Сабақтың
тақырыбы:
Аққу қаз ертегісіне саяхат
Сабақтың
мақсаты:
Ертегі желісі бойынша оқушылардың
білімдерін пысықтап, ой өрістерін,білім
деңгейлерін көтеру. Түрлі әдістер арқылы
оқушылардың тіл байлығын, қарапайым
математикалық ұғымдарды, еркін сөйлеу
шеберліктерін жетілдіру. Ойлау,қабылдау.
есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ұсақ
қол ептіліктерін дамыту.
Көрнекіліктер:
интерактивти тақта, суреттер,сандар,желім,мақта
І.
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың
назарын танымдық ойынға аудару
Ертегілер
еліне саяхатқа шығамыз. Енді көзімізді
жұмып
1
2 3 шапалақтаймыз
1
2 3 топылдатамыз
Енді
көзімізді ашып, тақтаға қарайық. Қай
ертегіге келдік?
Балалардың
жауабы. Ия,дұрыс айттыңдар, біздер «Жеті
лақ» ертегісіне келдік. Ертегі не туралы
екен.
1
2 3 шапалақтаймыз
1
2 3 топылдатамыз
Енді
көзімізді ашып, тақтаға қарайық. Қай
ертегіге келдік?
Енді
көзімізді ашып, тақтаға қарайық. Қай
ертегіге келдік?
Балалардың
жауабы. Ия,дұрыс айттыңдар, біздер
«Шалқан» ертегісіне келдік. Ертегі не
туралы екен.
Тағыда
көзімізді жұмып
1
2 3 шапалақтаймыз
1
2 3 топылдатамыз
Енді
көзімізді ашып, тақтаға қарайық. Бұл
ертегі «Аққу қаз» ертегісі.
Осы
ертегідегі Машаның інісін аққу қаздар
алып кетіпті. Маша сендерден көмек
сұрайды. Машаның інісін табуға көмектесеміз
бе?
Онда
Машамен бірге жолға шығайық.
Алдымыздан
пешке тап болдық.
Пеш
бізге көмектесші. Аққу қаздар қай жаққа
қарай ұшып кетті?
Ия,
аққу қаздарды көрдім. Сендер маған
отындарымды жинауға көмектесіңдер?
Сонда сендерге айтамын.
Отындардың
көлемі қандай екен?
(Жуан,жіңішке,ұзын,қысқа)
Отындарды
ретімен жина. ( 4 3 1 5 2)
Жарайсыңдар,
балалар. Аққу қаздар алма ағашына қарай
ұшып кетті,ол үшін оң жақ жолмен жүре
беріңдер.
Алма
ағашынада келіп жеттік.
Алма
бізге көмектесші. Аққу қаздар қай жаққа
қарай ұшып кетті?
Ия,
аққу қаздарды көрдім. Сендер маған
алмаларымды жинауға көмектесіңдер?
Сонда сендерге айтамын.
Ағаштағы
алмаларды сана
Олардың
түстерін,пішіндерін ата
Алмаларды
жинап,орнына орналастыр
Жарайсыңдар,
балалар. Аққу қаздар өзенге қарай ұшып
кетті,ол үшін сол жақ жолмен жүре
беріңдер.
Өзенгеде
келіп жеттік. Қатты ыстықтап кеттік.
Өзенге шомылып алайық,балалар.
Бірінші
оң қолымызды,сосын сол қолымызбен
қимылдатайық.Енді екі қолмен бірдей
қимылдатайық. Су астында балықтар көп
екен. Енді балықтарша жүзейік. Оңға,солға
қарай қимылдайық.
Өзен
бізге көмектесші. Аққу қаздар қай жаққа
қарай ұшып кетті?
Ия,
аққу қаздарды көрдім. Сендер өзенге
түскенде байқаған боларсындар балықтар
өте көп. Менің ауларымның ішіндегі
балықтарымды санауға көмектесіңдер?
Сонда сендерге айтамын.
Жарайсыңдар,
балалар. Аққу қаздар мыстан кемпірдің
үйшігіне қарай ұшып кетті, ол үшін оң
жақ жолмен жүре беріңдер.
Алыстан
үйшік көрінді. Үйшіктің төбесі,қабырғасы,терезесі
қандай пішінге ұқсайды? Олардың түстерін
ата? Үйшіктің аяғы бар екен,ол неге
ұқсайды?
Үйшікке
жақындап келіп қараса, Үйшік ішінде
мыстан кемпір отыр, аула ішінде інісі
ойнап отыр, аққу қаздар жур.
Мыстан
кемпір менің інімді босатшы.
Ол
үшін сендер менің тапсырмаларымды
орындаңдар.
Жалмауыз
кемпірдің тапсырмалары
Оң
қолыңда неше саусақ?
Сол
қолында неше саусақ?
Мысықтың
қанша аяғы бар?
Тауықта
қанша аяқ бар?
Бағдаршамның
неше көзі бар?
Мыстан
кемпір: Менің қаздарым аз. Қалғанын
сендер ұрладыңдар,тауып беріңдер?
Балалар,
біздер енді аққу қағаздарды жасап
берейік,әйтпесе Машаның інісін мыстан
кемпір бергісі келмей отыр.
Дайын
шаблонға мақта шапсыру.
Сендердің
аққуларын мыстан кемпірге ұнады.
Маша
інісін алып үйлеріне қайтты. Сендерге
үлкен рақмет айтты.
Жарайсыңдар,
балалар! Маша сендер себетке салып
тәттілер беріп жіберді.
Рахмет,балалар!
Сау болыңдар!
А.Тихоненко
атындағы орта жалпы білім беретін
мектебінің 2018-2019 жылдың 12-20 қараша
аралығында мектепішілік «Балаларға
базарлық» акциясында ұйымдастырылған
«Аққу қаз ертегісіне саяхат» атты
шараның өтуі туралы анықтама
14
қарашада «Жантану» әдістемелік
бірлестігінде «Аққу қаз ертегісіне
саяхат» атты сабақтан тыс шара
ұйымдастырылды.
Мақсаты:
Ертегі желісі бойынша оқушылардың
білімдерін пысықтап, ой өрістерін,білім
деңгейлерін көтеру. Түрлі әдістер арқылы
оқушылардың тіл байлығын, қарапайым
математикалық ұғымдарды, еркін сөйлеу
шеберліктерін жетілдіру. Ойлау,қабылдау.
есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ұсақ
қол ептіліктерін дамыту.
Шараға
барлық оқушылар қатысты. Оқушылар жақсы
белсенділікпен танытып, өз білімдерін
деңгейлеріне сай көрсете білді. Барлық
берілген тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне
қарай қызығушылықпен орындады. Шара
жақсы деңгейде өтті.Оқушыларды шараға
белсендіқатысқаны үшін мақтау
қағаздарымен марапатталды.
Логопед
–мұғалім: А.Каймулдиева