400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

"Аққала"-сурет салу

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі Сурет салу. Тақырыбы: «Аққала»
Материалдың қысқаша нұсқасы


Балалар шеңбер болып тұрып,өлең жолдарын айтады.

Жарқын,жарқын үніміз,

Болашақтың күніміз.

Балабақша үйінің,

Жайнап тұрған гүліміз.

- Бүгін бізде сурет салудан «Аққала» атты ашық оқу - іс әрекеті.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр,шешесіңдер ме?

-Иә шешеміз.

Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші сен оны?

-Аққала.

Жарайсыңдар,балалар!

Балалар ,мына суреттерге қараңдаршы,бұл суретте не бейнеленген?

Аққала.

-Аққала қандай пішіндерден құралған екен?

Дөңгелектерден

-Аққаланың түсі қандай екен?

Ақ

-Ал,аққаланы неден жасаймыз?

Қардан.

Жылдың қай мезгілінде жасаймыз?

Қыста.Қардан жасап ойнаймыз.

-Жарайсыңдар,балалар!Сендер аққала туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер.Бүгін біз сурет салу сабағында аққаланың суретін саламыз.Бірақ күндегідей қарандаштармен емес,жаңа тәсілмен саламыз.Ол үшін мен сендерге қағаз беремін,бәріміз бірге осы қағаздарды алақанымызға салып умаждайық.

-Балалар,шаршадыңдар ма?Олай болса сергіту жаттығуын жасайық!

Сергіту сәті

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су болады қолғаптар.

Мен сендерге аққала салынған беттерді таратып беремін,ал сендер осы умаждалған қағаздарды бояуға малып аққаланы бояйсыңдар.

Есік қағылып топқа аққала келеді.Балалармен амандасып болған соң өзінің неге келгенін айтады.

-Балалар,менің достарымның дене мүшелері алмасып кетіп,соны орнына келтіре алмай сендерден көмек сұрап келдім.

Тәрбиеші:-Балалар,аққаланың достарын дұрыс құрастырып беруге көмектесеміз бе?

-Ендеше балалар,алдарыңда таратылған дөңгелектерден аққаланың дене мүшелерін орындарына дұрыстап орналастырыңдар.

Аққала балалар тапсырманы дұрыс орындап шыққан сияқты сен тексеріп көр.Балалар менің достарымның ден мүшелерін дұрыс орналастырыңдар сендерге көп рахмет,менің кетуім керек әйтпесе еріп барамын, үлкен аққаланы бірге ойнауға алып кетейін,ал кішкентай аққалаларды сендерге қалдырайын.Сау болыңдар балалар.

Балалар аққаламен қоштасады.

Балалар, біз бүгін ненің суретін салдық?

-Аққаланың.

-Аққаланы біз мылдың қай мезгілінде жасаймыз?

-Қыста.

-Аққаланың түсі қандай болады екен?

-Денесі қандай пішіндерден құралған екен?

-Аққаланы біз неден жасаймыз?

-Біз бүгін аққаланы қалай боядық?

Сендерге ұнады ма? Жарайсыңдар,балалар!

Осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды.Сау болыңдар!

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қағазды умаждауды.

Игерді:қағазды алақан арасына салып умаждап,оны бояуға малып,қағаз бетіне бастырып,бейне салуды.

Меңгереді: сурет салу техникасын.


















« Өркен» ясли бақшасы





Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Сурет салу.

Тақырыбы: «Аққала»

«Арай» Екінші кіші топ







Тәрбиеші:Беккулова Б.Е.

















2019жыл

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
694
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі