400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

А.Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға басқа да оқырмандарға тәрбиелік мәні жоғары,өмірден өз орнын табуға септігін тигізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Үздік сабақ жоспары»

Жамбыл облысы Тараз қаласы

Абай атындағы №26 орта мектебінің

III (базалық )деңгейлік курс бітірген

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Шегебаева Гулжан Муслимовна

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың атауы.

Абайды оқы, таңырқа!

Пәні: қазақ әдебиеті

Мектеп:Абай атындағы №26 орта мектебі

Пән мұғалімі: Шегебаева.Г.М

Күні:

Сыныбы: 6 «А»

Қатысқандар

саны: 25

Қатыспағандар

саны: 0

Сабақтың тақырыбы

А.Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»өлеңі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/Ж.1. Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту;

Б/С. Кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы орындай алады:көркем шығарманың мазмұнын түсінеді, үзінділерді мәнерлеп оқиды;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: өлеңді жатқа айтып, мазмұнын аша алады;

Оқушылардың кейбірі орындай алады: кейіпкерлердің заманауи жаңашылдығын салыстырып баға бере алады.

Бағалау критерииі

- көркем шығарманың мазмұнын түсінеді;

- өлеңді жатқа айта алады;

- өлең мазмұнын аша алады;

- кейіпкерлерді салыстырып баға бере алады;



Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: тақырыбы мен идеясын анықтайды;

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: түсініп жауап береді;

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: оқып білім алу, еңбек ету.

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы және адамгершілікке баулу,білім алу,еңбек ету.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет,музыка.

Алдыңғы оқу

Абайдың өмірі мен шығармашылығы

Сабақ барысы


Жоспарланған уақыт

Сабақ жоспары

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты қима қағаздар арқылы 3 топқа бөлемін.

1- топ «Талап»

2-топ «Қанағат»

3-топ «Еңбек»

«Мозайка»әдісі

Сабақтың ортасы

1-тапсырма. Жеке жұмыс.

Т/Ж. Сұрақ- жауап.

1.Ақын А. Құнанбаев туралы не білесіздер?

2.Ақынның қандай шығармалары бар?

3.Абайдың дана, дара ақын болуына кімдер ықпал етті?

4.Ақынның талантты өнер іздеген жастар туралы қандай өлеңі бар?

Дескриптор

- ақынның өміріне шолу жасайды;

-сұрақтарға жауап береді.

ҚБ. (басбармақ)

2-тапсырма. Топпен жұмыс.

Өлеңді мәнерлеп оқып,тақырыбы мен идеясын анықтайды.

Ақын ғылым іздеген жастар алдына қандай мақсат қоюға тиісті екені туралы қандай мәселе оны қатты толғандырды,деп ойлайсыздар?..

Дескриптор

- өлеңді мәнерлеп оқиды;

- тақырыбы мен идеясын ашады

ҚБ.(басбармақ)

3-тапсырма.Топпен жұмыс.

1-топ. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін Йассауидің «Даналық кітабы» нақыл сөзерімен салыстырыңыздар.

2-топ. Өлеңді композициялық құрылысына талдайсыздар.

3-топ. «Жамандықтан жирен, жақсылықтан үйрен» тақырыбында шағын эссе жазу.

Дескриптор

-ақын шығармаларын салыстырады;

-композициялық құрылысына талдайды;

-эссе жазады.

ҚБ.(басбармақ)

«ПОПКОРН» әдісі













«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі











«ВЕНН диаграмма» әдісі




«Автор орындығы» әдісі

Сабақтың соңы



Кері байланыс





Бүгінгі жетістігім

Себебі

Бүгінгі кемшілігім

Себебі









Саралау – қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау –оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы АКТ мен байланысы.

Барынша қолдау көрсету: Әр түрлі күтілетін нәтижеге байланысты тапсырмаларды

оқушылардың қабілетіне қарай,күрделендіремін .

Орташа қолдау көрсету: тақырып аясында жұптасып постер қорғайды, өз ойын сыни тұрғыда айтуға жағдай жасаймын.

Аз қолдау көрсету: нақтыақпаратты қосымша ақпаратпен салыстырады, мәтін құрайды. Өз бетінше ізденеді.

Дескриптор нәтижесінде оқушыларға қалыптастырушы бағалау жүргізіледі

( басбармақтар арқылы,ынталандыру сөздері,қолдау қошеметтеулер).

Сабақ үрдісінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға мән берілу керек. Интерактивті тақта, аудиожазба қойылады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім ба?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз? )

1. Ақындардың нақыл сөздерін салыстыру.

2. Жаманнан жирену, жақсыдан үйрену.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

1. Түрлі әдіс-тәсілдер қолдану.

2. Аудиожазба көрсету.

Сабақ барысында мен, сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетіні туралы не білдім?

1. Топпен жұмыс баланы ынталандырады.

2. Жұппен жұмыс жеке жұмыс жасауына ықпал етеді.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
991
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі