Материалдар / Ақыл айтпа,жол көрсет
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ақыл айтпа,жол көрсет

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақыл айтпа,жол көрсет Ашық тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2024
482
7 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өнер Жамалов атындағы жалпы орта мектебі







Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Ақыл айтпа, жөн көрсет

8 Ә сынып жетекшісі : Пазлиева Шаттық

Тексерілді: Директордың ТІЖО

Есілбаева К

23.01.2024 ж.























Ақыл айтпа, жол көрсет.

Оқытудың жаңа шарттары: бала қалай бейімделеді


Сабақтың мақсаты: ата-аналардың балаларды жаңа жағдайға бейімдеу қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

1. Бейімделу кезеңінде балаларда физиологиялық және эмоционалдық өзгерістер болатынын түсіндіру.

2. Ата-аналардың үйдегі психологиялық сау орта құру арқылы жаны сау бала тәрбиелеу

3. Оқушыға психологиялық қолайлы жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.


Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:

Ынтымақтастық, ата-ананың міндеті, құрмет, эмоционалды интеллект, әлеуметтік интеллект, өзін-өзі басқару, шығармашылық.

Жауапкершілік, шығармашылық, жауаптылық, ашықтық, ынтымақтастыққа дайын болу.


Күтілетін нәтижелер:

  1. Ата-аналар баланы және оның мінез-құлқындағы өзгеріс себептерін жақсы түсінеді, баламен тиімді қарым-қатынас әдістерін қолдануға машықтанады, туындаған мәселелерді шешудің жаңа жолдарын көре алады.

  2. Ата-аналар балалардың оңай және тез әлеуметтік, психологиялық бейімделуіне көмектеседі.


Жоспар

  1. Кіріспе. Бейімделу. Бейімделу кезеңдері мен түрлері

Алғысөз жауапты маман 8 сынып жетекшісі Пазлиева Шаттыққа сөз беріледі.

Ата-ана мен бала байланысында перде болмайды. Ата-ана әрқашан жақсы тілектер тілеп, ашуланғанда балағат сөздерді «мыңболғыр», «жолыңболғыр» еркелете отырып, «малтабарым», «ғалым болғыр» деп сөйлесуі қажет. Арнайы блокнот арнап, балаңыздың кім болғанын қалайсыз? Оған қажетті дүниенің барлығының пайдалы білім, өзі жақсы көретін мамандығын, адал жарын, болашағының жарқын болуын, әділ болуын, адамгершілігі мол болуым қалап, жазу керек. Балаға сену керек.

2. Сепарация болу керек. Алшақтау кезеңі. Өтпелі кезеңмен байланысты, жасөспірім бола бастаған кезде ой пікір айырмашылығы уақытылы сепарация болмаса, өз пікірі жоқ, тек ана айтқанымен жүретін ынжық болады. 21 жасында тәуелсіз етеді. Психикалық тұрғыдан ата-анадан тәуелсіз бала өз өмірін құра алады. Ата-анадан эмоциальды ажырау.

  1. Ата-ана мотиватор. 1965 жылы Ласло Полгар қажырлық еңбек арқылы Клара келіншегімен Сьюзен 4 жасында, София 14 жасында, Юдит қызын 5 жасында әлемдік гроссмейстер болуға тәрбиелеп, өзінің «Қалай талантты бала тәрбиелеуге болады?» еңбегін практика жүзінде әлемге жария етті. Балаға қауіпсіз дамушы ортаны қалыптастыра отырып, оны еңбекқор өз ісінің нағыз маманы етуге болады.

II. Негізгі бөлім.

1.Кейсті талдау .Балалардың бейімделуіне көмектесу туралы қысқаша ақпарат

2. Топқа бөлу. Әр топта 4 ата-анадан көріністен соң талқылауға шақыру

3.«Мен балаға қалай көмектесе аламын» тренингі.

5.«Мен тұлғамын» чек-парақтары

III.Қорытынды. Қорытындылау, тілектер.


Сабақтың ұзақтығы – 60 мин.


10 мин.

Кіріспе, алғы сөз Бата сөздің бастауы. Бата алу Ауылымыздың сыйлы қарты Сыпатаев Қамбарбек атамыздың батасымен бастау

20 мин .

Топқа бөлу.

1 көрініс.

Әкесіне жұмыстан хабарласады. –Сәлем? Ержан . Әкең үйде ме телефонға шақырып жіберші. Әкесі баласына ымдап, жоқ дей сал. Бала: -Әкем үйде емес екен. Әкесі ымдап қалаға шығып кеткен де. Баласы телефонын қоя салып, телефон ойнауға кіріп кетеді.

Әкесі орнынан тұрып, баласының мектеп сөмкесінің әлі сол орнында жатқанын көріп, балам сабағыңды оқыдыңба?

Баласы: «Иа, әкешім келе сала оқып қойдым.

Әкесі баласының сөмкесін ашып, дәптерлерінің үштікке толғанын көріп, балам сен қашаннан өтірік айта алатын болғансың? Ойлы көздер терең ойға батырды.

Топқа тапсырма.

Бала өмірінде ата-ана балаға өтірік айтпауға қалай баулиды?

Өтірік туралы мақалдар

Көріністен түйген ойыңыз

Балаңызға өтірік көп айтасыз ба?

Көріністің астарында бала көзінше өтірік айтсаң, ол соны қайталайды.

2. Анасымен әкесі қаржы тапшылығынан ұрысынан бала қатты көңілі қалады.Анасы келіп қоқыс тастап келуін өтінгенде :

« Өзіңіз төгіп алыңыз. Бармаймын» дейді.

Отбасындағы келеңсіз жағдайлар, айналасындағы теріс құбылыстар баланың өміріне кері әсерін тигізеді.

Топқа сұрақтар.

  1. Отбасындағы кикілжіңді болдырмау үшін қандай ұстанымдар қажет?

  2. Бала көзінше керісу дұрыс дүние ме ұрыс кезінде баладан тысқары жерде мәселе шешу керек пе?

  3. Шынайы өмірдегі мысалыңыз. Мен өз баламның көзімен тату тәтті отбасымыз.

  4. Көрініске пікіріңіз

  1. Баласы телефон ойнап отыр. Анасы келіп, ертеңгі олимпиада сұрақтарына жауап берейік дегенде қарсылық танытқан баласы әкесінің қолтығына кіріп, әкесі баласын сөйлеу арқылы, әкемен ананың теңдікте тәрбие жауапкершілігін сезіне алмаулары Үштіктің бұзылуына әкеледі. Ертеңгі күні анасы баласының жарыс қағазын көріп, төмен балл алғанын көріп жылап тұрады.

Мойынсұнбау – баланың оған деген қарым-қатынастың дұрыс болмауына қарсы

  1. Топқа сұрақ

  1. Бала тәрбиесіне тек ана жауапты ма?

  2. Әкемен ана келісімі арқылы бала тәрбиесіне жауапты болу дегенді қалай түсінесіз?

  3. Көрініске пікіріңіз

  4. Әке туралы мақалдар

Қорытынды отбасындағы әрбір сөзіңіз, ісіңіз, кітап оқу, еңбек ету, ата-аналар қарым-қатынасы, өзгеге деген пікіріңіз, таңдауыңыз, ең ұтымды шешімдеріңіз бала түпсанасына жазылып жатыр. Бүгіннен өзімізді қолға алайық. Жақсы әдеттер , жақсы мида сақталған салт-саналар болашақтағы балаңыздың сәтті отбасын қалауына, тұлға болуына жол.

Оқушы пікірі.


Сергіту сәті.

Аустралиялық жаңбыр. Психологиялық ойын.

  • Алтынтөбеде жел тұрды. Қолды сипау.

  • Жаңбыр себелеп бастады. Саусақтармен

  • Жаңбыр күшейді.. Қолмен кеуденені ұрғылау

  • Шелектеп жаңбыр жауды ЕКі жағын шапалақтайды.

  • Нағыз топалаң жаңбыр Аяқпен жерді тебу. .

  • Жаңбыр басылып келеді.. Екі жағымызды ұрғылаймыз.

  • Жаңбыр басылды. Кеудемізді ұрамыз.

  • Майда майда жаңбырлар Саусақтармен

  • Желдің жәй есуі Қолдың сыртын бөлігін ысқылау

  • Күн шықты Қол жоғары. Әрқашан аспанымыз ашық болсын.

«Мен сені қолдаймын» тренинг мақсаты: Баланы агрессияда қолдау. 1. Ашу ыза 2 .жек көру.

Сенім, қолдау,түсіну, жек көремін деп мейірімсіздік, еркіндігінен айырылады. Тек анасының балаға қызығушылығы жоғалмайды.

Мейірім керек бірінші.

Ортаға 1 ата-ана шығады. Қолында жіптер болады. Әр жіпте 1 ата-ана болады. Әрбір негативте 1 жіп кесіледі. Сол жіптерді қайта түзу үшін ортаға ата-аналар көмегімен баламен ата-ана арасындағы кикілжің болған жағдайда қандай жағдайдан шығуға болады.

Сабырлықпен жақсы көру сезімдерін ашу ызамен жек көру сезімдерінің орнына ауыстырамыз.

Мен сені жақсы көремін деп айтып жүру медицинада дәлелденгей денсаулығын жақсартады.

.«Мен тұлғамын» чек-парақтары




5 мин

Уатсап желісі арқылы тілектер, сабақ жайлы пікірлер қабылданады.

5 мин.

Қорытынды пікір


Сіздер, ата-аналар, оқу мектептің орта буынына ауысқанда, балалардың қолайлы бейімделуі үшін, оларға көңіл бөліп, сүйіспеншілік таныту арқылы көмектесе аласыздар.

































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!