жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Аққайынға саяхат
Білім саласы:
Таным. Әулеметтік орта.
Бөлімі:
Аппликация
Тақырыбы:
Қажетсіз заттардан гүлдің бейнесін
құрастыру.
Мақсаты:
Балаларды
әртүрлі қажетсіз заттарды пайдаға асыра білуге үйрету. Киндердің,
йогурттың, сіріңкенің және босаған
құтыларынан гүлдің
бейнесін
құрастыра білуге үйрету.
Ой -
қиялын дамыту, саусақ моторикасын
жетілдіру.
Ұқыпты
және таза жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, табиғатты аялау
сезімдерін тәрбиелеу.
Алдын - ала
жұмыс: әртүрлі қажетсіз заттармен таныстырып одан алуан түрлі
бейнелер жасауға
болатынын
түсіндіреді, дайындалған заттарды көрсетіп
әңгімелейді.
Көрнекі
құралдар: киндердің, сіріңкенің, йогурттың қауашақтары, түрлі түсті
қағаздар, сызбалар,
желім, қайшы
және қажетсіз заттан жасалған
үлгілер.
Балалар, бүгін
бізде ерекше күн. Біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Кәне
қонақтармен амандасайық..
Табиғатым тамаша
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап
Жүрейікші жараса
Сәлем саған жер ана
Сәлем сізге қонақтар
Ама есен болайық
Бейбітшілік
қалайық
- Бұл өленде не туралы
айтылған?
Балалар, табиғат ол біздің қоршаған орта.
Табиғаттың сәнін келтіретін орман, құстар, жануарлар, су және т.
б..
- Орманды ластауға бола
ма?
-
Неге?
- Дұрыс айтасыңдар, әдемілікті жоюға біздің
қоршаған табиғатты ластауға
болмайды.
(балаларды орындыққа отырғызу) Тәрбиеші:
Балалар сендер орманда жүру ережесін білесіңдер
ме?
Балалар:- Орманда шуламау
керек.
- Бір - бірінен қалмай жүру
керек.
- Айқайлап өлең айтпау керек, себебі құстар,
аңдар шошып кетеді.
- Бұтақтарды сындырмау
керек.
- Орманға қоқыс тастауға
болмайды.
Тәрбиеші:- Жарайсыңдар, балалар сендер
орманда жүру ережесін біледі екенсіңдер. Олай болса мына сиқырлы
жолдармен орманға саяхатқа
барайық.
- Мына жолдың түсі қандай
балалар?
Балалар:
- Мына жол қызыл
түсті.
- Бұл түс қай жыл мезгілін
білдіреді?
- Бұл түс жаз мезгілін
білдіреді.
- Бұл жол ұзын ба, қысқа
ма?
- Бұл жол
ұзын.
Тәрбиеші:
- Балалар маған күз мезгілінің түсін
білдіретін жолды тауып
беріңдерші?
Балалар:
- Күз мезгілінің жолы
сары.
Тәрбиеші:
- Неге күз мезгілінің жолы сары
түсті?
Балалар:
- Себебі күз мезгілінде ағаштардың
жапырақтары сары
түсті.
Тәрбиеші:
- Мына жол қай
түсті?
Балалар:
- Бұл ақ түсті. Бұл қыс мезгілін
білдіреді.
Тәрбиеші:
- Бұл жол кең бе, әлде тар
ма?
Балалар:
- Бұл жол кең
екен.
Тәрбиеші:
- Ал, соңғы жолдың түсі қандай және неге
ұқсайды?
Балалар:
- Жасыл түсті. Шөптердің түсі
сияқты.
Тәрбиеші:
- Балалар көктем мезгілінде қандай
ерекшеліктер болады?
Балалар:
- Жер беті жасыл шөпке толады, құстар ұшып
келеді. Адамдар жеңіл, жұқа
киінеді.
Ағаштарға бүршіктер шығады. Алғашқы гүл
бәйшешек,
шығады.(Балалар көктем мезгілі жайлы
тақпақтарын айтады.)
-Балалар біз орманға саяхатқа
шығайық.
Балалар «Балабақша» әнімен машинаға мініп орманға барады
(Орманда қоқыстар шашылып жатады.)
-Балалар қараңдаршы орманға қоқыстарды шашып
кетіпті,олай жасауға болады
ма?
- Балалар жоқ қоқыс жәшігіне салып кету
керек. (Балалар қоқысты әр жеке жәшігіне
салады)
Мұнда қажетті заттар бар екен, қоқыстарды
қажетімізге жаратамыз, көзімізді жұмып 1-5 санап балабақшамызға
барайық
Дорбадағы заттарды үстел үстіне
төгеді.
- Балалар, мұнда көп алуан қауашақтар бар
екен (сіріңке, йогурт, киндер қораптары, қағаздар). Мына
қорапшалардан әртүрлі гүлдердің бейнесін жасауға болады. (дайын
үлгілерін көрсету).
- Сендер осындай ойыншықтар жасағыларың келе
ме?
- Олай болса, бүгін гүлдің бейнесін
жасаймыз.
бәйшешек ерекшеліктеріне назар
аудару.
- бәйшешек қандай
гүл?
- пішіні
қандай?
- Неше жапырағы
бар?
- қандай пішінге
ұқсайды?
жапырағын қағазды умаждап жапсырамыз. Гүлді
қарандаштың ұшталған қоқысынан
жапсырамыз.
(Балаларды үстел басына
отырғызу.)
.
Саусақ
ойыны
Балалар қане саусақ бұлшық еттеріне жаттығу жасайық.
Жұмысты неден бастаймыз, ең алдымен гүлге
желім жағып, қарандаштың қалдығын үстіне себеміз. Содан соң
жапырағын(салфетка жапсыру ) қағазды умаждап жұмысын жүргіземіз.
Балалар, сызбаға қарап гүлдің бейнесін
жасаймыз.
Жұмыс орындарыңды таза ұстап және ұқыпты
жұмыс жасаңдар.
Жеке жұмыс жасайды. Сол кезде көмек
көрсету.
Қорытындылау:
- Балалар, біз қайда бардық
?
Ол жақтан не
көрдіңдер?
- Қажетсіз заттардан қандай ойыншықтар
жасауға болады?
- Сендер ненің бейнесін
жасадыңдар?
Жасаған ойыншықтарына сипаттама беріңдер,
бәйшешек қандай гүл?
- Кім тазалық туралы тақпақ
біледі?
Франция
Францияда қоқыспен күресуде зауыттар салынған. Қоқысты қайта өңдеу арқылы 30% алюминий, 50% әйнек, сонша газет қағазын өңдіреді.
Бос бөтелке, сынғанәйнек,
Тоғжан
Жатыр әне әр жерде.
Тастамайық босқа оларды,
Жаратайық
кәдеге.
Қолға алсаң төзіммен, Ақмарал
Жеңіс келер төріңе.
Ішкен сүт пен шырынның,
Бос тастамай қорабын,
Іске жарат,
ерінбе.
Батарейка отырса, Гүлсезім
Лақтырып оны тастама,
Қайта өңдеуге өткізсең,
Кәдеге асар басқа да.
Умаждалған қағаз да,
Аруна
Жап-жаңа боп оралар
Берсеңдер егер оларды,
Қайта өңдеуге, балалар.
Сақтау үшін жер шарын,
Жания
Керек емес көп еңбек.
Пайдаланып тастаған,
Батарейка, қағазды,
Бөтелке мен әйнекті.
Жинап алсаң, сәл терлеп,
Қайта өңдейтін жерге сен,
Тапсырғаның, бұл – көмек!
.
Балалар расымен де үлкен іс
атқарды. «Тазалық - иманның жартысы» дейді үлкендер. Сондықтан,
ақылды, иманды бала болып өсу үшін тазалық керек екен. Солай емес
пе? Балақай, тамсанып жеген тәттілеріңнің қабығын, сынған
ойыншықтарыңды тастамай, қоқыс салатын жерге жинап қою сенің де
қолыңнан келетініне
сенімдімін.
Балалар, сабаққа, барлықтарын жақсы
қатыстыңдар.
Осымен сабағымыз аяқталды. Қонақтармен
қоштасайық.
№66 «Толағай» балабақшасы МКҚК
|
КЕЛІСІЛГЕН № 66 «Толағай» б/б әдіскері __________Ж.Н. Жакипбекова «______»___________2019 ж |
БЕКІТЕМІН №66 «Толағай» б/б меңгерушісі _________Н.О.Онланбекова «____ » ____________ 2019 ж |
|
|
|
«Қарлығаш» ортаңғы тобындағы
ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тақырыбы: «Бауырсақ математика елінде қонақта»
Дайындаған және өткізген
Тәрбиеші: Молдахметова А.М
Нұр сұлтан 2019
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген