"Ақыл айтпа, жол көрсет"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ақыл айтпа, жол көрсет"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата ана жиналысы.Жас мамандарғ, сынып жетекшілерге қажет материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Тараз қаласының білім бөлімі Нарғозы Данаев атындағы орта мектебі» КММ

080004, Тараз қаласы Қарасу алқабы,құрылыс 1, 34-81-48, taraz_sh51@mail.ru



Ата-ана жиналысы


Тақырыбы: «Ақыл айтпа, жол көрсет»




Сынып:6 «Ә»

Сынып жетекші: Каримова Б












2023-2024 оқу жылы



Тәрбие тақырыбы:

«Ақыл айтпа, жол көрсет»

Күні:


Сынып:




Құндылық

Талап

Сабақтың мақсаты:


Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру,отбасы арасындағы бауырмалдық,қайырымдылық,достық қарым-қатынасты қалыптастыру,жағымсыз әдеттерден бойларын алшақ ұстауға үйрету.Сапалы білім,саналы тәрбие ,салауатты ұрпақ тәрбиелеу.



Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

Сәлемдесу

Жақсы көңіл күй сыйлау

1,2 саналу

Ата аналар орындайды

Саналу арқылы бір біріне тілек айтады.


ІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық

- Сәлеметсіздер ме құрметті ата – аналар? Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз! Отбасы - өмірді кемеліне келтіретін, бақыт әкелетін қасиетті мекен. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді .Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.!Балаға тек ақыл айтып қоймай жол көрсете білу керек. Себебі бала ата ананың айнадағы бейнесі секілді. Өйткені ата ана ісімен не көрсетсе бала соны тапжылтпай қабылдайды. Анасын көріп қызын ал деп ата бабамыз бекер айтпаған.



III. Жаңа материалды түсіндіру

 «Мен қандаймын?» тренинг ойыны
Мақсаты: әр адам өзін жеке тұлға ретінде сезіну. Өзінің жанұясында өзін қай деңгейде ұстайтыны екенін анықтау.

Шарты: Ата-аналарға гүл, үй, күн суреттері беріледі. Әрқайсысы сол суретің ішіне отбасы мүшелерін және өздернің есімдеріңізді жазады


Балалардың аналарына жазған тілектерін оқу.



«Менің балам!» тесті

1. Өскенде балаңыз кім болғысы келеді?
А) Дәрігер

Ә) Әнші

Б) Елбасы

В) Сарбаз


2. Балаңыз отбасында «кімнің баласы?»
А) Атасы мен әжесінің

Ә) Әкесінің

Б) Анасының

В) Бәрінің

3.Балаңызды қалай еркелетесіз?

4. Балаңыз неден қорқады?
А) Қараңғыдан

Ә) Иттен

Б) Жалғыз қалудан

В) Қорықпайды
5.
Бала, отбасы, ата - ана тақырыбында бірнеше мақал айтып берсеңіз?

6. Балаңызбен соңғы рет оқыған сабағыңыз туралы айтып беріңізші?

7. Балаңыз қандай өнерге бейім?
А) Әнге

Ә) Биге

Б) Сурет салуға

В) Мүсіндеуге

8. Балаңыздың бірге ойнайтын жақын достарын атап бере аласыз ба?


9. Балаңыз кімді идеал тұтады?
А) Әкесін

Ә) Елбасын

Б) мұғалімін

В) Кино кейіпкерін


10. Балаңыздың бойындағы қандай мінезіне көңіліңіз толады және қандай
мінезінің өзгергенін қалар едіңіз?


«Ұсақ қол моторикасы»

Парақтан бала мүсінін жасау.



Нәтижесі: Егер өзіңіздің есімдеріңізді басына жазсаңыз. Сіз өзіңізді отбасы мүшелерінен биік санайсыз. Өзіңіздің жағдайын бірінші ретке қоясыз.

Ал, егер өзіңіздің есіміңізді ортасына қойсаңыз, онда сіз отбасыңыздың ортасындасыз. Екі жақты бірге ойлайсыз.

Егер есіміңізді соңына жазсаңыз. Онда сіз бауырмал жансыз. Ата-ана, бауырларыңыз бірінші ретте тұрады. Өзіңізді соңынан ойлайды екенсіз.











Аналар тест сұрақтарына жауап береді.



































Қағаздан қайшысыз мүсін жасау


ІV. Қорытынды

Бүгінгі бас қосуымыз аяқталып келеді. Балаларымыз аман болсын.Еліміздің үлгілі азамат пен азаматшасы болсын! Келіп, көріп, қатынасқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2024
3200
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі