«Aqyl Battle» танымдық ойыны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Aqyl Battle» танымдық ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатикадан сыныптан тыс жұмыс: «Aqyl Battle» танымдық ойыны
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Aqyl Battle» танымдық ойыны

Мақсаты: Оқушыларға қызықты тапсырмаларды орындата отырып, ойлау қабілеттерін, пәнге деген қызығушылықтарын ояту. Ақпараттық технологияны пайдалана білуге үйрету, топтық жұмыс жасауды және ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

Жүру барысы:

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бұл көрермендерді ерекшелігімен таң қалдыратын жаңа ақпараттар мен қызыққа толы «Aqyl Battle» ойыны. Қызыққа толы сайыс сәттерінен қапы қалмаңыздар!

- «Таланттылар терін төгіп, толғансын, дарындылар бұл жарыста жүлде алсын.-деп отыра, «Aqyl Battle» ойынына қош келдіңіздер!

- Ендігі кезекте «Aqyl Battle» ойынын қызықтырақ өтуіне ат салысып келіп отырған ойыншыларымызды таныстырайын. (Ойыншыларды таныстыру, әр сынып өздерін ұстаздарымен бірге таныстырады.). Осы ойыншыларымыздың ойын барысында талпынысын, ұйымшылдығын қадағалап отыратын сарапшыларды таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Сарапшылар:

  1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Оразбеков Естай Ниязбекұлы

  2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Имашева Жанар Сталқызы

  3. Нақты ғылымдар бірлестігінің бірлестік жетекшісі: Секенова Гулзира Елеухановна

- Ойыншыларға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастайық! Ендеше құрметті ойыншылар бүгінгі ойынымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар! Әр кезеңді бастаған уақытта шартымен таныстырып отырамын.

Ойын шарттары:

  1. «Іскер топ»

  2. «Аукцион»

  3. «Естіп қойма!»

  4. «Кім жылдам?!»

  5. «Мақал сөздің мәйегі»

  6. «Біз техник құрастырушымыз!»

- Ойын кезеңдерімен танысып болсақ, уақытты көп созбай, алғашқы кезеңімізді бастайық! Алғашқы кезең «Іскер топ» деп аталады. Бұл кезеңде ойыншыларға, яғни әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Сұрақтар әр сала бойынша және жаңа терминдер болуы мүмкін. Топта ақылдасып бірден жауап беріп отырасыздар.

І топ cұрақтары:

  1. Көкеністі, балықты, басқа азық-түлікті тұздау қандай құбылысқа негізделген? – дифуззия

  2. Компьютер экранының төменгі жағындағы жіңішке жолақ? - есептер, тапсырмалар тақтасы.

  3. Екі жұмыртқанын шикісі мен піскенін қалай анықтауға болады? – жұмыртқаны айналдыру арқылы. Екі жұмыртқаны айналдырсақ : 1 баяу айналады; 2 жылдам айналады. Піспеген жұмыртқа да сұйықтық болады. Айналғанда тартылыс күші жан жаққа тартады да баяу айналады. Ал піскен жұмыртқа тығыз болады сонықтан жылдам айналады.

  4. Жеке бренд дегеніміз не? – әлеуметтік желіде өз парақшасын жүргізу барысында қалыптасатын дизайн.

  5. Бейне сұрақ (слайдтан көрсетіледі, физикаға қатысты)

  6. Бүгінгі таңда кеңінен қолданылатын программалар атауы? – canva, pinterest, ms office, python, т.б.

ІІ топ сұрақтары:

  1. Термометрдегі сұйықтықты не деп атайды? – сынап.

  2. Caps Lock пернесінің қызметі? – бас әріптермен жазу.

  3. Атом ядросындағы бейтарап бөлшек? – нейтрон.

  4. «Флейм» терминіне анықтама беріңіз? – «дау тудыру», әлеуметтік желі пайдаланушылардың пікірінің білдіруі және пікірдің екі жаққа бөлінуі.

  5. Бейне сұрақ (слайдтан көрсетіледі, физикаға қатысты).

  6. Пост және блогер сөздері қай салада қолданылады? Қолдану мағынансын түсіндіріңіз? – әлеуметтік желілерде қолданылады. Пост жаңа жазба, блогер әлеуметтік желіні жүргізуші адам.

ІІІ топ сұрақтары:

  1. Өткізгіштің ұштарындағы токты өлшеуге арналған құрал? – вольтметр.

  2. Windows-та өшірілген файлдар қайда жіберіледі? – себет.

  3. Адам тыныш тұрған қайықтан жағаға секіріп түсті, неліктен қайық жағадан шегініп кетеді? – Адам қайықтың қимылына байланысты жылдамдыққа ие болады. Сонымен қатар адам да қайыққа әсер етіп, ол жағадан алыстатын жылдамдыққа ие болады.

  4. Желілік этикет дегеніміз не? – желіні пайдалану барысында сақталатын ережерлер жиыны.

  5. Бейне сұрақ (слайдтан көрсетіледі, физикаға қатысты).

  6. Электронды пошта қызметі қандай? – адамдардың бір бірімен хат алмасуы сонымен қатар құжаттар алмасу, жіберу қабылдап алу, сақтау қызметі.

- Ойыншылар үшін тартысты әрі қызықты кезең болды деп ойлаймын. Сарапшылар әр топқа өз ұпайларыңызды беріп отырсаңыздар!

- Келесі кезеңге өтейік, ІІ кезең «Аукцион» деп аталады. Бұл кезеңде әр топ ойыншыларына заттар берілетін болады. Олар топ арасында ақылдасып, заттың атауын және қызметін табуы қажет. Сонымен қатар сол затты көрермендерге өткізу үшін, қазіргі технологияларды пайдаланып, жарнамалау керек. Ойында басты шарт аукционға түсетін затты ойыншылар арасындағы ұстаздар таныстырады. Ұстаздарға оқушылар түсіндіріп айтып көмек беруі керек. Берілетін заттар (әр топқа физикадан 3 прибор, информатикадан 3 құрылғы: тінтуір, флешка, құлаққап).

- Тамаша, жарайсыздар! Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына – дей келе ойынымыздың ІІІ кезеңіне кезек берсек. ІІІ кезең «Естіп қойма!» деп аталады. Бұл кезеңде әр топ өз араларыңыздар бір қатысушыны ортаға шығарасыздар, қалған топ мүшелері ортадағы қатысушыға сөздерді түсіндіресіздер ол қандай сөз екенін табу керек. Ортадағы қатысушының құлағында құлаққап болады, сіздерді естімейді.

І топ сөздері:

  1. Тінтуір

  2. Колонка

  3. Температура

  4. Ток күші

  5. Үйкеліс күші

ІІ топ сөздері:

  1. Пернетақта

  2. Ноутбук

  3. Энергия

  4. Орбита

  5. Программа

ІІІ топ сөздері:

  1. Сынап

  2. Километр

  3. Жылдамдық

  4. Қауіпсіздік ережесі

  5. Жүйелік блок

- Жарайсыздар, бұл кезеңненде сүрінбей өттіңіздер! Ендеше осы деммен ары қарай ІҮ кезеңге аяқ басайық. ІҮ кезең «Кім жылдам?!» деп аталады. Бұл кезеңде ойынға қатысушыларға сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға алдарында жатқан әріптерден сөз құрастыру арқылы жауап беруі керек. Бұл кезеңде сіздер өздеріңіздің білімдеріңізбен бірге ұйымшылдықтарыңызды көрсетесіздер. Ал, іске сәт!

І топ сұрақтары:

А, К, И, Д, Е, М, Т, С, О, М, Р. 
1
. интернетке қосылу үшін қажет құрылғы (модем) 
2
. электронды тасымалдаушы (диск) 
3
. қырғызақшасы (сом) 
4
. физика заңдарының бірі (ом) 
5
. өтіріксөзініңантонимі (рас) 
6
. бейнесіз хабар таратушы (радио) 
7
. Жеті қазынаның бірі (ит) 
8
. адамның арқауы не (ас)

ІІ топ сұрақтары:

Л, С, Р, К, О, П, У, Д, Е, Е, Б, А 
1
. белгілі бір ақпарат (дерек) 
2
. біз бағдарламаны неден бастаймыз (пуск) 
3
. электронды тасымалдаушы дисктің түрі (сд) 

4. тіршіліктің көзі не (су) 
5
. жоқтың антонимі (бар) 
6
. ұстаздардың тақтаға жазатын қаламы (бор ) 
7
. араның тамағы (бал) 
8
. заң жинағы неден тұрады (бап) 

ІІІ топ сұрақтары:

З, Н, А, Т, Ы, Ш, Қ , О, Ж, Д, Б, А 
1. жүйелік блоктың ішінде орналасқан аналық, желілік, дыбыстық, бейнелік не (тақша) 
2. есте сақтау құрылғысы (жад) 
3. Х VII ғасырда ойлап табылған алғашқы есептеу құрылғысы (шот) 
4 .бардың антонимі жоқ 
5. біздің қажеттіліктеріміздің бірі (ақша) 

6. үлкендерден алатын ақ тілек (бата) 
7
. до ре ми фа сол ля си до (нота) 
8
. Ең аяулы жан (ана) 

- Осымен біздің бұл кезеңімізде өз мәресене жетті. Осы ойында нағыз батл көрсетіп жатқан ойыншыларымызға бір қошемет білдіріп қояйықшы.

Ү кезеңімізге кезек берейік. Ү кезең «Мақал сөздің мәйегі» деп аталады. Бұл кезеңде сіздерге информатика тілінде жазылған мақалдар беріледі. Сіздер сол мақалдардың дұрыс жауабын табуларыңыз керек. (Экранда мақалдар шығады).

- Құрметті көрермендер және сайыс қатысушылары. Тамаша көңіл күймен, сайысқа деген құлшыныспен ойынымыздың соңғы кезеңіне де келіп жеттік. Ойынымыздың соңғы кезеңі «Біз техник-құрастырушымыз!» деп аталды. Яғни бұл кезеңде сіздеріңіздің ой ұшқырлықтарыңыз бен ептіліктеріңіз сыналады. Қазір мен сіздерге ақ бет таратып беремін, сол ақ бетті еш затты қолданбай өз ой ұшқырлықтарыңызбен үй құрастырып жасауларыңыз керек.

- Құрметті ойыншылар, көрермендер осымен бүгінгі «Aqyl Battle» ойыны өз мәресеіне де келіп жетті. Ойын қатысушыларына тамаша белсенділікпен ойынға қатысқандары үшін өз алғысымды білдіргім келеді. Ойынымыздың жүру барысын, ойыншылардың тапқырлығын бағалап отырған сарапшыларға сөз кезегін берсек.

- Сарапшылар өз шешімдерін шығарып, ой пікірлерін айтқанша, құрметті ойыншылар бүгінгі ойыннан алған өз әсерлеріңізбен бөліссеңіздер және бір бірілеріңізге жалынды сәлем жолдап, сәттілік тілесеңіздер де болады.

- Құрметті ойыншылар және көрермендер бүгінгі ойынымызды қорытындылай келе, «Білімдінің күні жарық!» қазіргі сәтте білім сәнде дегім келеді. Әр уақытта сәннен және трендтен қалғыларыңыз келмесе білім алып, өз білімдеріңізді тереңдетуден, ізденуден жалықпаңыздар! Осымен нақты ғылымдар бірлестігінің апталығы аясында физика және информатика пәндерінен өткізілген «Aqyl Battle» танымдық ойыны өз мәресіне жетті. Ойын жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!Жақсы күндерде жолыққанша сау болыңыздар!!!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.03.2025
307
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі