400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Ақыл парасат, ерік жігер

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақыл парасат, ерік жігер
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін- өзі тану» пәнінің сабақ жоспары

Мектеп: « Н.Төреқұлов атындағы №121жалпы орта мектебі» КММ

Мерзімі: 05.09.2017ж.

Сабақтың тақырыбы:Ақыл-парасат, ерік-жігер және жүрек Сабақ №1 Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі, өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білу, қарапайымдылық.

Пән мұғалімі: Мырзалиева Гаухар

Сыныбы: 7 «А,Ә» Оқушылар саны:

Сабақтың мазмұны

Ресурстар

Сабақтың мақсаты: Өмір шындықтан қаланғанда ғана нағыз өмір екндігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - ойдың, сөздің және істің бірлігі парасаттылықтың негізі екендігін ұғындыру;

Дамытушылық: - өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білуге баулу;

Тәрбиелік: - өз – өзіне адал болуға, қарапайымдылыққа тәрбиелеу.

Оқулық,дәптер,дискі

лер

Сәлемдесу,түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау: Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап.

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену, «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ -қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды партаның үстіне қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын, таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашып, күлімсіреңіз. Рахмет!


2. Әңгімелесу

- Жазғы демалысты қалай өткіздіңдер?

- Өздерің жақын тұтқан адамдарды біраз көрмесеңдер қандай күйде боласыңдар?

- Сағыныш дегенді қалай түсінесіңдер?

- Өз бойларыңнан қандай өзгеріс байқадыңдар?

- Өздерің бір жасқа есейгендеріңді қалай түсінесіңдер?



































Сұрақ -жауап

3. Дәйексөз

«...Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек»

Абай

Ақылыңды жүрекке жүгіндір, себебі сүйіспеншілік жүректе, сосын оны жүзеге асыр, яғни іс-әрекет жаса. (сүйіспеншілікпен ойлап іс-әрекет жаса)

Дәйексөзді талдап,

өз пікірлерін білдіреді.


4. Әңгімелеу

Он жетінші қара сөз Абай

  • Автор қайрат, ақыл, жүректің ерекшеліктерін қалай жеткізген?

  • Мәтінде ғылымның «жүрекке билет» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Абай қандай адамды «қасиетті адам» дейді? Неліктен?

  • Тағы қандай қасиеттерді «жүрекке билетуге» болады деп ойлайсыңдар?

Мәтінді оқушылар кезекпен оқиды.

Сұрақ -жауап

5. Шығармашылық жұмыс

1 - тарсырма: Сөздер мен олардың анықтамасын салыстырып, сөздердің өзіне сәйкес анықтамасын табу.

Ұғым

Анықтамалары

1.Ақыл

2.Ақылды

3.Парасат

4.Парасаттылық

5.Ерік-жігер

А) Білімді тәжірибе жүзінде дұрыс пайдалана білу. Сана-сезімі жоғары, білімді, есті адам.

Ә) Адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет. Шындықты танудың, оны жан-жақты зерттеп, мәнін ашу арқылы байыбына жете ұғынудың ең жоғарғы сатысы.

Б) қылдылық пен білімпаздық, мәдениеттілік, көрегенділік пен зерделілік және байыптылық, байсалдылық.

В) Ақылдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті. Ақылдың жоғары деңгейі.

Г) Адамның өз мінез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті, оның белгілі бір мақсатқа жету, іс-әрекетті орындап шығу жолында қиыншылықтарды

және білуінен байқалатын ішкі қуаты.


2– тапсырма: Төмендегі сөздерді пайдаланып, «Парасатты адамның» портретін (мінездемесін) жазу.

Ар-ұят, ашуланбау, байыптылық, ақылға жеңдіру, сабырлы, салмақты, инабатты, әдепті, сезімтал, парқын білу, пайымды, мейірімді.


3-тапсырма: Төмендегі мәтіндерді оқып, парасаттылыққа қатысты ойларды іріктеп, өмірдегі маңыздылығын дәлелдеп, айтып беріңдер.

  • Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында. Әл-Фараби


  • Парасат – қараңғыдағы шырақ. Жүсіп Баласағұни


  • Өзінің сеніміне қарай іс жасаған адамның бәрі парасатты емес, ол үшін оның сенімі де парасатты болуы керек. Федор Достаевский


  • Ұлтты ұйытқылы ететін – ПАРАСАТ. Адамды абзал ететін – ИМАН.

Әбіш Кекілбаев.

Қорытынды: Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойдың жан-жақты дамуына көңіл бөлуі қажет. Шын мағынасындағы білімділік – тамаша адамгершілік сипат.


























6. Топпен ән айту

Армандастар Сөзі: Н.Әлімқұлов Әні: Ә. Бейсеуов

Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік,

Бір дәурдің мөлдіреген аспаны едік.

Бәріміз де жазылмаған дастан едік,

Армандастар - құрдастар.

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік,

Бәріміз бір өмір жолын бастап едік,

Армандастар қайда?

Абзал достар қайда?

Замандастар, қарлығаштар қайда екен?

Арман қуған, қиял қуған кезің қайда,

Құрбы қыздар, мөлдіреген көзің қайда?

Сол алғашқы алаулаған сезім қайда?

Армандастар - құрдастар.


Бәрің, достар әр тарапқа кеттіңдер ме,

Әлде биік асулардан өттіңдер ме?!

Әлде игі армандарға жеттіңдер ме?!

Қайдасыңдар, құрдастар?!

(бейнеклип)

мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды

7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: Өздеріңе ұнайтын бір туар тұлғаның суретін алып, сыныпты таныстыр. Ол тұлға жайлы әңгімелеп беру.


8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде,

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.

Сабаққа белсене қатысып,сыр бөліскені үшін алғыс айту.


Тексерілді:





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
472
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі