Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана тілі – атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өнерлі, білімді, мәдениетті қоғамның белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз. Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімнің жемісін сол тілде тартады, шығармасын ана тілінде жазып қалдырады. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні, дәлірек айтқанда, тұтастай кескін келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін тіл мен ата - дәстүрі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерлді: ____________

Күні:

Сыныбы: 5

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу.
Көрнекілігі: презентация, қазақ тіліне арналған нақыл сөздер.

Барысы:
- Құрметті оқушылар, ұстаздар. Бүгін біздің «Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!
- Оқушылар, біз қай тілде сөйлейміз?
- Ана тілі дегенді қалай түсінесіңдер?


- Дұрыс айтасыңдар. Ана тілі – атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өнерлі, білімді, мәдениетті қоғамның белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз. Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімнің жемісін сол тілде тартады, шығармасын ана тілінде жазып қалдырады. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні, дәлірек айтқанда, тұтастай кескін келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін тіл мен ата - дәстүрі. Біздің тіл туралы заңымыз 1997 жылы 11- шілдеде Қазақстан Республикасының Тіл туралы жаңа Заң дүниеге келді. Қазақ тілі ұрпақтан - ұрпаққа, атадан - балаға жеткен ұлы мәдени мұра. Сондықтанда ана тіліміз талай жылға ақау болған. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – қазақ халқының тілі. Оның негізгі мекені - Қазақстан. 14 желтоқсан - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл күні, халықтық мереке. Тілді қастерлеу - ізгілік пен мәдениеттің белгісі.


- Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзеу қараймын,
Ана тілім сені егер білмесем - дегендей енді біз топтық сайысымызды бастаймыз.

Барысы:
1. Жұмбақтардың жауабын табу
2. Ана туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу
3. Даналар сөзінің сырын аш! Тіл туралы айтылған ой - пікірлерді мағынасын түсіндіру.
4. Тіл туралы берілген тақырыпқа шығарма жазу.
5. Ұйқасын тап. Өлең шумақтарын құрастыру.

1. Жұмбақтардың жауабын табу.

1.Білімнен мол сый-асы,

 Балғындардың ұясы.  (мектеп-школа-school )

2.Уақытты өлшеп, санап,
Таппайды бір тағат. Бұл не сонда? (сағат-часы- clock )

3.Екі тақта арасында 
Қимылдайды қызыл тақта (тіл-язык- language)

4.Жаны жоқ қаршыға қолға қонар,

Жем алып қиын жерден аузы толар,

Мен өзім қаршығамнан баһра алдым,

Шешуі осы сөздің қиын болар.  (қалам-ручка-handle )


5.Бір нәрсе бетінде жоқ ой менен қыр,

Өзінің кіндігінен айналып жүр.

Өзіне назар салып қарасаңыз,

Келбеті жер жүзінің көрініп тұр. (жер шары-глобус-globe )

6.Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып. (дәптер-тетрадь-
notebook)

7.Үстiнде есiгi,
Өзi орындық, әрi үстел,
Оқушылар бесiгi. (жазу үстелі-парта-desk )

8.Оқуыма төрешi,
Тоқуыма төрешi.
Парақтасам байқалар.
Бiлiмiмнiң өресi,
Онда және жазылған,
Кестем де бар келесi  (күнделік-дневник-diary )

9.Қырық екi жауынгер,
Сапын түзеп тұрады.
Бұлдiршiндер
Қауымды ел,
Сырын терең ұғады. (алфавит-аlphabet )


2. Мәнерлеп оқу

Тамаша өлең таңдайға татып балдай,
Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай!
Жан - дүниең жарқырап сала берер,
Ағарып келе жатқан атып таңдай - деп ақын жырлағандай, келесі кезеңіміз мәнерлеп оқу сайысы. Әр топтан бір оқушы шығып өздері жаттаған өлеңдерін мәнерлеп, жатқа айту.

3. Даналар сөзінің сырын аш 

Мәңгі өлмес, мейлі, заулап көшер заман, Жиреншедей дария шешен бабам. Қазыбек, Төле, Әйтеке ердің құнын, екі ауыз сөзбен шешкен шешен бабам – деп сайысымыздың келесі кезеңіне өтеміз. Бұл кезең «Даналар сөзінің сырын аш» деп аталады. Бұл жерде әр топқа еліміздің белгілі ақын - жазушыларымыздың тіл туралы айтылған пікірлері беріледі. Сол пікірлерді сіздер түсіндірулеріңіз керек.


1. Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады. Ғ.Мүсірепов
2. Ана тілін білмейтін адам - бір қолы жоқ шолақ адам сияқты. Ғ. Мұстафин
3. Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ж. Аймауытов
4. Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ. Мағжан Жұмабаев
5. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту. Б. Момышұлы





4. Тіл туралы берілген тақырыпта эссе жазу
Тақырыптар: 1. Жасай бер, ана тілім, қазақ тілім!
2. Тіл біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз.
3. Анамның тілі – ардақтым менің!
Оқушылар шығармаларын жазып болғанша, көрермендер арасынан жарыс өткізу. Әуелі үш мақал айтып, жалғасын тез табу. Тез тапқан үш оқушыны ортаға шығару. Оларға тапсырма:

1. Тіл туралы мақал - мәтел айту.
2. Берілген суреттегі затты жұмбақтап айту.
3. Мағынасын ашу.

5. Берілген өлең жолдарына ұйқас құрастыру.
1) Ана тілім - бала шағым өркенім,
Ана тілім – болашағым, ертеңім,...

2) Ана тілім - бәрін сөйлер шежірем, Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!
3) Ана тілін білмеген -
ақылы жоқ желік бас.
4) Бұл жанды тіл - менің азат тілім, Жадымда талмай самғар қанат тілім.

- Ал, балалар, тіл туралы көптеген өлеңдер оқып, ойларыңды ортаға салдыңдар, көп рахмет. Халқымыздың бай тілін меңгеру, көркейту, қыр - сырын танып білу әр азаматтың қолынан келетін дүние. Тілді қорғап, қастерлеу, әрқайсымыздың міндетіміз, парызымыз екенін ұмытпайық!































Аққұдық орта мектебі













Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз

Сыныбы: 5 – 7











Сынып жетекшісі: Т.Б.Қуаныш























2017 – 2018 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
2032
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі