15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ақылды тыңдай білу де өнеге"
Өзiн - өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: А. Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББМ
Тақырып: № 19 Ақылды тыңдай білу де өнеге.
Құндылық: қиянат жасамау
Қасиеттер: әрқашан көмектесу, қамқорлық жасау, өзгелерді ренжітпеу.
Мұғалiм: Калмурзина Данагүл Жайсанқызы
Класс: 4
Оқушылар саны: 23
|
Сабақ мақсаты: Оқушыларға ақылды тыңдау, үлгі-өнеге туралы әңгімелей отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері: - Оқушыларды әрдайым өзгеге көмектесуге үйрету; - қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу; - әрбір істе өзгелерді ренжітпей, байсалдылықпен әрекет жасауын дамыту. |
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) |
|
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. 5Т. 5жұмыс құралын түгендеу: күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш. Тыныштық сәті. «Орманға саяхат» Үй тапсырмасын тексеру №19 сабақ. 93-94 бет «Қорада малың болсын,көшеде талың болсын» С.Ақаев - Әкесі балаларына қандай өсиет айтты? - Әке өсиетінің мәні неде, оның пайдасы болды ма? - Ешкімге зиян келтірмеу, жаман ниеттен арылған адам қандай болады? |
Сабақ барысын талқылау: |
|
Дәйек сөз. «Адамдағы білім, ақыл мен жігер жақсылыққа , ізгілікті істерге, адамдарға деген сүйіспеншілікке бағытталуы тиіс» А.Құнанбаев - Неліктен білім, ақыл, жігер ізгілікті істерге бағытталуы тиіс? - Адам бойында жақсылық, ізгілік қасиеттері мәңгілік ұяласа не болады? -Сүйіспеншілікпен әрекет ету арқылы неге жетеміз? |
Komek.kz. (Даналар кітабы) |
|
Әңгiмелеу «Әке мен бала» Бірде 16 жасар Аруннан әкесі қалаға конференцияға апарып келуін өтінді. Ол бұл мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысты. Анасы қаладан алып кел деп бірнеше заттың тізімін беріп жіберді. Әкесі екеуі қалаға келді, ол Арунға көліктерді жөндейтін орталыққа барып келуді тапсырды. Сосын сағат 5 те осы жерден мені күт, ауылға қайтамыз деді. Осы жұмыстардың бәрін тездетіп орындап, ол кинотеатрға барып өзінің сүйікті фильмін қарап отырғанда сағат 5 30 болғанын байқамай қалады. Көлігіне мініп дереу келді. Неге кешіктің деген әкесінің сұрағына, көлік жөндейтін жерде болдым деп, жауап берді. Ал әкесі болса, баласы кешіккесін сол жерге хабарласып сұраған, демек Арунның өтірік айтқанын біліп тұрды. Әкесі оған, сен осы күнге дейін кімнің ақылымен, тәрбиесімен өсіп келесің деп сұрақ қойды. Бала, сіздің,-деп жауап берді. Сол кезде ол ештеңе деместен, мен ауылға жаяу барамын деп, бірнеше километрден тұратын жерге жаяу кетті. Күн суытты, бала болса көлікпен артынан еріп отырды, күн қараңғыда, жалғыз өзі жол бойында келе жатқан әкесін көргенде, өз қателігін, әкесіне қандай қиянат жасағанын түсінді. Және дәл сол жерде, сол уақытта ешқашан өтірік айтпауға, ешкімге қиянат жасамауға өзіне уәде берді. Егерде сол кезде әкесі Арунды қатал жазалайтын болса, онда ол ешқашан қиянат жасаудың қаншалықты ауыр екенін түсінбес еді. Осы оқиға оның өмір бойы адамдарды қиянат жасамауға шақыруының негізгі себебі болды.
|
Metod-kopilka.kz. |
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 4 топқа түстер арқылы бөлінеді. 1-ші топ ортаға жиналып жұмсак ойыншықты бір-біріне жалғау аркылы қиянат жамасау әрекеттерін айтады. 2-ші топ Жақсылықты көре білу – (көзге) қиянат жасамау 3-ші
топ Дұрыс тамақтану –
(денсаулығымызға) қиянат жасамау, |
|
|
Үй тапсырмасы. №20 сабақ 97-99 бет «Қызғаныштың кесірі». |
|
|
Топпен ән айту. «Ақ көгершін» Сөзі:А.Жұбановтікі Әні: Н.Баймұхамедовтікі Ақ көгершін, көгершін, Қолқанат құс сен едің, Бар, кезіп қайт ел үшін, Кең дүниенің көлемін. Әділеттің құсы деп, Көз алмастан жолыңнан Бақыт болып қоншы деп, Ұшырамын қолымнан. Қайырмасы: Ел тілегін алып ұш, Адамзаттың бағына. Қара бұлтты жарып ұш, Мұхиттың арғы жағына. Сенен көзін алмайды, Ақ ниетті бар адам. Ақ қанатың талмайды, Әділеттен жаралған. Тыныш – бейбіт өмірдің, Белгісі боп қанат қақ. Әлемге ортақ көңілдің, Қайт шыңына қонақтап. |
|
|
Сабақ соңындағы тыныштық сәті. (1 мин) Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген