Материалдар / Ақыл көркі-тіл
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ақыл көркі-тіл

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақыл көркі-тіл
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2017
403
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

(Интелектуалды сайыс)

Тақырыбы: «Ақыл көркі тіл»

мақсаты:

 Оқушылардың білімдері мен біліктіліктері арқылы ой - өрістерін дамыту,

 Ұшқырлық , ойлау қабілеттерін шыңдау.

 Шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.

Құрметті жиналған мұғалімдер мен оқушылар тіл білгірі сайысысына Қош келдіңіздер!

Армысыздар,алқалы жұрт көз көрген,

Құралсыншы ойларыңыз інжу-маржан сөздерден.

Тіліміздің тереңдігін,байлығын да көрсетер

Алдыңызда тіл сайысы –«Ақыл көркі тіл»!

Бүгінгі сайысқа екі топ қатысады.

Беташарын додамыздың бастайық,

Көпшілікті бір серпілтіп тастайық.

Ортамызды сайыскермен толтырып,

Қошеметпен шақырайық қол соғып.

Бірінші «Сұнқар»тобы

Екінші «Тұлпар» тобы

Ал енді осы екі топтың қайсысы оза шабатынын , қайсысы ең алғаш боп бәйгеге жететінін бақылайтын және әділ баға беретін әділ - қазыларымызбен танысайық.

1. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Әлжан Гүлшат Қалиқызы

2. Тарих пәнінің мұғалімі Кощанова Лязат Қыстаубайқызы

3. Оқу ісінің меңгерушісі Бадилбекова Сауле

І кезең : «Тіл өнері»

Ана тілім,өзгелерден бөлексің,

Бала жүрек саған арнап жыр төксін.

Қай асылға теңесем де жарасар,

Ана тілім баға жетпес өнерсің деп сайысымыздың«Тіл өнері» атты бірінші кезенің бастайық . Бұл сайыста әр топқа 6 сұрақтан қойылады , сендер қойылған сұрақтарға жай емес мақал – мәтелмен жауап айтуларын керек . Түсініктіме ? Ендеше бастайық .

Бірінші «Сұнқар» тобының сұрақтары

1. Жылан інінен қалай шығады?

Жылы-жылы сөйлесең жыланда інінен шығады.

2. Қар жана ма?

Қалауын тапса қар жанады

3. Инемен құдық қазуға бола ма?

Оқу инемен құдық қазғандай.

4. Ең тәтті не?

Ананың сүті тәтті,баланың тілі тәтті

5. Не қорқақ,не батыр?

Көз қорқақ,қол батыр.

6. Кімнен кім жаман?

Олақтан салақ жаман.

Жақсы . Енді ІІ «Тұлпар» тобының сұрақтары

1. Оттан да ыстық не?

Отан оттан да ыстық.

2. Ит жоқта не үреді?

Ит жоқта шошқа үреді.

3. Ер қаруы нешеу?

Ер қаруы бес қару.

4. Отқа түсіп күймеуге бола ма?

Отан үшін отқа түс күймейсің.

5. Жігітті шал деген жөн бе?

Жаман жігіт жасында шал болар.

6. Үлкен сөз, үлкен көз бола ма?

Қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен

Жақсы . Ендеше келесі «Мықты болсаң тауып көр» кезенің бастаймыз .

ІІ кезең «Мықты болсаң тауып көр»

Бұл кезеңде балалар сендер мықтылықтырынды көрсетесіңдер. Қазір мен сендерге мынандай парақшаларды таратамын . Сендер осы парақшаларда жазылған тұрақты сөз тіркестерін тауып, мағынасын ашасыңдар.

Дайынсындар ма ? Ендеше жауаптарынды тыңдайық .

1)Құлын,ат,тай,жылқы.(таңба басқандай) алыс

2)Жылқы,қой,түйе,сиыр.(аузынан шөп алмас) момын

3.Сүйек, қаңқа, ит,ет.(терісін басына қаптау) ұрысу

4.Ит,төбет, күшік, қасқыр ( өлген жер) алыс

5.Жақ, құлақ,тіл, айыз (алғыш) қарамақарсы сөз тіл азар

6.Колқа, көмекей, өңіш, тамақ (созды) өңешін созды ұрысу

7.Аймақ, жер, таяқ, күн (тепсінді) қатты ұрысты

8. Тас, су, жер, ет (бауыр) мейірімсіз

9. Ұлдың, қыздың,ананың, әкенің (жиған жүгіндей) әсем, көрікті

10. Көз,сөз, қол, аяқ (ілмеді) ұйықтамады.

2 тур «Алтын жұмбақ»

Енді келесі «Алтын жұмбақ» атты кезеңімізді бастаймыз . Бұл кезеңде мен сендерге әдеби шығармалардан алынған үзінділер жасырынған мына парақшаларды таратамын .

Сендер берілген үзіндінің қай шығармадан екенін анықтап, қандай салт –дәстүрдің бар екенін анықтауларын керек. Әр дұрыс жауап 5-ұпайға бағаланады

- Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, тоғызыншы ұлым бір төбе. Кенжекейің тоғызыншы ұлымдікі болсын, - деп бай тоғыз қызға қандай салт-дәстүрдің түрін жасап келіпті? (Қай шығармадан алынған? Қандай дәстүр бар?) (“Ер Төстік”ертегісі, құда түсу)

- Мен айыптымын, менен бір қателік болды, шайтанның азғырғанына ердім. Оған себеп – мына уәзірлер. Бұлар енді я саған, я маған бір қатер қылар. Сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш деп, - хан өзінің досына разы болып, бірнеше түйеге асыл заттар арттырып, мал беріп, досын Ақша ханның еліне көшіріп салады.

(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) («Аяз би» ертегісі, енші беру).

- Балаға таңсық болып жүрген байғұс,

Үйіне алып келіп қылды тойды.

Туғандай тумаса да қылайын деп,

Кім деп ол баланың несін қойды?

(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Алпамыс батыр»жыры, азан шақырып ат қою, шілдехана жасау, бауырына салу.

- Балталы , Бағаналы ел, аман бол!

Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!

Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,

Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол!

(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры, қоштасу.

3 кезең “Полиглот”

3 кезең «Полиглот» кезеңімізді бастайық . Кезең ережелері : Мен сендерге бір сөзі жасырынған мақал – мәтелдер жазылған парақшалар таратамын . Сендер сол сөзді тауып , орыс және ағылшын тілдеріне аударуларын керек . Өзге тілде айтылған әр бір жауап 5 ұпайға бағаланады .

1. ...қылды қақ жарған. (қара,черный,blak )

2. Атадан жақсы ұл туса,

Есіктегі басын төрге сүйрер.

Атадан ... ұл туса,

Төрдегі басын жерге сүйрер. (жаман,плохой,bad)

3. Ел қонбаса - ... азады,

Жер болмаса – ер азады. (жер,земля,)

4. .... ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. (алтау, шесть,six)

5. . ... тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады. (тіл,язык,language)

6. . ... көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.(досы , друзья,frend)

7. . ... өссе елдің көркі,

Гүл өссе жердің көркі.(қыз,девушка,gerl)

8. . ... таумен кездеспейді,

Адам адаммен кездеседі. (тау,гора)

9. Қына тасқа бітеді,

... басқа бітеді.(білім,знания,)

10. . ... сүйектен өтеді,

Таяқ еттен өтеді. (сөз,слово, )

ҮІ кезең «Тапқырлық»

Бұл кезеңде сендер оқылған мақал- мәтелді жалғастыруларын керек .

Дұрыс жауап 5 ұпайға бағаланады .

І топ

1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).

2. Бал тамған тілден ... (у тамған).

3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ... (сөз бұзар).

4. Жақсы сөз - ... (жарым ырыс)

5. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар)

6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ... (тілі ортақ).

7. Жақсы байқап сөйлер, жаман ... (шайқап сөйлер).

8. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ).

9. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).

10.Тіл қылыштан ... (өткір).

ІІ топ

1. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).

2. Тілден артық ... (қазына жоқ).

3. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ... (ой өсіреді).

4. Жыланның уы тісінде, Адамның уы ... (тілінде).

5. Ең ащы да тіл, ең ... (тәтті де тіл).

6. Өнер алды - ... (қызыл тіл).

7. Айтылған сөз - ... (атылған оқ).

8. Жылы-жылы сөйлесең, жылан ... (інінен шығады).

9. Басқа пәле - ... (тілден).

10. Білім кілті - ... (тіл).

Ал енді қатысушылардың ұпай санын анықтап,жеңімпаз топты анықтайтын кез келді.Сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Міне,осымен тіл апталығына арналған «Қызықты қазақ тілі әлемі» сайысыда өз мәресіне жетті. Ата - бабаларымыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын мына жаһандау заманында жоғалтпай,құндылығын арттыра берейік



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!