400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

А.Құнанбаев "Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Үздік ашық сабақты әріптестеріммен бөліскім келді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Үздік ашық сабақ»

Жамбыл облысы Тараз қаласы

Абай атындағы №26 орта мектебінің

III (базалық )деңгейлік курс бітірген

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Шегебаева Гулжан Муслимовна



Қысқа мерзімді жоспар

Күні:

19.03.2018 ж

Сынып:

6 «А»

Пән:

Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:

Абай Құнанбайұлы «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»өлеңі

Жалпы мақсаты:

Оқушылардың Абай Құнанбайұлы туралы білімдері тереңдетіліп, «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңінде бейнеленген аттың мүсіндік портретін, ақынның жылқы малына ұлттық психология тұрғысынан көзқарасын танытады;

Күтілетін нәтиже:

«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңінде бейнеленген аттың мүсіндік портретін, өлшем, ырғақ, ұйқас түрлеріне талдауды игереді;

Түйінді идея:

«Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, өлмей тұғын артында сөз қалдырған,»- деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де, бізбен бірге жасасып келеді;

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер:

«ББҮ» сызба әдісі, сәйкестендіру, мазмұндық талдау, көркемдік ерекшелігіне талдау, кешенді талдау

Дереккөздер, ресурстар

ақын портреті, бүктеме,  ақынның шығармалар жинағы, интерактивті тақта, оқушының дәптері, сызба-кестелер, бағалау парағы, плакат, түрлі-түсті қаламсаптар.


Кезең

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Кіріспе


Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдеседі, оқу құралдарын даярлайды

3 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.


«Жүректен жүрекке» ой сергітуін құрады.


1.Шаттық шеңбері «Қара жорға» биі (2 мин)

2.Топқа Абайдың үш өлеңімен бөлу

3.Бағалау парағын тарату

4.Үй тапсырмасын сұрау

5.Жаңа тақырыбы ( видео)

6. Мәнерлеп оқу

7.Жылқы туралы видео

8.Топтардың постер қорғауы

9.Пысықтау сұрақтары

10.Эссе

Сүйінбай Аронұлы. « Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңін сатылы кешенді талдау. Жаман мен жақсы қасиеттерді жазу.Жазған қасиеттерін « Жақсы-жаман » ойыны арқылы тексеремін.(жағымды қасиеттерге қол шапалақтаймыз, жағымсыз қасиеттерге аяқты топылдатамыз)

Жақсы адам қасиетттері: ешкімді жатсынбайды, сөзіне сақ, елдің ағасы, елдің басшы серкесі, жүзі жылы, сөзі майда, үлкен –кішінің бәріне жақсы, жыл құсындай, алысты жақын етер.

  Жаман адам қасиеттері: көкірегі-көр, көзі-соқыр, жүрер жолдан тал түсте адасушы, өтірікші өсегі көп, іріткі салушы, ел арасын сөзбен бықсытушы, ұрыншақ, тентек, сүйкімсіз, жылқының қотыр болған аласындай, балтаның ұңғысындай, сөзі кесек, өсек-аяң айтып жүреді т.б.


Тұсау

кесер

Слайд арқылы ақын суретін көрсетемін(2 мин)

«ББҮ» сызба әдісі


1-қадам: сызбаны тақтаға және дәптерге сызып толтыру

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім




2-қадам: оқушылармен алғашқы екі қадамды толтырамыз.Не білгіңіз келеді?

3-қадам: оқушылармен мәтінді оқу, бұрыннан таныс және жаңадан танысқан түсінікті табу.

4-қадам: жаңадан алған білімдерімен сызбаның соңғы бағанын толтыру.

5-қадам: екінші баған бойынша қандай сұрақтарға жауап тапқандарын топта талқылау.

Негізгі кезең

«Мағынаны тану» кезеңі. Өлеңді үш топтың оқушыларына кезекпен мәнерлеп оқытамын.

«Түртіп алу» стратегиясы бойынша түсінбеген сөздерді белгілетіп отырады.

Жылқы туралы (Бейнефильм)


 1. Өлеңді оқи отырып, ақын суреттеуінен аттың түр-тұлғасы, жүріс-тұрысы, шабыс-желісінен қандай әсер алдыңдар?




   1-топ: Жылқы туралы мақал-мәтелдерді еске түсіріп жазыңыздар.

«Жылқының сүті шекер,еті бал»

«Жүзден жүйрік ,мыңнан тұлпар»

«Ағайын тату болса ат көп,абысын тату болса ас көп»

«Атың барда жер таны желіп жүріп,асың барда ел таны беріп жүріп»

«Арық атқа қамшы ауыр»

 2-топ. Көркемдік ерекшелігіне талдаңыздар.

Шоқ-пар-дай \\ке-кі-лі бар\\ қа-мыс құ-лақ, а

Қой мо-йын-ды, \\қо-ян жақ,\\ бө-кен қа-бақ. а

А-уыз о-мырт-қа \\шы-ғың-қы\\май-да жал-ды, б

Ой жел-ке\\ ү-ңі-рей-ген \\бол-са са-ғақ. а

Үш бунақты

Төрт тармақты

11 буын Қара өлең ұйқасы

3-топ. Ақын сипаттамасын пайдаланып, өздеріңе ұнаған аттың бейнесін сөзбен жаз немесе өз көкейлеріңдегі аттың бейнесін салыңыздар.



Тренинг: «Өз таңдауыңды жаса» (бір-бір парақ тарату)

Егер сіздерге мүмкіндік беретін болса қай жануардың төлін асырар едіңіздер ?


Пысықтау сұрақтары

1.Ақын ат суретін қандай ретпен суреттейді?

2.Аттың дене құрылысын бұндай ретпен суреттеудепі ақыггың мақсаты не?

3.Сұлу ,жүйрік аттың дене мүшелерінің белгілері, қамиеттері қандай?

4.Абай суреттеуіндегі тұлпардың мінезі қандай?

Өлеңнің түйінін мәтіннің қай жерінен табуға болады?

Қоры

тынды

Ыстық орындық

Эссе: «Жылқының адам өміріндегі маңызы»

Оқушылар ыстық орындықта отырып жазғагн эссесін оқиды


Үй тапсырмасы: Абайдың өлеңдерін жаттау

бағдаршам әдісі, топты бағалау.


Топтар жауап береді, әр топ бір-бірін бағалап отырады.


Кері байланыс

Нені ұғындым?

Не қызықты болды?

Не қиын болды?


Топтар жауап береді, әр топ бір-бірін бағалап отырады.Кері байланыс толтырады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
536
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі