Жаңа жыл- жаңа жыр! (Ақшақардың кебісі)
Жаңа жылға сай безендірілген зал, ортаға әсем музыкамен балалар кіреді.
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Жаңа жыл келді о, міне,
Далама, қалама, жеріме
Шаттыққа бөлеп әр үйді,
Шыға ғой менің төріме.
(Сиқыршы шығады)
Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Міне, мен де сіздердің мерекелеріңізге келдім. Сіздерге жетем дегенше, орманнан өтіп бара жатып жолдан кебіс тауып алдым. (Балаларға көрсетіп) кім жоғалтып алуы мүмкін, білмеймін?
Жүргізуші: Мүмкін, балалардың біреуі жоғалтып алған шығар.
Сиқыршы: Балалар, сендерге қарасам өнерлі балалар сияқтысыңдар?
Жүргізуші: Иә, сиқыршы дұрыс айтасың, расында біздің балалар шетінен өнерлі. Қане балалар өнерімізді көрсетіп, сыйқыршыға ән салып берейікші.
Ән: «Жаңа жылды қарсы алайық»
Сиқыршы: Жарайсыңдар балалар!
Жүргізуші: Сиқыршы, сен кебісті орманнан таптың ба? Демек, орманға бару керек. Жол табу керек. Барлық індерді, апандарды қарау керек. Орманға біз шанамен барамыз. (Балалар орындықтарға отырады, орындықтарды шана ретінде алады) Әуен қосылып, барлығы келе жатады, бір мезетте ортаға Қоян секіріп шығады.
Жүргізуші: Ой мынау не балалар?
Балалар: Бұл, Қоян.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.
Жүргізуші: Қоян сен мына кебістің екінші сыңарын көрген жоқсың ба?
Қоян: Жоқ, көрген жоқпын.
Жүргізуші: Енді, не істейміз?
Сиқыршы: Қазір мен барлық балаларды Ақ Қояндарға айналдырып жіберемін.
Мүмкін біздің балалар мына қоян сияқты болып би билесе кебісті табатын шығармыз (Сиқырлы таяқшасымен балақайларды Қоянға айналдырып жібереді).
Жүргізуші: Қане, қояндар, бірігіп билеңдер кебісті табыңдар.
Би: «Қояндар»
Сиқыршы: Жарайсыңдар балалар, Жақсылап би биледіңдер. Бірақ кебіс табылған жоқ.
Жүргізуші: Жарайды онда ары қарай шанамызға отырып жол тартайық, кебісті табайық. Ары қарай орындарына отырып жолға шығады, жолда сыпырғыш ұстап, аққала жүреді.
Жүргізуші: Мен білемін біздерге анау жүрген Аққала көмектеседі.
Аққала: Сәлеметсіңдер ме, балақайлар!
Мен көңілді Аққаламын.
Ойын - күлкі әкелдім,
Бақыт, қуаныш сыйлаймын.
Мықты денсаулықпенен.
Жүргізуші: Қош келдің, Аққала! Біздің басымызға қиындық түсіп, көмек керек болып тұр. Кебістің бір сыңары жоқ.
Аққала: Мен сендерге көмектесемін, бірақ бір ойын ойнап алсақ қалай қарайсыңдар.
Ойын: «Сыйқырлы сыпырғыш»
Ереже: Музыка ойнағанда сыпырғышты қолдарынан қолдарға береді
Музыка тоқтағанда кімде сыпырғыш қалса —
сол кішкене би қимылын жасайды.
Жүргізуші: Ой, балалар жарандар,
Сыйқырлы үйді қараңдар.
Жарығы жанып тұр,
Терезесін қағайық.
Кім тұратынын сұрайық. Тақылдатып көреді
Сиқыршы: Кім екен, Мұнда тұратын?
(Үйінен Ақшақар шығады).
Мұнда Ақшақар тұрады екен!
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер қандай әдемісіңдер. Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.
Жүргізуші: Құрметті Ақшақар, сәлеметсізбе, біз сізді Жаңа жыл мерекесіне шақырамыз.
Ақшақар:Ой, рахмет сіздерге, мен билегенді қатты ұнатамын. Алайда, таңертең орманда түлкімен серуендеп жүріп кебісімді жоғалтып алдым. Сол себептен мен сіздердің мерекелеріңізге бара алмайтын сияқтымын, ренжімеңіздер маған!
Барлығы бір-біріне қарап, қуанып кетеді де
Сиқыршы: Алақай, ал мен таңертең балаларға қонаққа келе жатып, орианнан кебіс тауып алдым, демек балалар біз кебістің екіншісін және кебістің иесін де таптық. Міне, кебісіңді ала ғой Қаршақыз.
Ақшақар: Көп рахмет сіздерге балақайлар.
Жүргізуші: Ақшақар, ал ендеше кебісіңіз табылды, біздің тобымыздың кішкентай ақшақарларының дайындап келген биі бар, бірге билеңіз.
Би:«Ақшақарлар биі»
Ақшақар: Балалар, Аяз ата әлі келген жоқ па?
Сиқыршы: Мен білемін, Аяз ата балабақшаға келеді. Біздің шаңғыларымыз қайда екен? Үйге қайтатын болды. (Балалар жұптасып қатарға тұрады да шыршаны айналады).
Сиқыршы: Балалар біздің шыршамыз әлі жанбай көңілсіз болып тұр ғой. Аяз ата келгенше
(Әуенмен Аяз ата шығады).
Аяз ата: Мен көңілді Аяз атамын.
Құрметті балалар
Сәлеметсіздер ме қыздар мен ұлдар.
Жүргізуші: Мүмкін Аяз атаны би билеп қуантамыз, өнерімізді көрсетерміз.
«Қонжықтар» биі
Жүргізуші: Балалар, біздің шыршамыз көңілсіз, жабырқаулы. Қане барлығымыз бірге үрлеп шыршаның шамдарын жағайық. (Барлығы бірнеше үрлеп шыршаның шамдарын жағады).
Аяз ата: Ақшақар қызым менің қолғабымды көрген жоқсың ба?
Сиқыршы: Қолғап тауып Аяз атадан сұрайды: Аяз ата мынау сіздің қолғабыңыз ба?
Аяз ата: Иә қолғап менікі (Балалар бір - біріне қолғапты беріп, Аяз ата балалардан алуға тырысады).
Ойын: «Қолғапты қуып жету».
Аяз ата: Жарайсыңдар балалар, жылдам екенсіңдер.
Жүргізуші: Қане, балалар барлығымыз бірігіп ән айтайық.
Ән: «Жаңа жыл»
Ақшақар: Аяз ата, балаларға сыйлықтарын беретін кез келді.
Аяз ата: Дұрыс айтасың, мінекей сыйлықтарың (сыйлықтарын таратады).
(Аяз ата, Ақшақар, Сиқыршы өз тілектерін білдіріп, шығып кетеді).
Жүргізуші: Келесі жылы біз сізді сағына күтеміз. Қош болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
“Ақшақардың кебісі”

шағым қалдыра аласыз