400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақшаны ұсақтау.

Материал туралы қысқаша түсінік
1тг, 2тг, 5тг, 10тг, 20тг тиындарымен түрлі операцияларды орындайды,монеталарды бір-бірімен салыстырып,күнделікті өмірде қолдана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ: Ақшаны ұсақтау.

Мектеп:81-Ұлықбек атындағы жалпы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні:Кошметова Хулкар

Сынып: 1 «Б» сынып

Қатысқандар-19

Қатыспағандар-0

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

1.1.3.6 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг тиындарымен түрлі операцияларды орындау

1.5.1.2 орынды, бағытты, заттардың арасындағы қашықтықты анықтайтын сандарды, заттарды, тауар бағасын/терминдерді салыстыруда қолданылатын ұғымдарды қолдану


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады

1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг тиындарымен түрлі операцияларды орындайды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады

Монеталарды бір-бірімен салыстырып, күнделікті өмірде қолдана алады

Кейбір оқушылар орындай алады

Орынды, бағытты, заттардың арасындағы қашықтықты анықтайтын сандарды, заттарды, тауар бағасын/терминдерді салыстыруда қолданылатын ұғымдарды қолданады

Тілдік мақсат

Оқушылар игереді:

Ірі соманы ұсақтармен ұсату процесін түсіндіреді .

Пәндік лексика және терминология:

Ұсақтау

Диалог/жазу үшін қажетті сөздер

Талқылау:

Құны 20 теңгелік монета қандай моне­т­алардан­ артық, қандай монеталардан кем?

20 тг алу үшін неше 1 теңгелік монета керек?

10 тг алу үшін неше 5 теңгелік монета керек?

Алдыңғы оқу:

Ақша, теңге, монеталар жайлы қарапайым білім

Күтілетін нәтиже:

1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг тиындарымен түрлі операцияларды орындайды. Амалдарды таңдауын негіздейді және қосу мен азайтуға арналған есептерді шешу амалын түсіндіреді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

5 минут





Ортасы

25 минут
































Соңы

15 минут

Ширату: “Монеталар пойызы” ойыны

Кіріспе тапсырма.

Сабақты оқушылардың сауда жасау тәжірибесін анықтау мақсатында сұрақтар қоюдан бастаймын.

Кім дүкенге барып көрді?

Сендер дүкенге барғанда не істедіңдер? (Са­тушыдан тауар алдыңдар, ақша бердіңдер, сатушы­ тауарды берді және артық ақшаны қайтарды.)

Біз сатып алатын заттың бағасы қанша тұра­тынын қайдан білеміз?

Қолыңдағы ақшамен заттың құны қанша бол­са, тура сонша монетамен дәлме-дәл төлеуге бола ма? (Үнемі солай төлеуге мүмкіндік болмайды.)

Осындай сұрақтар қоя отырып заттың құны қан­ша болса, сонша ақшамен дәлме-дәл төлеу үшін құны үлкен монеталарды құны өзінен кіші монеталарға­ ұсақтауға болатыны туралы айтамын.

Оқушылар жұбының біреуіне 10 теңгеліктермен­ үш монета, екінші оқушыға бірнеше 1 теңгелік монета таратып беремін. Қолында 10 теңгелік­ монетасы бар оқушылардан құны 17 теңге тұратын затты сатып алу үшін сатушыға 17 теңгені қолындағы монеталармен қалай артық ақшасыз тура санап беретінін­ сұраймын. Оқушылардың ойын тыңдаймын. Оларға бір 10 теңге­лік монетаны көршісінің 1 теңгелік монеталарымен айырбастап алуды ұсынамын. Бір 10 теңгелік монетаны он 1 теңгелік монеталармен­ айырбастап алу дегеніміздің ұсақтау болып табылатынын түсінді­ремін. Екі 10 теңгелік және ұсақталған монеталарды пайдаланып,

17 теңгені қалай алуға болатынын сұраймын­. Оқушыларды он 1 теңгеліктен жетеу санап алып, оны 10 теңгелік монетаға қосып, тура 17 тг төлеуге болады­ деген қорытынды жасауға жетелеймін. Оқулықтағы­ суреттерде берілген 2 теңгелік, 5 теңгелік, 10 теңгелік монеталардың ұсақталу тәсілімен таныстырамын. Суретті талдатамын. 10 теңгелік монетаны ұсақтау тәсілдерін­ сұраймын. 1 теңгеліктерден басқа тағы қандай монеталармен­ ұсақтауға болатынын көрсетемін.

( Ұ) Сурет бойынша түсіндір.

13 теңгені тура қалай төлеуге болатынын суретке қарап талдатамын. Екі 10 теңгеліктің біреуін 1 теңгеліктермен ұсақтап, одан үш монета санап алып, оны қалған 10 теңгелік монетаға қосып санап, 13 теңгені төлеуге болатынын сурет бойынша талдатамын. Осы мысалға сүйене отырып, балалар екі 20 теңгелік монеталардан 30 теңгені қалай алуға болатынын айтып беруі тиіс

( Т)Шығарып көр.

Алдымен 20 теңгені ұсақтаудың бірнеше түрін тап­қызамын. Тапсырманы топпен орындатамын. Әр топтың 20 теңгелікті қандай монета түрлерімен­ ұсақтағанын тексеремін.

50 теңгені төлеу жолдарын­ сыныпта талқылаймын. Оқушылардың көмегімен­ 50 теңгені төлеу жолдарының­ бірнеше түрін табамыз

. Рисунок 1

Дәптермен жұмыс

Кері байланыс:

-Балалар, бүгінгі сабақта сендерге не ұнады?

-Не үйрендіңдер?

Әр оқушыға өзінің өзіндік жұмысын бағалауды ұсынамын.

Сөздер тізбегін аяқта:

Мен_________түсіндім.

Мен енді_______ жасай аламын.

Менің қолымнан_______ келеді.

Менің .......................... білгім келеді





Құны 1 тг,

2 тг, 5 тг,

10 тг, 20 тг болатын монеталар;

монеталар салынған әмиян.









оқулықтағы иллюстрация












монеталар



















оқулықтағы иллюстрация
















Дәптер



Қосымша мәліметтер

Саралау (Дифференциация) – оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?



Қабілетті оқушыға тапсырманы қалайша түрлендіресіз?


Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Оқушылар сабақтың соңында:

монеталарды ұсақтау монеталарға ұсақтай біледі.


Пәнаралық байланыс

математика,

жаратылыс-

тану,

көркем еңбек


Рефлексия:

1.Сабақтың оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?

2.Бүгін оқушылар не үйренді?

3.Оқыту ортасы қандай болды?

4.Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

5. Мен өз уақытымды тиімді пайдалана алдым ба?

6.Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1643
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі