400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ақшақарға арналған көйлек.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы


15-ұОқ. АқШАқАРғА АРнАЛғАн КөЙЛЕК

(фольга мен майлықтарды пайдалана отырып сәндік аппликация)

мектеп/мұ:


Күні:

Педагогтің аты-жөні:


сынып/топ:

қатысқандардың саны:

қатыспағандардың саны:


ұОқ-нің оқыту мақсаттары

0.1.3.2. Қуыршақтар мен ойыншықтарға арнап ұлттық бұйымдарды, сондай-ақ, қазақ ою-өрнектерінің желісімен балалардың ойдан шығаруы/шаблон бойынша түрлі бұйымдарды, шырша ойыншықтарын, құттықтау ашықхаттарын, ұжымдық панноларды сәндеу.

0.2.2.2. Бірнеше қабат етіп бүктелген қағаздан геометриялық сәндік элементтерді көбірек қиып алып, геометриялық пішіндерді

(шаршылар, тіктөртбұрыштар, шеңберлер, сопақшалар) ортасынан немесе диаго- наль бойынша қию.

0.2.2.1. Жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан әртүрлі қағаздар).

0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.


Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

-ою жасау үшін фольгадан шиыршық жасай алады;

-желімді пайдалану дағдыларын қолдана алады;

-қайшыны дұрыс ұстап, еркін пайдалана алады;

-қиялдай алады.


Көптеген тәрбиеленушілер:

-фольгамен және қағаз майлықтармен өз бетімен жұмыс істей алады;

-қазақтың халықтық өрнектерінің желісімен панноларды сәндей алады;

-түпкілікті ойын тұрақты сақтап, өзінің әрекеттерін жоспарлай отырып, жұмысын соңына дейін жеткізе алады.


Кейбір тәрбиеленушілер:

-таныс техниканы өз бетімен үйлесімдей алады.


тілдік мақсаттар

дағдыларды дамыту:

-жапсыру жөнінде ойларын ұсыну;

тілдік мақсаттар

-сөзбен түсіндіру арқылы композицияны нақтылау;

-жұмыс әдістері мен кезектілігі жөнінде айтып беру;

-өзінің және өзгелердің жұмыстарын талқылау және түсіндіру;

-түстің, пропорциялық қатынастардың ерекшелігін сөзбен айқындау;

-тақырыпқа қызығушылық тудыратын көркем сөзді тыңдау;

-қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау.

Көптілділік: өрнектер – узоры – patterns.


негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

-сәндік жапсыру, өрнектер, фольга, майлықтар, шиыршық.


талқылауға арналған сұрақтар:

Өрнек дегеніміз не?

Неліктен аязда терезеге өрнектер түседі? Қағазға өрнекті ненің көмегімен салуға болады? Шиыршық қалай жасалады?


Алдыңғы білім

Эстетикалық дағдылар, қоршаған ортадағы сұлулықты көре білу. Жапсыруда қолданылатын түрлі материалдар туралы түсінік. Шиыршық жасай білу.


Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


I. Оң көңіл күй орнату.

0–1 минут

(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату.

Педагог балаларға «Сәлемдесу» тренингін ұсынады.

Музыкалық сүйемелдеу.


II. өмірлік тәжірибені өзектендіру. мақсат қою. 2–5 минут

(ұ) Педагог балаларға сабаққа дайындықтарын тексеруді және кім туралы айтып тұрғанын шешуді сұрайды:

Аязатаның жанында Жүреді әрқашанда.

Бізге жұмбақ жасыратын, Ән айтып, би билейтін Сәнді көйлек киетін

Кім екенін айтыңдар? Бұл – (Ақшақар).

Балалар кім немесе не туралы айтылғаны жөнінде болжамдар айтады. Педагог ҰОҚ-нің тақырыбына тоқталады, алдағы жұмысқа жұмылдырады.

Репродукциялар.


III. ұОқ-нің тақырыбы бойынша жұмыс

6–25 минут

(ұ) Әліппе-дәптердегі иллюстрациялармен жұмыс. Тәрбиеленушілер суретке қарап, Аязатаға Жаңа жылда балаларға кім сыйлық таратуға көмектесетінін айтады.

(Ж) Проблемалық сұрақ: Ақшақардың қалай киінгенін білесің бе? Ол киімін қандай оюлармен әшекейлейді? Досыңмен бөліс!

Педагог фольга мен қағаз майлықтарды пайдалана отырып, Ақшақардың көйлегіне ою салуды ұсынады.

(ұ) саусақтарға арналған жаттығу.

«тату-тәтті саусақтар»

Бұл саусақтар шымшылайды,

(Бас бармақпен және сұқ саусақпен екінші қолымыздың алақанын (немесе анамыздың алақанын) шымшылаймыз).

Мына саусақтар серуендейді.

(Сұқ саусақ пен ортаңғы саусақты екінші қолдың үстімен «жүргіземіз»). Мыналар әңгіме-дүкен құрғанды ұнатады,

(Ортаңғы саусақ пен аты жоқ саусақты қимылдатып, бір­біріне үйкейміз).

Мыналар ұйқыны жақсы көреді.

(Аты жоқ саусақ пен кішкентай саусақты алақанға қысамыз).

Әліппе-дәптер. Тақырып бойынша иллюстрациялық материал.








Музыкалық сүйемелдеу.


Фольга, майлықтар, жай қарындаштар, қайшы, екіжақты скотч, клеенка.

Ақшақар үлгіқалыбы.



Бас бармақ пен кішкентай саусақ жуынғанды сүйеді.

(Бас бармақты айналдыра қозғаймыз).

(ұ, Ж) Аппликацияны орындау технологиясы.

Параққа Ақшақардың үлгіқалыбын жай қарындашпен сызып алу қажет. Осыны негізге аламыз.

Тағам фольгасынан жолақтар қиып, оларды шиыршықтап, Ақшақардың көйлегін әшекейлейміз.

Педагог тәрбиеленушілерге оюлауға қолдануға болатын қазақтың ою- өрнек үлгілерін көрсетеді.

Балаларға ою салу ыңғайлы болу үшін, жай қарындашпен ою-өрнектің сұлбасын сыздырып алыңыз.

Шиыршықтар жолақтардың еніне байланысты болатынына балалардың назарын аудартыңыз. Шиыршықты қалай жасауға болады? Жолақтың ұшын сол қолмен ұстап, оң қолмен бұрау керек. Қолдың бас бармақтары жетектейді.

Аралықтарды ақ түсті майлықтардан жасалған түйіршіктермен толтыра- мыз. «Ирис» тәрізді жібек жіптің қиындыларын пайдалануға болады.

Желімді бейненің ортасынан бұрыштары мен шеттеріне қарай біркелкі етіп, ұқыпты жағу керек. Бұл үшін жаққышты, саусақты, сорғышты пайдалануға болады. Екі шетін саусақпен (бас бармақ пен сұқ саусақ не- месе бас бармақ пен ортаңғы саусақ) ұстап қағаз бөлшектің бетін аударады. Педагог тәрбиеленушілерді жұмысты тез, ұқыпты істеуге, қиюдың тиімді тәсілін пайдалануға, қағазды орынды жұмсауға, жұмыс орнын таза ұстауға бағыттайды.

(ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу техникасы

Бұл жұмысты желімсіз-ақ орындауға болады. Екіжақты скотчтың желімді астарында жапсырма әзірлеуге қажет материал бар.



IV. ұОқ қорытындылау. Рефлексия. 26–30 минут

(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау:

Педагог балаларды өзара бағалауға шақырады.

Педагог рефлексияның бір түрін таңдайды:

  • физикалық (үлгердім – үлгермедім);

  • сенсорлық (өзін-өзі сезіну: қолайлы – қолайсыз);

  • зияткерлік (нені түсіндім, ұғындым – нені түсінбедім, қандай қиындыққа кезіктім);

  • рухани (жақсы – жаман бола бастадым, өзімді, өзгелерді жақсы жаққа өзгерте бастадым).

Балалар шеңбер бойымен «жұмаршақ қарды» (қағаздан жасалған) бір-біріне беріп, ҰОҚ-да қолынан не келгендерін және нені пысықтау керектігін айтады






Қағаздан жасалған жұмаршақ қар.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
1944
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі