Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста...»сынып сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста...»сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста...»қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Әбуханова А.Н

Күні:

9.10.2023

Сынып: 5 «ә»

Қатысушылар саны:15

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста...»

Құндылық

Ұлттық мүдде

Мақсаттары

-оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абайдың өмірбаянымен, әндерімен және қарасөздерімен таныстыру;

-оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау,есте сақтау, сезіну қабілеттерін дамыту;

-Абайдың шығармалары арқылы туған елге деген махаббатты,қазақтың ән өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу.

Бекітемін:



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Нәтиже/

Құндылық





3 мин



Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім сөзі:

Парасатты болып туған, Шыңғыстаудың Абайы.

Ән мен жырын мұра қылған, Сарыарқаның Абайы.

Нақылымен сана құйған, Қазағымның Абайы.

Ақылымен дана болған,

Бүкіл әлем Абайы.

 

Оқушылар мұғалімнің кіріспе сөзін тыңдайды



Өлең жолдары жазылған плакаттар




Оқушылар рухани және жауапкершілік құндылығы тәрбиесін алады.

7 мин

Ой шақыру:

Әсемпаз болма әрнеге, (1-қатар)

Өнерпаз болсаң – арқалан. (2-қатар)

Сен де бір кірпіш дүниеге, (3-қатар)

Кетігін тап та бар қалан (барлығы)

Мұғалім сөзі:

Біреулерге болғанмен айдала,

Басын иіп тәу етеді бар дана.

Ұлы Абайды дүниеге әкелген,

Құдіретіңнен айналайын, сардала.

Балалар, бүгінгі сабақта біз қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз туралы ой бөлісеміз. Әрбір жас ұрпақ кішкентай кезінен бастап Абай атаның әнімен сусындап, жырларынан нәр алып келеді.

Мырзагелді Кемел: «Мен қазақты үшке бөлер едім. Біріншісі - Абайды оқығандар, екіншісі - Абайды оқысам деп жүргендер, үшіншілер - Абайды оқымағандар».

Ой қозғау

- Балалар, сендер осының қайсысына жатасындар?


Тақтада берілген тармақтардың біріншісін 1-қатар, екіншісін 2-қатар, үшіншісін 3-қатар, төтіншісін барлығы оқиды







Оқушылар мұғалімнің кіріспе сөзін тыңдайды





Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап беріп,ойларын ортаға салады.












Ұлы ақынның фото

суретері












Достық, бір-біріне сыйластық қарым-қатынасы орын алады, ынтымақтастық құндылығы жүзеге асады


2 мин

Топқа бөлу

Оқушыларды мұғалім өзі 1-2-3 реттілігімен санап, үш топқа бөледі.

Оқушылар топтарға бөлінеді

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Топта бірлесіп жұмыс жасайды.

Бірлік, сыйластық құндылығы

10 мин

Негізгі бөлім

Абай – ақын, Абай – дана, ойшыл, заман суреткері. Абай – аудармашы. Абай – сазгер.

Абай 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Жидебай жерінде Шыңғыстау етегінде дүниеге келген. Абайдың атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған.

Абайдың әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ- даңқы алысқа кеткен беделді адамдардың бірі болған. Қарқаралы уезінің аға сұлтаны болып сайланған. Шешесі Ұлжан шешендікпен, тапқырлықпен аты шыққан. Абай 10-12 жас аралығында мұсылманша оқып, хат таныған. Ал 12 жасындаСемейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. 14 жасында үш ай орыстың Приходская школасында орысша сабақ оқиды. 15 жасынан бастап, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел- жұрты Абайды би етіп сайлайды.

Абай – ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған адам.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боларсың елден бөлек,- дейді Абай ата.

Оқушылар сіздер ұлы ақын туралы не білесіздер? Сынып оқушыларымен ақпарат алмасып, жаңа ақпараттарды жазып отырамыз.


Оқушылар Абайдың өмірінен,шығармашылығынан білетін ақпараттарын ортаға салды





Абай араб, парсы, түркі тілдерін үйренді



14 жасында сықақ өлеңдер шығарған



Абайдың 45 қара сөзі бар



Ұлы ақын 1904 жылы өмірден өтті












Ұлы ақынның өмірінен фото

суреттер жинағы






5 мин

Шығармашылық жұмыс

1. Абай Құнанбаевтың жыл мезгілдеріне байланысты қандай өлеңдері бар? («Қыс», «Жазғытұры», «Жаз», «Күз»).

2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).

3. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).

4.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)

5. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет Байтұрсынов).

6.Абай өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы Петербургта).

7. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).

Оқушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығына туралы берілген сұрақтарға жауап берді




Еңбекқорлық, шығармашылық құндылықтары






3 мин

Рефлексия

Бүкіл әлем Абайды таныған Абай есімін естігенде есімізге не түседі? Біз Абай жайлы көп мағлұмат алдық. Ендеше, соны мына күннің әрбір шапағына жазып көрсетейік.


Оқушылар күннің шапағын толтырып, жазғандарын оқып,бөліседі



Достық пен жауапкершілік.

Бір-біріне сыйластық құндылығы

5 мин

Қорытынды

Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ:

Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...

Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы. Сондықтан, балалар, біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.06.2024
325
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі