Тақырыбы. «Ақылды бала» Интелектуалды
ойыны
Мақсаты: Оқушыларды оқулықты
құрметтей білуге, оқулықты ұқыпты ұстауға баулу.Оқушылардың
білімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру.Оқушылардың
кітапқа,білімге деген сүйіспеншілігін
арттыру.
Көрнекілігі: плакаттар,шарлар, көрме
кітаптардан.
Ойын «Дәрігер мен бала»
көрінісімен басталады
Бірде оқушының кітабы
науқастанып қалып , дәрігерге әкеледі2
Оқушы: Сәлеметсіз бе,
дәрігер?
Дәрігер: Сәлеметсіз
бе!
Оқушы: Дәрігер, мен сізге кітабымды
әкелдім.Ол қатты науқас.
Дәрігер: Жарайды, алдымен диагнозын
анықтап алайық.
Оқушы: мен үйде жоқта кішкене балалар
алып, осындай күйге жеткізді.
Дәрігер: Мұңайма, емдеп
жазамыз.Кітабыңа су тиген беттері жыртылған.Мен саған мынадай
кеңестер жазып беремін,үнемі сақтап жүр.Кітап арасын ешқашан
бүктеме, қарындаш арасына салма, сыртын қаптап ал. Беттерін жыртпа,
сызба.
Оқушы: Жарайды,
дәрігер.Кеңестеріңізді үнемі есте
сақтаймын.
Дәрігер: Жазылып кетіңіздер! Сау
болыңыздар!
Оқушы: Сау болыңыз! Сізге көп
рахмет.
Дәрігер: Балалар кітап шебер ұстаз,
тілсіз мұғалім.Кітап адал пейіл, асыл дос.Қойған жеріңде жатады,
қолыңа алсаң тіл қатады.
Оқушы: Сәлеметсіңдер ме , балалар?
Менің кітабыма көмектесіңдерші.Оның тезірек жазылып кетуіне тек
сендер ғана көмектесе аласыңдар.Көмектесесіңдер ме? Ой рахмет
сендерге , балалар.
Кітап
: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Менің тезірек жазылып кетуім үшін , менің интелектуалды ойныма
қатысып, сұрақтарыма жауап берсеңдер болғаны.Ал, балалар,
дайынсыңдар ма?Ендеше бастайық.
Топтар өз командаларын
таныстырып шығады.
1-топ Қырандар 2- топ
Жұлдыздар
Ойын 7 кезеңнен
тұрады
-
кезең «Көкпар»
сайысы.
Екі топқа төрт сұрақтан
қойылады.Ақылдасып шешесіздер.
Егер бір топ өзіңе берілген
сұрақтарына жауап бере алмаса екінші топ жауап беруге құқылы. Ұпай
жауап берген командаға беріледі:
-
Қазақтан шыққан алғашқы
ғарышкер кім?(Тоқтар Әубәкіров)
-
Қазақстанда ең алғаш мектеп
ашқан кім? ( Ыбырай Алтынсарин)
-
Үш биді ата? (Төле би, Қазыбек
би,Әйтеке би)
-
Дүние жүзілік чемпион атағын
алған, алғашқы қазақтан шыққан палуан кім?
1)Ауа терпературасы немен
өлшенеді? (термометр)
2)Еліміздің намысын қорғаған
қандай боксшыны білесіңдер? (Бекзат
Саттарханов)
3)
Көкжиектің тұстарын қандай
құралдың көмегімен анықтайды? (компас)
4)Үш арсыз не? (ұйқы, күлкі,
тамақ)
2- кезең.Топ жетекшілер
сайысы « Сен білесің бе?
1- топқа
сұрақ
1.Бала тәрбиесін қадағалайтын
мейірімді жан? (Ана)
2.Анаңның әкесі кім болады
саған? (Нағашы ата)
3.Бал қандай жәндіктің
көмегімен алынады (Ара)
4.Саңырауқұлақ қайда өседі?
(Орманда)
5.Қыс мезгілінде не
жауады?(Қар)
6.Жыл мезгілі неше кезеңге
бөлінеді? ( 4)
7.Жемін түнде аулайтын құс.
(Жапалақ)
8.Кітаптар тұратын бөлмені не
дейміз? (Кітапхана)
9.Қазақстан астанасы? (
Астана)
10.Көру мүшесін не дейміз?
(Көз)
2- топқа
сұрақ.
1.Оқушыларға сабақ беретін
адам? (Мұғалім)
2.Аптаның төртінші күні?
(бейсенбі)
3.Түйе сүті
(Шұбат)
4.Шөлге төзімді жануар?
(Түйе)
5.Қоянның баласы
(Көжек)
6.Қыста ұйықтайтын
аң?(Аю)
7.Қазақтың жаңа жылы ?
(Наурыз)
8.Ат жарысы?
(Бәйге)
9.Аптаның қасиетті
күні?(Жұма)
10.Көшпелі тұрмысқа лайықты
үй? (Киіз үй)
3- кезең «Шатасып кеткен
сөздер» сайысы
Бірнеше сөздерден сөйлемдер
құрастыру.
Топқа сөздер беріледі.Бірде
біреуін қалдырмай , өзгертпей сөйлем
құрастырады.
1-топқа Кішкентай балақай үй
жанында ойнап жүріп кәмпит толы дорбаны тауып
алды.
-
Топқа Әже жұмсақ жиһазда
отырып, теледидардан сиям мысықтары туралы кино
көрді
4-кезең. «Бітпеген сурет»
сайысы.
Белгілі бір суретші әдемі
сурет салғысы келген еді.Бірақ өкінішке орай оның бояулары таусылып
қалыпты. Сендерге тапсырма: Алдарыңа берілген суретке қарап,
суретші не жайлы салғысы келгенін біліп, суретті толығымен
аяқтандар.
1)Толқынды сызық; 2)Параллель
сыз
5- кезең:Сөзден сөз шығару
сайысы.
Екі топқа бір ұзын сөз
беріледіСол сөзден бірнеше сөздер шығарса, сол топ жеңімпаз
аталады.
-
Ұйымдастырушы; 2)
Бейбітшілік
6- кезең. « Жанкүйерлерге
тапсырма» сайысы.
Әр топтан бір – бір оқушы
шығып өз тобына жеңіс алып береді
Қолдарыңдағы бетте орысша
жазылған сөздер берілген сонын қазақшасын
табыңдар.
-
Виноград –
жүзім
-
Осень-
күз
-
Лес-
орман
-
Лиса-
түлкі
-
Книга-
кітап
-
Снег-
қар
-
Яблока-
алма
-
Дом-
үй
-
Нос –
мұрын
10)Вечер –
кеш
1)язык-
тіл
2)быстро –
тез
3)список –
тізім
4)дождь-
жаңбыр.
5)часы-
сағат
6)хлеб-
нан
7)птицы
–құс
8)лошадь-
ат
9)солнце-
күн
10)мороз –
аяз
Кітап : Рахмет сендерге,
балалар, мен енді қайта өз қалпыма келдім. Ал, енді қазылар
алқасына сөз берілсін. Қазылар алқасы дайын болғанша Жұпардың
орындауындағы әнді тамашалаңыздар
Марапаттау.
№27 орта
мектебі

(Интелектуалды
ойын)
Өскемен
қаласы