400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Ақша. Теңге

Материал туралы қысқаша түсінік
ӘРІПТЕСТЕРІМЕ КӨМЕК
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Математика Мектеп:


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4А Шамалар және олардың өлшем бірліктері

Күні: 4-тоқсан Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 1 сынып Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы


Ақша. Теңге

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.1.3.6. 1 тг,2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг монеталармен түрліше төлем жасау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге жөнінде біледі, «ақша», «теңге» ұғымының мағынасын түсінеді, теңгелік монеталарды бір-бірінен ажыратады, ақшаның адам өміріне қажеттілігін түсінеді.

Көптеген оқушылар: монеталарды пайдаланып өрнектер құрастырады

Кейбір оқушылар: ақшаны күнделікті өмірде қолданады

Бағалау критерийлері


«ақша», «теңге» ұғымының мағынасын түсінеді, теңгелік монеталарды бір-бірінен ажыратады.

ақшаның адам өміріне қажеттілігін түсіндіреді.

ақшаны күнделікті өмірде қолданады.

Тілдік мақсаттар

Ақша, монета (тиын), теңге

  • Балалар, сөмкенің ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

  • Ақша туралы не білесіңдер?

  • Ақшаны қайдан алуға болады?

  • Ақшаны ата-анаңа не үшін береді деп ойлайсыңдар?

  • Сөмкенің ішінде қандай ақша бар екенін білгілерің келе ме?

Құндылықтарды дарыту

Топпен және жұппен жұмыс барысында ынтымақтастыққа тәрбиелеу,

Еңбексүйгіштікке баулу.

Пәнаралық байланыстар

АКТ (Электронды оқулық)

АКТ қолдану дағдылары

ЭО-тан тапсырмалар орындату

Бастапқы білім

Қосу кестесі, ақша санау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері 45 минут

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут

Психологиялық дайындық жасау.

Қолыма ішінде 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг-лік монеталары бар сөмке ұстап тұрамын, оны монеталардың дыбысы шығатындай етіп қозғаймын.

  • Балалар, сөмкенің ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

  • Ақша туралы не білесіңдер?

  • Ақшаны қайдан алуға болады?

  • Ақшаны ата-анаңа не үшін береді деп ойлайсыңдар?

  • Сөмкенің ішінде қандай ақша бар екенін білгілерің келе ме?

  • Олай болса, сөмкеге қолдарыңды салып, бір-бір монетадан ғана ала ғойыңдар.

  • Қолдарыңда қандай монеталар бар?

  • Бұл монеталарды не үшін қолдануға болады?

  • Енді осы монеталар бойынша топтарға бөлініп отыра қойыңдар.

Әр топтағы оқушылар өз топтарының атын атайды.

Монеталар салынған сөмке, 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг-лік монеталар

Сабақтың ортасы

35 минут


Кіріспе. Оқушыларға Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге туралы әңгімелеймін. Әр монетаның үстіңгі бетінде ортадағы бедерлі шеңберінде оның құнын білдіретін сан және теңге сөзі жазылады. Ал астыңғы бетінің ортасында елтаңба және төменгі жағында монетаның шығарылған жылы бейнеленген. Монетаның шетін айналдыра «Қазақстан Республикасы» деп жазылған. 15 қараша – ұлттық валюта күні екенін айтамын.

Осыдан соң топтық жұмыс жүргізіледі.

(Т) 1. Монеталарды құнына қарай салыстырады.

2. Монеталарды түрі, түсі, көлемі, жасалған металына қарай салыстырады.

3. «Жартысын тап!» 2 теңгенің жартысын қай сан құрайды? 10 теңгенің ше? 20 теңгенің ше?

4. Жұмыс дәптерінен «Монеталы гүлдер» тапсырмасын орындайды. Гүлдерде әртүрлі монеталардың нешеуі жасырынғанын тауып, бос тор көздерге жазады.

5. Жұмыс дәптерінен 76-беттегі монеталарды өсу ретіне қарай бір сызықпен қосып сызады, берілген заңдылықтарды сақтап, монеталарды орналастырады.

Кері байланыс.

  • Қай монетаның құны ең төмен екен? Құны ең жоғары қайсысы?

  • Монеталардың түрі, түсі, көлемі туралы не айтар едіңдер?

  • Тағы қандай монеталар білесіңдер?

  • Олардың жартысын атап көрейікші.

Бағалау. Әр дұрыс орындалған жұмыс үшін топтар бір-біріне монеталарды сыйлап отырады.

Жұптық жұмыс.

Оқушылар жұптаса отырып, сурет бойынша мысалдар құрайды, оларды шығарады.

3 +1+4=7(т) 4 +1+1=6(т) 2+3+2=7(т)

Жекелеген оқушыларға осы тапсырманы күрделендіріп ұсынамын.

5+10+5 10 + 5+2 5+2+2

Кері байланыс.

  • Монеталармен нелер сатып алуға болады?

  • Дәпттер неше теңге тұрады?

  • Оны алу үшін қандай монеталар ұсынасың?

Бағалау. Жұптар сағат тілі бойынша бір-бірін тексеріп бағалайды.

Барлық оқушыларға ҚБ парағы таратылады.

Дескриптор бойынша тексеріліп, кері байланыс жасалады.

ҚБ парағынан кейін тақтаға мына тапсырма ілінеді. Жекелеген оқушылар орындап мұғалімге тапсырады.

Алма дүкеннен 30 теңгеге нан, 50 теңгеге сүт және 20 теңгеге кәмпит сатып алды. Ол барлық затқа неше теңге төледі?











Топтық тапсырмалар жазылған парақшалар


















Таратпалар

















Сабақтың соңы

5 минут

Пысықтауға берілген сұрақтар:

  • Теңгелік монеталарды өсу ретімен ата.

  • Оларды кему ретімен ата.

  • 10 теңге мен 20 теңгені бірге алса, қанша ақша болады?

  • Монеталарды қандай белгілері бойынша ажыратуға болады?

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақта не туралы үйрендік?

  • Сендерге қай тапсырма ұнады?

  • Қай тапсырманы орындау қиын болды?

  • Ата-аналарың артық ақшаларын банкте сақтайды. Халық Банкі ақша сақтауға арналған депозит түрлерін ұсынады. Егер сендер бүгінгі сабақты өте жақсы меңгердім десеңдер, өз ақшаларыңды «Отбасы» депозитіне, ал егер онша түсінбедім десеңдер, «Нағыз» депозитіне, түк түсінбедім десеңдер, «Оқушы» депозитіне сала қойыңдар.


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Алма дүкеннен 30 теңгеге нан, 50 теңгеге сүт және 20 теңгеге кәмпит сатып алды. Ол барлық затқа неше теңге төледі?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Монетаны аузыңа салма.





Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз





Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
730
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі