400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Аққала сурет салу

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне, өзара тәжірибе алмасу үшін қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тексерілді"

әдіскер________ Борсынбаева Қ.О.

"___" " _____" 2016 ж.

Дайындаған тәрбиеші: Баймаханова К.А.

№1 кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Күні: 26.02.2016 ж.

1.Білім беру саласы: "Шығармашылық"

Ұйымдастырылған оқу қызметі: "Сурет"

Тақырыбы: "Аққала"

Мақсаты: Балаларға қағазды умаждап, сурет салу техникасымен таныстыру. Қағазды жақсылап алақан арасына салып умаждап, оны бояуға малып, қағаз бетіне бастырып, бейне салуға үйрету. Саусақ қимылдарын жетілдіру. Ұқыптылыққатәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.

Көрнекілігі: ақ түсті бояу, умаждалған қағаз, көк қағаз.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотива-циялық -қозғаушылық

Балалар, қараңдаршы біздерге бүгін қонақтар келіпті. Қане, бәріміз шеңберге тұрып, қонақтармен амандасайық…

Шаттық шеңбері.

Жарқын, жарқын үніміз,

Болашақтың күніміз

Балалық шақ үйінің

Жайнап тұрған гүліміз.

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Хош келдіңіз бәріңіз!





Балалар шеңбер жасап тұрып тәрбиешімен бірге қимылдар жасайды.






Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, шешесіңдер ме?

Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші сен оны                                    

- Жарайсыңдар, балалар!

- Балалар, мына суреттерге қараңдаршы, бұл суретте не бейнеленген?

- Аққала қандай пішіндерден құралған екен?

- Аққаланың түсі қандай екен?

- Ал, аққаланы неден жасаймыз? Жылдың қай мезгілінде жасаймыз?


Иә, шешеміз!




Аққала.



Аққала бейнеленген.


Дөңгелектерден.


Ақ.

Қыста қардан жасап ойнаймыз.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

- Жарайсыңдар, балалар! Сендер аққала туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. Бүгін біз сурет сабағында аққаланың суретін саламыз. Бірақ күндегідей қарындаштармен емес, жаңа тәсілмен саламыз. Ол үшін мен сендерге қағаз беремін, бәріміз бірге осы қағаздарды алақанымызға салып умаждайық.

- Балалар, шаршадыңдар ма? Олай болса сергіту жаттығуын жасайық!

Сергіту сәті:

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су болады қолғаптар.

Мен сендерге аққала салынған беттерді таратып беремін, ал сендер осы умаждалған қағаздарды бояуға малып, аққаланы бояйсыңдар.

Есік қағылып топқа аққала келеді.

Балалармен амандасып болған соң өзінің неге келгенін айтады.

- Балалар, менің достарымның дене мүшелері алмасып кетіп, соны орнына келтіре алмай сендерден көмек сұрап келдім.

Тәрбиеші: 

- Балалар, аққаланың достарын дұрыс құрастырып беруге көмектесеміз бе?

- Ендеше балалар, алдарыңда таратылған дөңгелектерден аққаланың дене мүшелерін орындарына дұрыстап орналастырыңдар.

- Аққала, балалар тапсырманы орындап шыққан сияқты, сен тексеріп көр.

- Балалар, менің достарымның дене мүшелерін дұрыс орналастырдыңдар сендерге көп рахмет, менің кетуім керек әйтпесе еріп барамын, үлкен аққаланы бірге ойнауға алып кетейін, ал кішкентай аққалаларды сендерге қалдырайын. Сау болыңдар балалар.


Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, бақылайды.








Балалар тәрбиешімен бірге сергіту жаттығуын орындайды



Балалар тапсырманы орындауға кіріседі



Балалар аққаламен амандасады.







Иә.


Балалар тапсырманы қызығушылық танытып орындайды







Балалар аққаламен қоштасады.




Рефлексиялық- түзетушілік

- Балалар, біз бүгін ненің суретін салдық?

- Аққаланы біз жылдың қай мезгілінде жасаймыз?

- Аққаланың түсі қандай болады екен?

- Денесі қандай пішіндерден құралған?

- Аққаланы біз неден жасаймыз?

- Біз бүгін аққаланы қалай боядық?

- Сендерге ұнады ма?

Жарайсыңдар, балалар! Осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды. Келген қонақтармен қоштасайық. Сау болыңыздар!


Аққаланың.



Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына толық жауап береді


Күтілетін нәтиже:

Біледі: қағазды умаждауды .

Игереді: қағазды алақан арасына салып умаждап, оны бояуға малып, қағаз бетіне бастырып, бейне салуды.

Меңгереді: сурет салу техникасын.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
5789
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі