400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Аққу қаздар» ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересектермен қарым- қатынас ережелерін сақтауға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бірінші кіші «Айналайын» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Тәрбиеші:Муканова Д.Д.

Күні: 26.03.2019ж.

Білім беру саласы: Тіл дамыту. Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: «Алғашқы сыңғырлаған тамшылар»

Тақырыбы : «Аққу қаздар» ойыны

Мақсаты: Ересектермен қарым- қатынас ережелерін сақтауға үйрету.

Тәрбиелік: өзге адамға мейірімділікті, қамқорлық қатынасты білдіруге ниеттеуді жалғастыру

Оқыту: өзінің көзқарасын білдіруге үйрету

Дамытушылық : ойының мазмұнын түсінуге

Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру,сұрақ жауап, әңгімелесу,ойын.

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, түлкі мен қоян

Сөздік жұмыс:  аққу, қаз.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Қаңқ, қаңқ, қаздарым,

Тізені сәл бүгіңдер,

Қолды артқа ұстаңдар,

Кәне, қазға ұқсаңдар.

Тектен-текке тұрмайық,

Мойындарды бұрайық,

Бойымызға күш жинап,

Бір тынығып алайық.

Балалар ашық аланда қол ұстасып, шеңбер құрып тұрады. Көңілді күймен балалар қайталайды.

2 Негізгі бөлім. –Балалар, мына суреттерден нені коріп отырсыңдар?

(суретпен жұмыс)

-Бүгін біз, балалар, ерекше әрі қызықты «Аққу мен қаздар» ертегісін ойын арқылы түрлендіреміз.

Қоян қолындағы қораппен кіреді.

-Балалар, бізге қонаққа Қоян келіпті.

Қоян: Сәлеметсіздер ме, балалар? -Сәлем Қоян!

-Қоян, сен бізге не әкелдің?

-Мен мына қорапты тауып алдым, бірақ ішінде не бар екенін білмеймін, ашуға қорқып тұрмын,- дейді қорқақ қоян.

Тәрбиеші: Кәне, маған бер, Қоян, мен ашып көрейін қорапты.

Қоян қорқатын түкте жоқ ішінде аққу мен қаздың баскиімдері.

Балалардан сұрау:

-мынау қандай құстың баскиімі? -Аққу мен қаздың.

Балалар осы қораптан шыққан баскиімдерді киіп, «Аққу- қаздар» ойынын ойнаймыз ба? Балаларға ойын ойнауға келіседі. Бәрі бірдей атсалысып ойнайды.

Сергіту сәті:

Қарлығашқа ұқсайық,

Қане, қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық.


3. Қорытынды: -Балалар, сендерге ойын ұнады ма?

-Бүгінгі іс- әрекемізде қандай ертегімен таныстық? Балаларды жасаған жұмыстары үшін мақтау















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
3638
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі