АҚТҚ/ЖҚТБ туралы түсінік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

АҚТҚ/ЖҚТБ туралы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
АҚТҚ/ЖҚТБ туралы негізгі және жұқпалы ауру екендігі туралы мәліметтер беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: АҚТҚ/ЖҚТБ туралы түсінік.


Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту


Сабақтың түрі: Аралас сабақ.


Оқыту әдісі: Әңгіме, практикалық.


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсат: АҚТҚ/ЖҚТБ туралы негізгі және жұқпалы ауру екендігі туралы мәліметтер беру.

2. Тәрбиелік мақсат: АҚТҚ-ның жұғу және қорғану жолдарын игеруге тәрбиелеу. Оқушылардың қорғану жөніндегі іс әрекеттерін қадағалау.

3. Дамытушылық мақсат: Оқушыларды АҚТҚ жұқпасымен және ЖҚТБ туралы бар білімдерін әрі қарай дамыта отырып, тәрбиелеу.


Сабақтың басқа пәндермен байланысы: салауатты өмір салты, биология


Көрнекі құралдар: интерактивтік тақта, қосымша әдебиеттер, маркер, ақ қағаз.



1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сәлемдесу

  • Оқушылардан жаңа тақырып бойынша жалпы бар білімін тексеру.



Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіре отырып және тақтаға жазады.

АҚТҚ – адамның қорғаныш тапшылық қоздырғышы.

ВИЧ – вирус иммунодефицита человека.

ЖҚТБ – жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі.

СПИД – синдром приобретенного имунного дефицита.


ЖҚТБ алғаш рет 1981 жылы АҚШ – та тарай бастады, әсіресе ауруларды бақылау орталығы арасында ерекше инфекция санының көбеюін туғызды. Осы уақытқа дейін бұл инфекция тек қана қорғау механизмдері онкоауруларымен зақымдалған немесе иммундық жүйені әлсірететін дәрілерді ішетін адамдарға ғана кездесетін.

Жаңа ауруды негізгі себебі иммундық жүйенің бұзылуы және жетпеуі екені, бұл жетіспеушілік вирус арқылы шақырылған, кейін бұл вирус АҚТҚ (адамның қорғаныш тапшылық қоздырғышы) деп аталды. Вирус 1983 жылы ашылды.

Бәлкім, АҚТҚ ғасырлар бойы қауіпсіз түрде өмір сүріп, тек жаңа қазіргі уақытта агрессивті жағдайға көшкен болар. ЖҚТБ- ні зерттеу әлі күнге дейін жалғасуда, бірақ ең маңыздысы мыналарды білу керек.

ЖҚТБ мәселелері әлі де бірнеше онжылдыққа дейін әлемде сақталады, тіпті оған керек вакцина немесе емдеу жолы табылсада.

АҚТҚ инфекциясын одан ары таратудан аулақ болу үшін жекеленген, қоғамдық, мемлекеттік және халықаралық дәрежеде бірқатар шаралар қолданылады.

АҚТҚ мен ЖҚТБ аралығындағы айырмашылығы.



Айырмашылығы

АҚТҚ

ЖҚТБ

Ұсақ вирус, кәдімгі микроскоппен көруге болмайды

АҚТҚ тудыратын ауру, адам ағзасына кіріп иммундық жүйені бұзады.

Вирустар әр түрлі ауруды тудырады, тұмаудан бастап, ақыр аяғы рактың кейбір түрлерін АҚТҚ – мен зақымдалғанын, яғни вирустың ағзаға кіргенін білдіреді, бірақ ауру әлі байқалмайды.

 

Қазіргі уақытта ЖҚТБ – ге қарсы вакцина немесе дәрі жоқ.

АҚТҚ –нің әсерінен иммундық жүйенің әлсіреуі нәтижесінде ағзада инфекция дамиды, ол оппортунистік деп аталады, ары қарай ол өлімге әкеліп соқтырады.

Оппортунистік инфекция – бұл инфекция (туберкулез, пневмания), асқазан, ішек инфекциялары (диарея, стоматит), бас миының инфекциясы (токсоплазмоз, рак ісіктері, менингит).

 



АҚТҚ инфекциясының таралу жолдары:

    1. Жыныстық

    2. Парентеральдық

    3. Зақымдалған анадан балаға


АҚТҚ қалай таралмайды: амандасу арқылы, жөтеогенде, түшкіргенде, бассейнге, саунаға, дәретханаға барғанда, жәндіктер шағу арқылы, достық сүйісуден, ыдыс-аяқ, киім арқылы, үй жануарларымен қарым-қатынаста, тамақ өнімдері арқылы.


ЖҚТБ – ның алғашқы белгілері (симтомдары)

- салмақтың көп төмендеуі;

- тұрақты жөтел;

- лихорадка (тоңу) және диарея (іш өту).

ЖҚТБ – мен ауыратындар жұқпалы ма?

Адам, АҚТҚ – мен зақымдалғаннан кейін, белгілері бар болса да, жоқ болса да АҚТҚ

басқаға жұғуы мүмкін.


4. Бекіту.


1- жаттығу. «Ой шабуылы»

Оқушыларға «Дененің қандай сұйықтықтарын білесіңдер?» деген сұрақ қойамыз.

Жауап нұсқаларын тақтаға немесе үлкен қағазға жазып қойамыз: қан, тер, сілекей, кіші дәрет, лимфа, қынап ылғалы, ана сүті, жұлын сұйықтығы (сарысу).

Оқушыларға АҚТҚ –мен зақымданған адамда немесе ЖҚТБ – мен науқаста қорғаныштапшылығы қоздырғышы осы сұйықтықтардың барлығында болуы мүмкін екенін және оныңбасқа адамды зақымдауға жеткілікті мөлшері барлық жерде бола бермейтінін түсіндіреміз. Адам организмінде АҚТҚ берілуі мүмкін сұйықтарды тізіп шығамыз және ашып көрсетеміз: қан, шауқат, қынап ылғалы, ана сүті. Жұлын сұйықтығында АҚТҚ –ның жоғары мөлшері болғанымен ол организмнен бөлінбейді, сондықтан күнделікті жағдайда қауіп туғызбайды. Қалған сұйықтықтарда қоздырғыш мөлшері өте төмен және зақымдау үшін жеткіліксіз.


2 – жаттығу. Шағын топтардағы жұмыс.

Оқушыларды 2–топқа бөлеміз. 

Бірінші АҚТҚ қалай берілетінін талқылап, қағазға жазуды, ал екінші топқа АҚТҚ қалай берілмейтінін талқылауды ұсынамыз. Оқушылардың назарын алдыңғы жаттығуда көрсетілген адам организміндегі АҚТҚ берілуі мүмкін сұйықтықтарға (қан, шауқат, қынап ылғалы, ана сүті) аударамыз.

Талқылаудан кейін әрбір топ жетекшілерін таңдайды, ол өз тобының жұмыс нәтижелерін қағазға жазып барлық қатысушыларға көрсетіп, оқып береді. Жауап дұрыс оқылуы үшін жұмыс барысында қағаздың үлкен парақтары мен маркерлер қолданылады.

Әрбір жетекші сөйлеп болған соң, оқытушы басқа оқушылардан жауапты толықтыруларын, өз ескертпелерін айтуын, түзетулер енгізуін сұрайды. Жаттығу соңында оқытушы қорытынды жасайды.


3 - жаттығу Ситуацияляқ есеп:

Әңгіме

Оқушыларға сұрақ

1 әңгіме.

Аяулым сабақтан кейін көкөніс дүкенінде істейді. Ол осы дүкенде істейтін Жанардың ЖҚТБ –мен ауыратынын естіді. Аяулымнын шешесі бұл туралы біліп қойып, Аяулымнын бұл жұмысты тастағанын жөн көреді.

а) Аяулым шешесіне АҚТҚ –нің таралу жолдары туралы нені айтады?

б) Аяулымга жұмысты тастау керек пе?

в) Жанармен бірге жұмыс істей отырып,

Аяулымнын зақымдануының қауіпі қандай

дәрежеде?

2 әңгіме.

Марат 15 жаста, ол ЖҚТБ –ні тудыратын АҚТҚ – мен зақымдалған. Ол ауру болып көрінбейді, бірақ тез шаршайды. Ол мектепке баруын жалғастырғысы келеді, бірақ осы туралы біреуге айту керек пе, соны білмейді.

а) Сендер қалай ойлайсыңдар, Маратқа мектепке баруын жалғастыру керек пе?

б) Бұл туралы ол біреуге айту керек пе?

в) Егер де ол жөніңде сендерге айтса, сендер қалай қарар едіңдер?

г) Егер де Марат сенімен бір партада отырса, АҚТҚ –мен зақымдану қауіпі қандай дәрежеде?


Сабақты қорытындылау:

a. Енді балалар, бүгінгі сабағымыздың қорытындысын шығарып көрейік. бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не еді?.....

b. Бұл тақырыпқа байланысты алдымызға қойған мақсатымыз  орындалды ма, қалай ойлайсыңдар? Бүгінгі сабаққа байланысты қоятын сұрақтарын бар ма? Бүгінгі сабақ сендерге несімен ұнады? Оқушылардың пікірі және түсінбеген жерлерін талқылау.

c. Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.05.2018
1534
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі