жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ
АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ
Ақшалай қаражаттары және олардың элементтері.
- кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:
- ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;
- кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
- есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет.
Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы ақшаларынан, аккредетивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. «Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы» деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.
Ақшалай қаржылар – кассадағы және банк шотындағы ақшалар. Ақшалай қаржыларға нақты ақшалар мен қалпына келтіруге дейінгі жарналар жатады.
Ақшалай қаржылардың ағымы- ақшалай қаржылар мен олардың эквиваленттерінің келуі мен кетуі.
Ақшалай қаржылардың эквиваленттері- қысқа мерзімді, жоғары өтімді салулар, олар ақшалай қаржылардың анықталған сомасына және бағалықтардың өзгеруіне тәуекелге душар ететін салулар.
Ақша баламалары (эквиваленті) – бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды. Сондықтан да оларды кассадағы ақшалар шотында есептемейді. Ақша баламаларын кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың қажеттілігі де жоқ. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.
Овердрафт дегеніміз ұйымның иелігіндегі, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық. Бұл сома қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және кредиторлық борыш ретінде есептеледі. Овердрафт ұйымдар мен кәсіпорындардың банк мекемесі арқылы басқаларға төленген қаржысы есеп айырысу шотындағы қалдық сомадан артық болған уақытта пайда болады. Егер овердрафт үлкен көлемде болатын болса, онда бұл сома ұйымның балансында немесе өз алдына жасалған түсіндірмелі құжатынад бөлек көрсетілуі керек.
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір ұйымның кассасы болады. Кассир – материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады.
Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Кассаға нақты ақша ағымдағы банктік шоттан ақшалай чек негізінде түседі. Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы квитанция беріледі.
Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен акт беруге жазылған өтініштен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен номері, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені – жазумен, тиынды – сандармен көрсетеді.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім берілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: «Сенімхат бойынша» деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостьқа (төлем тізімдемесіне) қоса тіркейді.
Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін құжаттарды бухгалтерия дәл, әрі айқын етіп сиямен немес түтікше қаламмен жазып береді. Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен сыйлықтар төлем тізімдемесі бойынша таратылады, оның қас бетінде (титул) ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.
Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң кассир төлем тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың ата-тегінің тұсына мөртаңба соғады, берілмеген соманы төленбеген жалақы тізіміне енгізеді, тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: «Тізімдеме бойынша ақша таратқан» деген жазу жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.
Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар Кіріс және Шығыс құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол Кіріс және Шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: Кіріс және Шығыс ордерінің толтырылған күні мен номері, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың (жалақы, сыйлықтар, стипендиялар, іссапарға төленген және басқа да шығыстар) нысаналы мақсаты көрсетіледі. Егер ақша қаражаттарының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, Кіріс және Шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырылған күні, номері мен сомасы көрсетіледі. Ал ақшалай қаржыларды түгендеу олардың сақтығын қамтамасыз ету, ақшалай операциялар бойынша операциялардың жүргізілуінің дұрыстығын тексеру мақсатында кәсіпорынның басшысымен бекітілген комиссиямен жүзеге асырылады. Түгендеу кезінде кассадағы ақшалардың және басқа да құндылықтардың нақты бары қаралады. Түгендеуде барлық ақшалай қаражаттар бойынша жүргізілген операциялардың толықтығы, дұрыстығы, нақты іс жүзінде бары және толтырылған құжаттардың дұрыстығы қаралады. Бағалықтардың нақты бары анықталып, құжаттардағы мәліметтермен салыстырылады. Түгендеу тізіміне барлық тексерілген құндылықтар жазылады. Түгендеу нәтижелерін шығарғанда ауытқулар, яғни артықшылықтар немесе жетіспеушіліктер анықталуы мүмкін . Мұндай артықшылықтар кіріске алынуы керек. Ақшалай қаржыларды түгендеу олардың сақтығын қамтамасыз ету, ақшалай операциялар бойынша операциялардың жүргізілуінің дұрыстығын тексеру мақсатында кәсіпорынның басшысымен бекітілген комиссиямен жүзеге асырылады. Түгендеу кезінде кассадағы ақшалардың және басқа да құндылықтардың нақты бары қаралады. Түгендеуде барлық ақшалай қаражаттар бойынша жүргізілген операциялардың толықтығы, дұрыстығы, нақты іс жүзінде бары және толтырылған құжаттардың дұрыстығы қаралады. Бағалықтардың нақты бары анықталып, құжаттардағы мәліметтермен салыстырылады. Түгендеу тізіміне барлық тексерілген құндылықтар жазылады. Түгендеу нәтижелерін шығарғанда ауытқулар, яғни артықшылықтар немесе жетіспеушіліктер анықталуы мүмкін.
Валюта дегеніміз мемлекетпен қабылданған заңдық төлем құралы болып табылатын және айналымда жүретін банкноттар, қазына билеттері және монеталар түріндегі ақша белгілері болып табылады.
Қазақстан Республикасының валютасына: айналымдағы, сондай-ақ, айналымнан алынған немесе алынғалы жатқан, бірақ ауыстырылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің банкілік билеттері түріндегі теңгелер; Қазақстан Республикасындағы банктер мен несиелік мекемелердің шоттарындағы теңгелік қаражаттар; Қазақстан Республикасының валютасындағы бағалы қағаздар – төлемдік құжаттар, қорларға қатысты құндылықтар және басқа да борыштық міндеттемелер жатады.
Шетел
валютасы – бұл шет мемлекеттердің
валютасы. Оған жататындар:
шет
мемлекеттің төлемдік құралы болып
табылатын және айналымда жүретін
банкноттар, қазына билеттері және
монеталар түріндегі ақша белгілері,
сондай-ақ, айналымнан алынған немесе
алынғалы жатқан, бірақ, ауыстырылатын
ақша белгілері; шет мемлекеттің ақша
бірлігінде, халықаралық ақша және
есептесу бірлігінде.
Валюталық операциялар.Қазақстан Республикасының аумағындағы күші бар заңдарға сәйкес барлық валюталық операциялар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы немесе валюталық операциялар жүргізуге Ұлттық Банктің лицензиясын алған банктер және өзге де несиелік мекемелер арқылы іске асырылуы керек. Валюталық операциялар дегеніміз: бұл валюталық құндылықтарға меншік құқығы мен басқа да құқықтардың ауысуымен байланысты, сонымен бірге, төлем құралы ретінде шетел валютасын және шетел валютасындағы төлемқұжаттарын пайдаланумен байланысты операциялар; Қазақстан Республикасына валюталық құндылықтарды әкелу және аудару, Қазақстан Республикасынан валюталық құндылықтардыалып шығужәне аудару; халықаралық ақша аударуды іске асыру. Қазақстан Республикасының 1996 жылы 24 желтоқсанда шыққан «Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу туралы» заңына сәйкес, шетел валютасымен және шетел валютасындағы бағалы қағаздармен жасалатын барлық операциялар ағымдағы валюталық операциялар және капиталдың қозғалысымен байланысты валюталық операциялар деп бөлінеді.
Өкілетті банктерде заңды түлғалар - резиденттермен шетел валютасындағы шоттардың ашылуы, жүргізілуі және жабылуы №266 2000ж. 2 маусымдағы «Қазақстан Республикасының банк клиенттерінің банктік шоттардың ашылу, жүргізілу және жабылу тәртіптері туралы» Нүсқаулықта күрсетілген тәртіпте жүзеге асады. Заңды тұлға - резиденттерінің тауарлар (жұмыс, қызмет) экспорты үшін түсетін валюталық сомасы экспорт күнінен бастап 120 күн ішінде міндетті түрде банк шоттарына кіріске алынуы керек. Заңды түлғалар - резиденттер резидент емес тұлғаға төлем ақы жүргізген кезде үкілетті банкке дүрыс ресімделген құжаттарды (келісім-шарттар, инвойстар, коноссаменттер т.б.) үхынуы тиіс. Өкілетті банктер валюта заңының орындалуын тексеру мақсатында жүзеге асып жатқан валюталық операцияға тиісті қажетті қосымша ақпарат пен құжаттарды талап етуге қүқылы. Ағымдағы валюталық операциялар үкілетті банктер арқылы шектеусіз жүргізіледі. 2001ж. 31 наурызда №88 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасымен бекітілген 1996ж. 24 желтоқсандағы «Валюталық реттеу туралы» Заңға және «Капитал қозғалысымен байланысты валюталық операцияларды тіркеу ережелеріне» сәйкес капиталдың резидент еместен резидентке қозғалысымен байланысты Қлоперацияларды жүргізу мен есебін ұйымдастырудың тәртіптері бекітілген.
Қолданылған әдебиеттер:
1) Bigox.kz
2) eBooks.semgu.kz
3) Examenna5.net сайттары

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген