400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ақылды асық ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
кіріктірілген ашық сабақ мектепалды топ
Материалдың қысқаша нұсқасы





Ұйымдастырылған іс әрекет тақырыбы: «Ақылды асық»

Ұйымдастырылған іс әрекет міндеті: Атадан балаға өнеге болып қалар қазақ ұлтының ұмытылып бара жатқан дүниелерінің бірі асықты балаларға таныстырып көрсету, ойнату, түсіндіру, әртүрлі-түстегі асықтармен қарапайым математикалық сандарды санап үйрету. Сонымен қатар, балаларды ептілікке,шапшаңдыққа баулу. 

Көрнекіліктер: Түрлі-түсті асықтар, сандар белгіленген карточкалар,

Шаттық шеңбері:

Қайырымды жандар айнала ( қолын алдына созады)

Шеңберге келсін жайлана

Жалықпастан қайта біз (Өзін кқрсетеді)

Маххабат сөзін айтамыз (жүрекке қояды)

Сүйеміз барлық әлемді ( қолын алдына созады)

Әлемдегі бар елді ( қолын алдына созады)

Бақыттымыз осы біз (өзін көрсетеді)

Қасымызды досымыз достарының қолынан ұстайды)

Балалар қараңдаршы менің қолымда не бар?

Балалар асық дегеніміз не? Кім біледі? Асық қайдан шығады?

Жарайсыңдар балалар, Қойдың жілігінен алынады.

Асық түрлеріне қарай сақа, кеней болып, бөлінеді. Сақаға ірі үлкен қошқар, ісек асықтарының оңқайы алынады. Кеней деген қой, ешкі, киік, қозы, лақ асықтарының жалпы аты. Асықты тәйкесінен тұрғызып, өзіне қаратып қойғанда, ұшы оң жаққа қарап тұрса оңқай, ал сол жаққа қарап тұрса – солақай асық деп аталады.

осы асықпен қалай ойнау керек ?

Қандай ойын түрлері бар?

Асық ойындары:

Ханталапай,Асық ату.

Асық иірімдері қандай- бүк, шік, тәйкі, алшы

Балалар қараңдаршы менің қолымда не бар?





Ендеше мен сендерге ата бабамыздан келе жатқан ұлттық ойынға ойнайтын асық туралы кішкене мағлұмат айтып берейін.

Асық – қазақ халқының ұлттық ойыны. Асық төрт түлік малдың сүйегінен алынады. Оның түрлері көп.Атап айтқанда сақа, кеней, шүкейт, көктабан және тағы басқа да түрлері бар. Асықтың тұрысының өзі әртүрлі боп бөлінеді. Алшы, тәйке, бүге, шіге, омпы, шоңқай.Асықтың осы тұрыстарынан оң жақ және сол жақ екенін ажырата аламыз. Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ойындарының бірі.

- Балалар асықпен ойын ойнағыларың келе ме? Ендеше мына қорапшаның сыртында түрлі –түсті асықтар бейнеленген. Бізге асықтардан тапсырма берілген екен.Орындап көремізбе?

1-тапсырма. «1-ден 10-ға дейін тура және кері сана»

 Міндеті: 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау. Балалар қолдарына берілген асықтарды ілгері кейін санап үйрену. Есте сақтау қабілетін дамыту.

2-тапсырма. «Кім шапшаң?» пазл

Міндеті:  қораптардан асық иірімдерін құрастыру

3-тапсырма. «Дыбысты анықта»

Міндеті: берілген карточкадан суретті атап, қай дыбысытан басталатынын айту

4- тапсырма: «Жолдар тізбегі»

пішіндер мен асықтарды ала отырып, өз жоддарымен дұрыс жүру

 

5- тапсырма:

Сергіту сәті:    «Асық әні»

6- тапсырма Шығармашылық жұмыс

Міндеті: берілген суретті асықтармен толықтыру      

 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 наурыз
221
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі