400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Аққала» сабағы. Білім беру саласы: «Валеология». Балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларды қыс мезгілін сипаттау арқылы табиғаттың тамашаларымен таныстыру, жұмбақ арқылы балаларға қысқы табиғат көріністерін танытып, рухани дүниесін дамыту, балалардың саусақ қимылдарын дамыта отырып, ұқыпты таза жапсыруға, Аққала бейнесін қағаз бетіне дұрыс орналастыра білуге үйретіп, қызығушылығын арттыру. Ұқыпты жұмыстарға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Валеология»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Жапсыру

Тақырыбы: «Аққала»

Мақсаты: Балаларды қыс мезгілін сипаттау арқылы табиғаттың тамашаларымен таныстыру, жұмбақ арқылы балаларға қысқы табиғат көріністерін танытып, рухани дүниесін дамыту, балалардың саусақ қимылдарын дамыта отырып, ұқыпты таза жапсыруға, Аққала бейнесін қағаз бетіне дұрыс орналастыра білуге үйретіп, қызығушылығын арттыру. Ұқыпты жұмыстарға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сергіту сәті, қорытындылау.

Көрнекілігі: Қыс көрінісі суреттері, геометриялық дөңгелек пішіндер, үлгілер, желім, қыл қалам, бояулар, слаид көрсету.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

  • Балалар, бүгін күн ерекше, өйткені біздің топқа қонақтар келді. Таңғы сәлемімізді жолдайық:

Күннің көзі ашылды,

Көкке шуақ шашылды.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкен тәрбиенің басы ғой, ал қанекей бәріміз, сәлем дейік үлкенге.

Балалар таңғы лебізін жолдап, келген қонақтармен сәлемдеседі.

Ұйымдастыру іздену

  • Балалар, енді орындарыңа отырып, мына суретке қараңдар, далада қандай өзгерістер бар екен?

  • Видео ролик сендерге ұнады ма?

  • Өз ойын кім айтады?

  • Дұрыс, олай болса мен сендерге жұмбақ жасырамын.

  • Балалар, қыс мезгіліне арналған өлең шумақтарын білесіңдер ме?

  1. Бала.

Не істерін біле алмай, аяз сурет салады.

Бірақ үйге кіре алмай, терезеден қарайды.

2-бала.

Аппақ ұлпа қары бар,

Қаңтардың өз сәні бар.

3-бала

Айналаңа құлақ түр,

Болсаң егер ән ұғар.

Бұрқыратқан ақ қарды,

Көрдіңдер ме, Ақпанды?

Дауысы да тым өктемді,

Борандатып өткенді.

Таңғажайып сәт:

Топқа көңілді әуенмен аққала кіреді:

Мен Аққала, ақ бала

Келіп қалдым бақшаға.

Екі көзім қап-қара,

Көргің келсе сен қара.

  • Саламатсыңдар ма, балалар! Бәрің тамаша болып өсіпсіңдер. Далаға қараңдаршы, қар жауып тұр, таза ауа, балалар далада ойнап жүр. Сендер білесіңдер ме, қыста қандай ойындар бар?

  • Саламатсың ба, Аққала! Балалар шанамен сырғанайды, конки, шаңғы тебеді және қардан аққала соғады.

Аққала сәл мұңайып: жоқ қазір балалар аққала соғып ойнамай қойды.

Сендер даладан аққала көрдіңдер ме?

Тәрбиеші: Аққала, сен ренжіме біз саған балалармен бірге көп аққала жасап береміз, солай емес пе, балалар?!

  • Мен қуаныштымын, балалар маған аққала жасап беретін болды, ал мен балаларға ойын алып келдім.

  • Балалар, аққала бізге «Кім жылдам?» ойынын алып келіпті. Енді аққалаға арнап тақпақ айтып берейік.

4-бала

Көше бойы омбы қар,

Жиналамыз топтала.

Демей бетім домбығар,

Соғамыз зор Аққала.

5-бала

Марал, Зада мақтанып,

Соқтық дейді Аққала.

Мен қызықтап көріп ем,

Аққала емес ақбала.

  • Балалар, біз аққала жасау үшін алдымен мына үлгіге қараймыз, аққаланың денесі қандай геометриялық пішінге ұқсас?

  • Оның қалпағы қандай пішінге ұқсайды?

  • Балалар аққала неше бөліктен тұрады? Қане санайық.

  • Дұрыс айтасыңдар, ең үлкен дөңгелек – аяқ тұсы, ортасы – кеуде жағы, кішкентайы – басы және екі қолы, екі көзі, сәбізден мұрны бар.

Балаларға аққаланы қалай жапсыру керектігін көрсету, яғни төменнен жоғары қарай жапсыру керектігін түсіндіру.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрылымыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Бір отырамыз, бір тұрамыз,

Біз тынығып аламыз.


Балаларды өз орындарына жайғастырып, алдарындағы пішіндерді, желім, қыл қалам, қара бояу және мақталы таяқшаны көрсетіп, қауіпсіздік ережелерін естеріне түсіру. Балалардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру. Оларды тамашалап, жақсы жапсырғандарды мақтап, мадақтау. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

Далада қар жауып тұр, айнала аппақ қар.


Білеміз!


































Жоқ



Иә




















Дөңгелек

Үшбұрыш

1, 2, 3













Сергіту сәтін іс-қимылмен жасайды.



Күтілетін нәтиже:

Түсінуі: Аққаланың дөңгелек пішіндерден тұратынын түсінді.

Жаңғыртуы: Басқа да заттардан аққаланы құрастыруды және қыс мезгілінің боранды болуын білді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
637
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі