400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақтамбердінің ақындығы мен батырлығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық рухани құндылықтарымыз қазақ философиясына, мәдениеттану пәндеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы



Нурмухаметова Карлығаш Шаймуратовна

Құрлық әскерлерінің Әскери институты

Философия пәнінің оқытушысы


Ақтамбердінің батырлығы мен ақындығы


Қазақ хандығы дәуірі кезінен жеткен жыраулар, шешендердің, билердің мол мұрасы халық даналығы болып табылады. Жыраулар заманында елдің болашағы үшін аса маңызды идеяларды көтеріп, әлеуметтік мәні бар өміршеңдік мәселелерді жырлады.

М.Әуезов: «Жырау демек, ақын деу емес, Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Бұның сөз үлгісі, шығармасы толғау. Жыраудың мақсаты, міндеті «не болса сол көңіл ашар» әлдене дерлік сөзді айту емес. Ол заман сын, мезгіл, дәуір болжамын, тарихи оқиғаның мазмұн бағасын сөз қылды. Көбінесе әрі жырау, әрі би болды». Жырау сөзінің этимологиясы жыр айту терминінен шыққан.

Ш.Уалиханов та өз кезегінде: «Жыр дегеніміз – рапсодия. Жырламақ етістігінің өзі белгілі бір әуенмен жырлау мағынасын білдіреді. Дала жырларының бәрі де қобызбен сүйемелдеу арқылы орындалады. Жырдың мазмұны ертеде өткен батырдың өмірі мен ерлік істері туралы болып келеді. Бір жайт: батырдың өмірі мен ерліктеріне қатысты оқығанын, бәрі қара сөзбен баяндалады, ал жыр поэма қаһарманы мен басты кейіпкерлерді сөйлету қажеттігі туған кезде ғана қолданылады», – деп жазды.

Ғалым педагог С.Калиев жалпы жырауларды үш топқа бөліп көрсетеді, тәлімгер жырау, мәмлегер жырау, жауынгер жырау. Жауынгер жырау деген кезде алдымен Ақтамберді жырауды айту парыз деп білемін.

Ақтамбердіні кейбір деректерде Оңтүстіктің тумасы деп көрсетеді, бұл қате пікір. Ақтамберді жырау 1675 жылы Аякөз ауданына қарасты Ақшатау ауылының тумасы деп айтуға толық негіз бар. Тарихта Аякөз төңірегін Найман ішіндегі Сыбан рулары жағалай қоныс тепкен. Оған бүгінгі күні ауыздан ауызға жетіп отырған «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры, «Еңілік – Кебек», М.Әуезовтың «Абай жолы» романында сыбан рулары жайлы деректер молынан кездеседі. Ақтамберді әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туады. Сыбан ішіндегі орташа ғана әулеті бар, қақ-соқта жұмысы жоқ момын адам екен. Бала, сонымен қатар, ертен-ақ “жасы он беске жетіп, кеңеске кірер” күн туатынын, болашақтан үміті зор екендігін жырға қосады. Ақтамбердінің ақындық даңқы мен балуандық, батырлық даңқы қатар шығады. Ақтамбердінің шығарма-шылығына келетін болсақ, оның жырлары 300 жолды қамтиды екен. «Күмбір, күмбір кісінетіп» дейтін толғауы естіген жұртқа шабыт пен қуат береді. Ерлерді рухтандырып, жауынгерлікке, батылдыққа, табандылыққа шақырады. Ерлік пен елдікті жырлаған Ақтамбердінің жырлары батырлар-дың аузынан тастамайтын ұраны болған.

Жырау қиын сәтте мүжіліп, райы қайтып қалған жауынгерлерді өзінің жырымен рухтандырып отырған. Жаулардан елін қорғау ердің ісі екенін түсіндірген. Өзі қалың қолды бастап атойлап жауға шапқан, дара батыр. Бұл жөнінде, атақты тарихшы Құрбанғали Халид: «Ақтамберді қол бастаған қолбасшы, көсем болған. Ақтамберді ақындық пен батырлықты қоса алып жүрген алып» – деп көрсетеді. Қалмақтармен, ойраттармен күресте талай көзге түскен, қанды ұрыстардың талайына қатысқан ол ұйымдастырушылық, қолбасшылық қасиетімен де көзге түскен көрінеді.


Жауға шаптым ту байлап,

Шепті бұздым айқайлап.

Дұшпаннан көрген қорлықтан,

Жалынды жүрек,қан қайнап,

Ел-жұртымды қорғайлап,

Өлімге жүрміз бас байлап.


Жаумен тікелей жауласқан кездерінде шабытпен шығарған өлеңдерінен елім деп еңіреген абзал азаматтың бейнесін танытады. Ақтамберді еркектің өмірге келудегі мақсатын, ердің басты борышын, алдындағы міндетін айқындап берген. Өмірден түйген тәжірбиесі көп қарт жырау өз толғау-ларында ер-азаматтарға ғибрат алар өсиетін айтады.


Мінезді болса алғаның

Одан артық жар барма?

Екі жаман қосылса ,

Күнде жанжал, күнде шу,

Ұяларлық ар барма ?

Білімді туған жақсыға,

Залал қылмыс мың қарға,

Жаман туған жігітке,

Рахатты күн бар ма?

Өз мінін білген жігіттің

Тәлімінде мін бар ма?


Елінің тыныштығын аңсаған кемеңгер ұзақ өмір сүріп 90 жасында дүниеден өткен екен. Баяндыр хан секілді жырау да өмірінің соңғы жыл-дарында кәрілік жетіп өлгенше жаумен шайқасып өлген артақ еді-ау деп күйініпті. Ақтамбердінің сүйегі Аякөз қаласынан 40 шақырым жерде «Жүрек Адыр» деген төбеге жерленген.Ақтамберді жырларынсыз «ерлер философиясын» көзге елестету мүмкін емес сондықтан да жыр жолдарынан үзінді бергенді жөн көрдік.



Күлдір-күлдір кісінетіп,

Күренді мінер ме екенбіз,

Күдеріден бау тағып,

Қамқапты киер ме екеміз?

Құлаты тауға қол салып,

Садақтың оғын мол салып,

Бетпақтан ен бір шөлінен

Төтелеп жүріп жол салып

Қолды бір бастар ма екенбіз?

Майданда дабыл қақтырып ,

Ерлердің жолын аштырып,

Атасы басқа қалмақты,

Жұртына шауып бостырып,-

Күлдір-күлдір кісінетіп

Күлдір-күлдір кісінетіп,

Күренді мінер ме екеміз?!

Күдеріден бау тығып,

Ақ кіреуке киер ме екеміз?!

Жағасы алтын, жеңі жез,

Шығыршығы торғай көз

Сауыт киер ме екеміз?!

Ор қояндай жүгіртіп,

Аш күзендей бүгілтіп,

Жолбарыстай шұбарды

Таңдап мінер ме екеміз?!

Сол шұбарға мінген соң,

Қоңыраулы найза қолға алып,

Қоңыр салқын төске алып,

Қол төңкерер ме екеміз?!

Жалаулы найза жанға алып,

Жау қашырар ма екеміз?!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 желтоқсан
657
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі