Ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған қимыл- қозғалыс ойындарының түрлері.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған қимыл- қозғалыс ойындарының түрлері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған дидактикалық ойындар. Бұл ойындардың түрлерін қосымша сабақтарда қолдануға болады. Әр дидактикалық ойындардың орындалу шарттары мен құралдары көрсетілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

Олигофренопедагог маманының ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған қимыл- қозғалыс ойындарының түрлері.

1.Дид/ойын «Моншақты тіз»

Мақсаты : оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту,ойынның шартын түсініп өздігінен орындауға үйрету. Есте сақтау қабілеті мен сенсорлық түсінігін дамыту.

Шарты: беріген схема бойынша оқушы себетте тұрған түрлі түсті доптарды моншақ секілді тізу қажет.

Құралдар: үлкен скоч,түрлі түсті кішкентай доптар,себет схема.

2. Дид/ойын «Шахмат»

Мақсаты : оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту,ойынның шартын түсініп өздігінен орындауға үйрету. Есте сақтау мен кеңістікте бағытталу қабілеттерін дамыту.

Шарты: мұғалім оқушының көзін байлайды, ал оқушы мұғалімнің нұсқауы бойынша кеңістікте бағдарлауы тиіс.

1.Мұғалім оқушының басынан сипаса ол бір қадам алға жүреді,оң иығынан қолын қойса олбір қадам оңға жүреді,ал сол жақ иығына қолын қойса ол сол жаққа бір қадам басады.

2.Тақтада арнайы схема илулі тұрады оқушы сол схема бойынша тормен жүруі тиіс.Мұғалімнің оқушының нұсқауды дұрыс орындауын қадағалап отырады.

Құралдар: үлкен тор көздер, схема.

3. Дид/ойын «Кім жылдам?»

Мақсаты : оқушылардың қайшымен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту,ойынның шартын түсініп өздігінен орындауға үйрету. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту, тапсырманы тез әрі тиянақты орындауға үйрету.

Шарты: оқушылардың алдына дайын графикалық сызулар беріледі.Оқушы қайшымен сол сызулардың бойымен тез қиып шығуы тиіс.

Құралдар: қайшы, дайын графикалық сызулар



4.Дид/ойын «Әдемі ойыншықтар»

Мақсаты : оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту,ойынның шартын түсініп өздігінен орындауға үйрету. Есте сақтау қабілеті мен сенсорлық түсінігін дамыту.

Шарты: алаңда түрлі түсті ойыншықтар араласып шашылып жатады.Оқушы ата- анасымен бірге сол ойыншықтарды жинап, әр қайсысын түсті үйшігіне салуы қажет.

Құралдар: түрлі түсті үйшіктер, түрлі түстіойыншықтар.

5.Дид/ойын « Лабиринт»

Мақсаты : оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту,ойынның шартын түсініп өздігінен орындауға үйрету. Есте сақтау мен кеңістікте бағытталу қабілеттерін дамыту.Лабиринт бойымен жүру дағдысын дамыту.

Шарты: оқушы лабиринт жолымен ағашпен итеру арқылы жүргізіп шығуы тиіс

Құралдар: арқаннан жасалған лабиринт,доп, таяқша.

6. Дид/ойын «Лента»

Мақсаты : оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту,ойынның шартын түсініп өздігінен орындауға үйрету. Есте сақтау қабілеті мен сенсорлық түсінігін дамыту.

Шарты: бұл ойын топпен ойналады.Оқушылардың тез ойлап, шапшаң қимылдауын талап етеді. Ортада түрлі түсті ленталар аласа жіпте ілініп тұрады. Бір-біріне қарама қарсы тұрған аяқтарымен лентаны жіптен бір бірлеп тартып алып,өздерінің жағындағы тиісті торларына апарады.Ойын лента біткенше жалғасады. Оқушылар кезекпен ауысады.

Құралдар: түрлі түсті ленталар,жіп,торлар.







Бекітілді____________

Бөкей ордасы ауданының

психологиялық-педагогикалық

түзеу кабинетінің

меңгерушісі А.Атаева_______





Шеберлік сынып

Тақырыбы: Олигофренопедагог маманының ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған қимыл- қозғалыс ойындарының түрлері.










Дайындаған :олигофренопедагог Хасенова У.Е

олигофренопедагог Китешова Д.Ф

















Сайқын-2020 ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2021
733
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі