп  ойлайсыңдар?

Осы  құбылыстардың  барлығы  табиғат   құбылыстарына  жатады. 

Табиғат – бізді  қоршаған  орта, туған  елім, ауа, күн  мен   жер   және   су,  орман  мен  жануарлар.

Табиғат     екіге  бөлінеді. Ол  тірі табиғат   және өлі   табиғат.

Тірі  табиғатқа:  ағаш,шөп,гүл,адамдар,аңдар,құстар жатады, олар  өседі, дем алады, көбейеді,денесінде жан бар.          

Өлі  табиғатқа: су,тас, құм,ауа  жатады, олар өспейді,дем  алмайды денесінде жаны жоқ.

Бірақ осы тірі табиғат пен өлі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен.Оны мен саяхат барысында  бақылап көреміз. Жерде аңдардың іздері жатады.

Балалар бұл осы тірі табиғаттың бірі аңдардың іздері. Қараңдаршы табиғат аясында неше түрлі аңдар жүреді

Интерактивті тақтадан жердегі аңның ізінің, қай аңдікі екенін түсіндіріп көрсету.

-Балалар қараңдаршы экранда сылдырап ағып жатқан не екен?

-Дұрыс бұл су.

-Ал судың қандай пайдасы бар?

Су- балалар өлі табиғатқа жатады,ал біз адамдар суды ішеміз бізге пайдасы өте көп екен.Демек өлі табиғат пен тірі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен.

Балалар жолда орманда қолтырауын жол жүру ережесін білмей тұр екен, көмектесеміз бе

Сергіту сәті.

Осы сәтте ақ қайыыңды бір бала көріп қалады

Саламатсызба ақ қайың! Саламатсызба ақ қайың! Біз сіздің жіберген хатыңызды алып сізгекөмек берейін деп келдік.

Ақ қайың: Сәлем балалар.Мен сендерден көмек сұрап хат жолдадым.Сендер көптеген тапсырмаларды орындап, маған бұтақтарыма жаңа жапырақтар өсе бастады.Менн сендерге сұрақ қоямын сендер дұрыс жауап берсендер тағы жапырақтарым өседі. 

  • Ағаштарды қайда кездесеміз?

  • Ағаштар не үшін керек?

  • Ағашқа не қажет?

  • Ағаштар неден құралады?

Ақ қайың рахметін айтады.

Ақ қайың біздің балалар 5 бұтақ тал алып келді, әр қайсысы өз санына байланысты тақпақ айтады

1 саны

Біздің үйде бір тауық, Шахаман

Бір жұмыртқа жүр тауып.

Қорада бар бір сиыр,

Бәтіш тәтем жүр сауып. 

2 саны

Екі көзбен көремін, Абылайхан

Екі аяқпен жүремін.

Екі қолым бар менің

Екі құлақ білемін. 

3 саны

Үйімде бар үш қалам, Ерасыл

Үшеуін де ұштағам.

Үш досымды салдым мен

Үш балыққа ұқсаған. 

4 саны

Төрт дөңгелек арбада Ақмарал

Төрт аяқ бар малда да.

Тауыса алмай бидайды,

Төрт тышқан жүр қамбада. 


5 саны Жания

«Бестік» деген бағаны

Бақыт күнде алады.

Бәрі жақсы көреді,

Беске оқыған баланы.

(Сабақ соңында қонақтармен қоштасу)




Міне балалар біз табиғат аясындағы ақ қайыңғада көмектестік. Ендеше саяхатымызды аяқтап балабақшаға оралайық.

Балабақшаға оралу.

- Балалар сендерге саяхат ұнады ма?

- Балалар бізге хат жолдаған не еді?

- Балалар біз табиғат аясында нені білдік?

- Тірі табиғатқа нелер жатады екен?

 

-Ал өлі табиғатқа ше?

 -Ендеше бүгінгі саяхаттан алған білімдеріңізді байқау үшін қазір

«Таңдап алда, атын ата» дидактикалық ойынын ойнауға шақырамын

Ол үшін ғажайып дорбаның ішінен өлі және тірі табиғат бейнелерін таңдап алып,алған заттарыңның атын атап,оларды өзінің тиісті фланеграфқа апарып орналастырасыздар.

Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,

Бір-бір ағаш және гүл егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

Балалар, біз  табиғат  туралы  айттық.   Сендерге  ұнады  ма!   Барлығың  да  бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
435
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі