400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Аққұс туралы аңыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Аққұс туралы аңыз. Оразбек Бодықов /3-сынып/

Сабақтың мақсаты:

1Білімділік: О.Бодықовтың әңгімесіндегі негізгі ойды ашу, мәтнді дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету.

Дамытушылық: Баланың ой-өрісін, сөздік қорын жетілдіру .

Тәрбиелік: Оқушыларды елжандылыққа, өнерді бағалай білуге, табиғатты сүюге баулу.

Көрнекіліктері: жазушының портреті, плакаттар,түрлі-түсті борлар, үнтаспа, слайд т.б

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың типі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет, дүниетану, музыка, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- оқушылармен сәлемдесу

- оқушыларды түгендеу

- оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа әзірлігін қадағалау

Психологиялық дайындық:

Қолымызды жазайық

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық !

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

-Біз қандай тарауды өтіп жатырмыз ? /Жақсыдан үйрен/

-Үйге қандай тапсырма берілді ? /Әбілхан Қастеев мәтінін оқу, мазмұнын айту /

- Үй тапсырмасын 6-7 оқушыдан сұралады

Жетекші сұрақтар:

1. Әбілхан Қастеев кім ? /Атақты суретші/

2. Әбілхан қай жерде дүниге келген? /1904 ж. Алматы облысында/

3. Әбілханның қандай белгілі суреттерін білесіңдер? / «Түрксіб», «Амангелді», «Жас Абай»т.т./

ІІІ. Жаңа сабақ:

Ой қозғау . Сөзжұмбақ

1/.......... қолы көпке ортақ.

2/ Ұстаздан .............. озар.

3/ Өнерлі бала .......... .

4/ Ата көрген оқ жонар

Шеше көрген тон ............ .

5/ Жігіт адамға ......өнер де аз.







ш

е

б

е

р

д

і

ң





ш

ә

к

і

р

т




с

ү

й

к

і

м

д

і









п

і

ш

е

р








ж

е

т

і









- Сонымен сөзжұмбақтың ортаңғы бөлігінде қандай сөз оқыдық.

-Ендеше, бүгінгі сабақта қазақ халқының Ұлы сазгері Ш.Қалдаяқов туралы баяндалған Оразбек Бодықовтың «Аққұс туралы аңыз» мәтінімен танысамыз.

Автор туралы баяндау:

Оразбек Бодықов – жазушы, Шәмшінің сырлас досы. Шәмші Қалдаяқов жөнінде ең алғаш естелік жазып, Шәмші шығармашылығын зерттеумен айналысып келеді.

- Мәтінді мұғалімнің оқып беруі, мәтіндегі жаңа сөздермен жұмыс.

Сөздік жұмысы:

Тау мүлгіп – тау ұйқыға кетіп.

Көл тынып – көл тып-тыныш күйге түсіп.

Аспан егіледі – аспан жылағандай күйге түседі.

Оқулықпен жұмыс:

- Мәтінді дауыстап оқыту

- Мәнерлеп, тауып оқыту

- Мәтіннің мазмұнын ашу, талдату

1/ Мәтінде не жөнінде әңгіме болады?

2/ Әннің құдіреті дегенді қалай түсінесің?

3/ Берілген сурет туралы не айтасың?

4/ Мәтінді басқаша қалай атар едіңдер?

5/Шәмші туралы не айта аласыңдар?

6/ Шәмшімен Құмсай ауылымен қандай байланысы бар.

Венн диаграмасы :

Мәтін бойынша екі кейіпкерді салыстыра сипаттау


Аққұс

Қарақұс

Өнерлі

Талантты т.т

Іші тар Қатыгез т.т



Сергіту сәті:

-үнтаспадан Шәмшінің әнін тыңдату.

- «Қайталанбас тұлға» атты слайд көрсету

* Дәптермен жұмыс/ ақынның сөзінің мәнін ашып, дәптерге жазғызу/

  • Халқымның жүрегінде мәңгі есімің

  • Сазыңмен тербетеді тал бесігін

  • Қазақтың вальстерін қасиетті

  • Қаныңа Шәмші аға малып бердің !

  • /Р.Темірбаев/

  • Енді саған өшпес, өлмес атақ-даңқтың кезегі,

  • Келгендігін досың түгіл қастарың да сезеді.

  • Кеш болса да, жадырап ақ , еркелеп ақ еліңе,

  • Ұлтымыздың Ұлы өзені, Қалдаяқов өзені !

  • /М.Шаханов/

Ескерусіз қалдырмай әр ісінде,

Асылдарды сыйлайық тірісінде. /Қадыр Мырза-Әлі/


ІҮ.Сабақты қорытындылау

Үнтаспадан Шәмшінің әнін тыңдата отырып, Аққұстың көрінісін бейнелету.


V. Сабақты бекіту.

  • Сонымен балалар, бүгінгі сабақта нені оқып үйрендік, ойымызды қорытындылайық.

  • Әңгіме кестесін құру:

Тақырыбы

Авторы

Мәтін немен ерекшеленеді ?

Мәтіндегі

негізгі ой

Мәтіннен нені ұқтың?


Аққұс туралы аңыз


О.Бодықов

Жақсылық пен

жамандықтың арпалысы

Өнерді бағаламау

Тума талант түбінде жеңеді


Рефлексия:


Нені білемін ?

Нені үйрендім?

Нені білгім келеді ?


-Оқушыларды бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма беру.

О.Бодықов «Аққұс туралы аңыз» мәтінін оқып келу, тақырыпқа байланысты мақал-мәтел жазып келу, мәтін авторы туралы, Шәмші жөнінде деректер жинастыру.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
531
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі