400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Аққала

Материал туралы қысқаша түсінік
кіріктірілген сабақ- тіл дамыту мен жапсыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ҰЛАН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ

«ГЕРАСИМОВКА ОРТА МЕКТЕБІ» КММ

«БАЛАПАН» ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫ










«Аққала»

«Айгөлек» тобының кіріктірілген ашық сабағы



.




Тәрбиеші Окапова Лаззат Бекбаевна















Аққала.

Бөлімі; Қоршаған ортамен таныстыру. Аппликация.

Білім беру саласы; Қатынас. Шығармашылық.

Мақсаты;Қыс мезгілі,қысқы ойындар, қар туралы түсініктерін толықтыру,табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Қарды ұстап көру арқылы қардың белгілері туралы білімдерін кеңейту.Қайырымдылық сезімдерін ояту.

Ұйымдастыру кезеңі; Шаттық шеңбері;

Бала,бала,баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа ,

Батамыз да қаламыз.

Балалар,бүгінгі ойын сабағымызды мынадай өлең жолдарымен бастағым кеп тұр.

Аппақ қыстың бояуы

Аппақ қыстың бораны,

Ақ көрпеге орайды

Ақ қар байтақ даланы.-осы өлеңде жылдың қай мезгілі айтылған ?

(қыс мезгілі) . Қыс мезгілінде неше ай бар ? (үш). Атайық-(желтоқсан, қаңтар, ақпан).

Қыста күн қандай болады? (суық,аяз). Балалар қыста қандай ойындар ойнауға болады?

(шаңғы тебу, шана тебу,аққала жасау).Ал енді қыс мезгілі туралы кім тақпақ,жұмбақ біледі? Шанамен зырғып желетін Қыста ғана болады

Шаңғы,коньки тебетін ұстасаң қолың тоңады? (қар).

Аққала жасап ойнайтын Қолы жоқ, сурет салады

Қай мезгіл деп ойлайсың? (қыс). Тісі жоқ,тістеп алады. .(аяз).

Есік қағылып топқа аққала кіреді,көңіл күйі жоқ. –Балалар бізге кім қонаққа келді?( аққала)

-Аққала қайдан жүрсің,неге көңілсізсің?

Аулада жалғыз тұрып жалықтым,дос іздеп жүрмін. Балалар біз аққалаға көмектесе аламыз ба? Аққала бізбен бірге бол.қазір бір амалын табамыз. Топқа ыдысқа салып қар алып келем. Мынау не? (қар). Түсі қандай?(ақ). Қарды ұстап көреді. Қар қандай?(суық).

Билингвальді компонент;қар-снег, снеговик-аққала, зима-қыс.

Аққаланы неден жасайды?(қардан).Қазір біз бөлме ішінде тұрып мына қардан аққала жасай аламыз ба?

-неге? Өйткені жылыда қар еріп кетеді. Ал қар ерісе неге айналады? (суға ).

Бірақ аққала бізді күтіп отыр ғой. –Ал мынау не?(мақта). Мақта қарға ұқсай ма?

-Дұрыс, аппақ және ұлпа.Онда біз аққаланы қардан істеп көрейік.Ол үшін бізге желім,қағаз,қылқалам ,мақта қажет болады.Қазір жұмысқа кіріспес бұрын біраз бой сергітейік. Орнымыздан тұрайық

Алақанды ұрайық

Бір отырып,бір тұрып

Біз демалып алайық.

Жұмыс барысында көмек керек балаларға көмектесем.Болған жұмыстарды аққалаға көрсетеміз.Балаларды мақтаймын. –Балалар енді аққала жалғыз емес,біз оған көп достар жасап бердік .Дайын жұмыстарды аққалаға сыйлайық.Балалар аққаланың да сендерге сыйлығы бар екен.

Қорытынды: Cендерге ойын сабағымыз ұнады ма?:Балалар біз жылдың қай мезгілі туралы айттық? Бізге қонаққа кім келді?

Бізге қонаққа кім келді?Аққаланы неден жасауға болады? Ендеше сендердің алдарыңда қызыл және сары гүлдер жатыр ,кімге ойын сабақ ұнады қызыл гүлдерді әкеліп мына вазаға орналастырайық сонда бізде әдемі гүл шоғы пайда болады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
568
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі