жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Ақшамен емес адаммен достас"
Білім беру саласы: Әлеумет.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Психология.
Тақырыбы: «Ақшамен емес адаммен достас».
Мақсаты:
-
балаларға ақша туралы түсінік беру, ақшаның адамға жақсы және жаман жағынан әсерін түсіндіру;
-
ақшаның адам өміріндегі рөлін ашып түсіндіру, ақшаға ұқыпты болуды, ақшаның еңбекпен келетінін, оңай келген ақша, оңай жоқ болатынын, ақшаға құнықпау керектігін түсіндіру, балалардың қойылым ойындары тәжірибелерін байыту, өз ойын айта білуге, өзгелердің пікірін тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру;
-
адамгершілік ережелері тұрғысынан бағалай білуге, адамның теріс қылықтарын көре білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта қағаз ақшалар, тиын ақшалар, тақырыпқа байланысты түрлі слайдтар және көрініске қажетті атрибуттар, жинақ сандықшасы (копилка).
Алдын ала жүргізілген жұмыс: көріністі таныстырып, балалармен дайындау.
Күтілетін нәтижесі:
Жаңғыртады: диалогты түрде сөйлей біледі, ақшаның қандай қажеттілікке жұмсалатындығын;
Түсінеді: ақшаны үнемдеп жұмсау керектігін, адамның теріс қылықтарын, адамгершілік нормаларын түсінеді;
Қолданады: өз сезімдерін әңгімелеп айта біледі, жеке шығармашылық қабілеттерін танытады.
Сөздік жұмыс: үнемдеу, құнығу, пайда, сауда-саттық, тауар.
Билингвальді компонент: ақша-деньги-mоney.
Психолог балаларды шаттық шеңберіне ортаға шақырады.
-Балалалар бүгін мен сендермен қайта кездескеніме өте қуаныштымын.
Шаттық шеңбері
Қуанамын мен күнде,
Таң арайлап атқанда.
Күн шуағын төгіп бір,
Гүл жұпарын шашқанда.
Қуанамын мен күнде,
Бұлбұл құстың үніне,
Бейбіт елге мол шуақ,
Сәлем бердік сіздерге.
Жұмбақ-ойын: «Дыбыстарды ажырат»
Балаларға аудио үнтаспадан ақшаның сықырлаған және тиынның сыңғырлаған дыбысын шығару.
-Балалар бұл ненің дыбысы?
Дұрыс айтасыңдар балалар.
Балаларға копилкадағы метал теңгелерді төгіп көрсетеді.
Аудиотаспадан ақшаның және тиынның дыбысын естіп, жұмбақтың шешуін табады.
Жауабы – теңге. Балалардың жауабы
Бүгінгі оқу қызметіміз адам өміріндегі ақшаның маңызы туралы болмақ.
-Осы ақшаны қайдан алуға болады?
Ата-аналарың жұмыс істегені үшін айлық жалақы алады.
-Ақша бізге не үшін қажет?
Ол ақшаны алып, отбасы қаражатына жұмсайды.
-Ақшаны неге жұмсаймыз?
Балалар өз пікірлерін айтады.(Тамаққа, киімге, газға, телефонға, суға т.б.)
Дұрыс айтасыңдар балалар.
-Артық ақшаны қор етіп жинап қою керек «жинақ сандықшаға»
(копилка) металл ақшаларды сала берсеңдер, көп ақша болып жинала береді.
Тіпті көп болса банктерге салып жинақтайды.
Релаксация: «Орманға саяхат».
«Ыңғайланып отырып, көзімізді жұмып, жеңіл тыныс аламыз.
Өздеріңді керемет ақ қар жамылған тып-тыныш орманда жүргендеріңді елестетіңдер. Айнала сондай құлаққа жағымды тып-тыныш, ақырындап қар жауып тұр, бір кезде орманнан тоқылдақ құстың дауысы естілді.Тап-таза ауа кандай керемет.
Балалар көздеріңе елестетіңдерші шыршаның түбінде аппақ қоян отыр екен. Ол қоян сендерді көрді де, аппақ қардың ішінде көрінбей жоқ боп кетті. Жаңа жауған ақ қардың иісімен терең демалыңдар.Енді үйге қайтатын уақыт болды
1,2,3…
Енді ақырындап көзімізді ашайық!»
-Балалар сендер қандай сезімде болдыңдар?
-Нені көз алдарыңа елестеттіндер?
Балалар ыңғайланып отырып, мұқият тыңдап, педагогтің айтқанын көз алдына елестетеді Балалар кезекпен өздерінің сезімдерін айтады.
Мысалы америкада – доллар, Европада - Евро,
Қытайды - юань,
ресейде - рубль,
ал Қазақстанның ақшасы қалай аталады?
Билингвальді компонент: ақша-деньги-mоney.
-Балалар ақшаны ұстағаннан кейін қолды жуу керек. Өйткені ақшаны көптеген адамдар ұстайды. Микробтар болуы мүмкін.
- Балалар ақша болса, оған қажетті заттар сатып аламыз, демалыс орындарына, саябақтарға барамыз, емделеміз, жақын адамдарымызға сыйлық жасаймыз.
Ал ақша болмаса ол да жаман. Өзіңе қажетті затты сатып ала алмайсың.
–Бірақ, балалар ақшаға ешқашан құнықпау керек, ақшаны таза жолмен еңбектеніп табу керек.
Сахналау «Ана сөзі».
-Ал, енді балалар біздің дайындаған көрінісіміз бар.
Көріністі сахналату.
Балалар сендерге көрініс ұнады ма?
Сендер қалай ойлайсыңдар,Ернұрдың кейіпкері дұрыс жасады ма?
Балалар әр жасаған тірлігімізге отбасымыздан ақша сұраған дұрыс па?
Көріністегі бала ақшаға не істеп кетті?
Дұрыс айтасыңдар балалар кейіпкеріміз ақшаға құнығып кетті.
Сергіту сәті:
Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын:Аукцион.
Аукцион деген не?Оны мына көріністен көрейік.Бір сатушы,екі сатып алушы көрініс көрсетеді.
Сатушы қоянды құлағынан ұстап алып «Қоян сатамын,әдемі қоян,семіз қоян»-дейді.Бір бала келіп қоянды әрі-бері қарап «қояның қанша»-дейді.
-10теңге
-жарайды алайын деп тұрғанда екінші бала келіп қоянның бағасын сұрайды.Қоян 10 теңге бірақ сатылып қойды дейді.Екінші бала ендеше мен 20теңге беремін дейді.Сатушы онда мен саған сатамын дейді.Бірінші бала онда мен 30 теңге беремін дейді.Сатушы бірінші балаға сатпақ болады.Осылайша қоянның бағасын көтере береді.Соңында бір баланың ,ақшасы жетпей,қолын бір сілтеп кетіп қалады.Ал, сатушы саудаға кірісіп кеткені соншалық қолындағы қоянды қашан жібере салғанын білмей қалады.Қоян қайда,қашып кетті деп екеуі де қоянды қуа жөнеледі.
-Міне, балалар аукцион осындай жағдайдан кейін пайда болған екен.Аукцион-бәсеке,сауда деген сөзді білдіреді екен.
Ал,енді балалар біз «Аукцион»ойынын ойнау үшін бізге не қажет екен?Ақша табу үшін сендер де еңбектеніңдер
Казір сендерге мен тапсырма беремін және сол тапсырманы орындауларыңа қарай мен сендерге ақша үлестіріп беремін.Қолдарыңдағы ақшамен «Аукцион»ойынын бастаймыз.Аукционшы сөйлейді.Құрметті қонақтар,сіздер бүгін аукционға қатысып отырсыздар.Бұл аукционда мектепке қажетті заттар яғни оқу құралдары сатылады. Бірінші сатылымға түсетін зат «түрлі-түсті қарындаш»алғашқы бағасы-50 теңге.
Екінші сатылымға түсетін зат «өшіргіш»алғашқы бағасы-20 теңге.
Үшінші сатылымға түсетін зат «қаламсап»алғашқы бағасы-10 теңге осылайша ойын жалғаса береді.
Балалар ойынды біз топта жалғастырайық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген