жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ақыл-жастан,асыл-тастан.
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары.
Мектеп: №3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясы
Мерзiм: 12.02.20018
Тақырып: Ақыл-жастан,асыл-тастан.
Құндылық: Дұрыс іс- әрекет.
Қасиеттер: ақылды болу, бабалар дәстүрін құрметтеу.
Мұғалім: Саденова С.Б.
Сынып: 3 б
Оқушылар саны: 20
|
Сабақ мақсаты: «Дұрыс іс-әрекет» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Сабақ міндеттері:
|
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) |
|
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Топқа бөліну.3 топ. Геометриялық фигуралар арқылы. «5 Т» ережесін естен шығармау. Оқушылармен қайталап айтып шығу. Тәртіп. Талап. Тыныштық.Тазалық. Татулық. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстел үстіне қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ойлар келеді. Нұр бірте-бірте қарқындап шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, танысқандарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, тірі жандарға таралсын. Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр. Махаббат, және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналыстырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзімізді ашуға болады. Рахмет! Үй тапсырмасын тексеру. «Өнерлі бала сүйкімді» эссе жазу. 3-4 балаға оқытқызу. Әңгімелесу. Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін мәнерлеп оқып беру. Адам болу, жақсы тұлға болуға ұмтылдыратын нәрселер туралы не айтылған? Бес асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым. Қашық болу: мақтаншақ, өсек, өтірік, еріншек, мал шашпақ талдау. |
Сабақ барысын талқылау: 4 мин. Оқушылардың көңіл күйін көтеру мақсатында тыныштық сәтін өткізу. 5 мин. |
|
Дәйексөз. «Адам бойындағы ең тамаша нәрсе - білім мен ақыл». Жүсіп Баласағұни -Балалар, сендер білім мен ақылдың адам өміріндегі қажеттілігін, маңыздылығын білесіңдер. Адам баласы қаншалықты білімді болғанымен, ақылға жүгінбесе, өмірден дұрыс жол табу қиынға соғады. Сондықтан адамның біліміне ақылы сай болуы тиіс. Дәйексөз слайдта жазылған. |
Дәйексөзді дәптерге жазып алуларын ұсынамын, Ұлдар бір рет,қыздар бір рет айтқызып, хормен қайталау 6 мин |
|
Әңгiмелеу (сұхбат). Ақылды болу дегенді қалай түсінесіңдер? Сендердің ақылға жүгініп, дұрыс шешім қабылдаған кездерің болды ма? -Өткен сабақта өнер туралы айтқанымызда ақылды өнермен жеткізудің өзі өнер деп айтқан болатынбыз. Ал, бүгін ақыл, ақылдылық, сондай-ақ бала кезден ақылды болу керектігі туралы әңгімелесеміз. Мәтінмен жұмыс «Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу» аңыз әңгіме оқыту, талдау. - Қарашаштың ақылдылығы қай әрекетінен байқалады? - Басқа балалардың іс-әрекеттеріне көзқарастарың қандай? -Қыздың бойынан тағы қандай асыл қасиетті байқадыңыздар? Оқушылардың жауаптарын түйіндеу: -Дұрыс айтасыңдар. Ақылды адам барлық уақытта ойлап сөйлейді, жан- жағын байыптап барып әрекет етеді. Ондай адамдар өзінің байсалдылығын, қарапайымдылығын, кішіпейілділігін, ізеттілігін ұмытпайды. Қарашаш өзін ғана ойлаған жоқ, әкесінің де қамын ойлады. Қыздың бойынан әкесіне деген мейірімділігі аңғарылды. «Ақылды адам терең ойлап, дұрыс шешім қабылдай біледі. Ақылды болу үшін оқу, іздену, үйрену қажет.» |
Слайд арқылы түсіндіру. Суреттер. 10 мин |
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 1-топқа: «Байлық, бақыт, ақыл»
ертегісін сахналау 3- топқа: Данышпан қандай ой түйіндеді? Данышпанның орнында болсаңдар, қандай төрелік айтар едіңдер? |
Қағаз, сурет, мақал-мәтелдер жазылған карточкалар. 15 мин. |
|
Топпен ән айту. «Бала тілегі » сөзі : С Молдасанұлы әні : Ф Жолдасова Бал-балалық,балдырған шақ сан арман, Барлық бала армандауға жаралған Кел достарым , әндетіңдер, билеңдер, 2 рет Гүлденсін деп атмекен, қара орман. Болашақтың иесіміз бәріміз, Туған жердің түрлендірер нәріміз. Алтын бесік-ұлан байтақ елімде, 2 рет Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. Қалықтаған көгершіні көгінде, Мұңаймасын ешбір бала елімде. Ата берген батаменен көркейсін, 2 рет Ұлы Отаным,тілегім сол менің де. |
Тақтада жазулы слайд, әуен. 3 мин. |
|
Үй тапсырмасы. Ертегіні мазмұндау. |
Күнделікке жазу. 1 мин |
|
Соңғы тыныштық сәтi. Балалар, енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші. Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. Әрбір атқарған істеріңде, достарыңмен , жақындарыңмен жасаған қарым -қатынастарыңда кешірімді, кішіпейіл болып, айналаларыңа нұр шашып, өз орталарыңа жақсылық жасап жүрген қуанышты сәттеріңді көз алдарыңа елестетіп көріңдер .... |
Музыка тыңдау. 1 мин. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген