АҚШ-тың
ең тиімді өнімдері
Табысты
компаниялар жиі сатылымды арттыра
алатын бір өнімге ғана сүйенеді. Бұл
мәлімдеме Coke, Marlboro және Apple iPhone сияқты
танымал брендтерге қатысты. IQ аналитикалық
компаниясының деректеріне және S&P
500 компанияларының тізіміне негізделген
АҚШ-тың ең пайдалы өнімдерінің тізімі
жасалды. Тізімге жеті компания және
жеті жетекші өнім кірді.
Coke,
Marlboro және iPhone брендтері бірнеше себептерге
байланысты ең тиімді болып шықты. Олардың
барлығы дерлік нарық сегментінде
көшбасшы болып табылады, сондықтан
компаниялар ең төменгі соманы өнімге
жұмсап, клиенттерге ең жоғары баға
бойынша сата алады. Соңғы деректерге
сүйенсек, ағымдағы жылдың бірінші
тоқсанында Apple өзінің 37,4 миллион
смартфонын сатты, бұл нәтиже қайталануы
мүмкін. Өнімнің тиімділігіне ықпал
ететін маңызды факторлардың бірі –
жақсы басқару. Зерттеуге, маркетигке
немесе менджментке тым көп ақша жұмсайтын
компания өнімнің өзін бұзуы мүмкін.
Жетінші
орынға ең тиімді өнімдер тізімінде
Garmin nuvi автокөлік навигаторы болды. Өткен
жылы сатудан түсім 1,2 млрд АҚШ долларын
құрады, ал құрылғының үлесі 50%-дан асты.
Garmin GPS навигациялық жабдықтарды өндіруші
болып табылады.
Алтыншы
орында J.M.Smucker Company АҚШ-та танымал кофе
Folgers болды 2012жылы компания 2,3 млрд. Оның
ішінде кофеге Америкалық бөлшек саудамен
сатылатын кофенің барлық маркаларынан
Folgers өткен жылы 12 пайызға жуық нарықтық
үлеспен (2011жылы 13,8пайыздан құлап кетсе
де ) ең танымал болды.Өткен жылы компания
кофенің бағасын 6 пайызға төмендетті,
оның басты себептерінің бірі – компанияның
бәсекелес нарықта болуы. Ол Maxwell House және
Starbucks сияқты брендтермен жарысады.
Бесінші
орында Mead Johnson Nutrition компаниясының
Enfamil балалар сүт қоспалары иеленді,
оларды сату компания өнімдерін сатудың
жалпы көлемінің шамамен 59%-ын құрайды.
Өткен жылы қоспалар $ 2,3 млрд табыс
әкелді. АҚШ-та бұл балалар тағамы
сегментіндегі ең танымал брендтердің
бірі. Crain`s Chicago Business мәліметтері бойынша,
2012 жылы Mead Johnson 15,1% үлесімен АҚШ-тың
балалар нарығында екінші, ал Қытайда
абсолютті көшбасшы болды.
Төртінші
орын әлемге әйгілі «Кока-Кола» сусынына
түсті. 2011 жылдан бастап Coca-Cola және Diet
Coke әлемдегі ең танымал алкогольсіз
сусындар. АҚШ-та олар нарықтың 41,9%-ын
иеленеді. Олар Құрама Штаттарда екінші
болып қалған қарсыластары Pepsi-ден басым
болды. Жалпы алғанда, 2012 жылы Coca-Cola
сатылымы компанияның барлық сатылымдарының
шамамен 48%-ын құрады, ал сатудан түсетін
табыс – компанияның жалпы кірісінің
30%-ы. Coca-Cola компаниясының сату көлемі
өткен жылы 48 млрд долларды, Cola-дан 14,3
млрд долларды құрады, ал бүгінгі күні
Coca-Cola бренді алтыншы ең құнды әлемдік
бренд ретінде танылып, 74,3 млрд долларға
бағаланып отыр.
Үшінгі
орынға Monster Beverage корпорациясының Monster
энергетикалық сусынына түсті. 2012 жылы
қаржы 2,1 млрд АҚШ долларын құрады,
операциялық табыс – 551 млн АҚШ доллары,
сонымен қатар нарықтың 37,2% иеленетін
Monster сусының сатудан түсетін табыс 1.9
млрд АҚШ долларын құрады, осылайша
Monster Red Bull компаниясының негізгі бәсекелесі
болды. Барлығы компания 1,2 млрдқа жуық
сусындарды сатты, олардың 776 млны Monster
болып табылады. Алайда АҚШ-ның азық-түлік
және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
басқармасы өнімнің қандай да бір түрімен
байланысты болуы мүмкін бірнеше өлім
туралы хабар жариялады.
Екінші
орында Philip Morris International компаниясының
Marlboro сигареттері иеленді. Marlboro темекі
өнімінің жылдық сатылымдары 22,8 млрд
долларды құрады. Бұл темекі маркасының
нарықтағы үлесі 42,6%-ға дейін, ал сатудан
түскен табыс – 19 млрд долларға дейін
көтерілген болатын.
Бірінші
орында Apple корпорациясының ең табысты
өнімі – iPhone. Өткен жылы компанияның
халықаралық сатылымы 156,5 млрд долларға
жетті, оның 80,5 млрд доллары брендтік
смартфондарға тиесілі болды. Жыл ішінде
125 миллионнан астам iPhone сатылды. Екінші
ең танымал Apple өнімі - бұл iPad, бірақ
сатылған планшеттердің пайдасы смартфонға
қарағанда әлдеқайда аз.
АМЕРИКА
ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ӨНІМДЕРІ