|
Сабақтың
мақсаты: Оқушылардың «сыйластық»
құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-
ақылды тыңдай білудің өмірдегімаңыздылығын
түсіндіру;
-
ақылды тыңда білу іскерліктерін
дамыту;
-
ақыл, өнеге, өсиеттерді тыңдауға, бағалауға
тәрбиелеу.
|
Көрнекі
құралдар:
суреттер, қима – қағаздар,
нақыл сөздер
|
|
Сабақтың
барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу,
түгелдеу
ә) оқушылар назарын сабаққа
аудару
б) Тыныштық сәті
«Су
асты патшалығына саяхат » тыныштық сәтін
орындату.
|
Оқушылар тыныштық сәтін баяу әуен арқылы
орындайды.
|
|
Үй тапсырмасын тексеру
Талап туралы жазып келген мақал-мәтелдерін
сұрау.
|
Оқушылар жаттап келген жаттауларды
айтады.
|
|
Әңгімелесу
-
Ақылды адамның бойында қандай қасиеттер
болады?
-
Ақылды болу үшін не істеу
керек?
|
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын
талдайды.
|
|
Мәтінмен жұмыс
Қорада малың болсын, көшеде талың
болсын
С.Ақаев
- Балаларына айтқан әке өсиетінің мәні
неде?
-
Балалардың әке сөзін тыңдай білгеннің арқасында қандай дәрежеге
жете білгендері туралы өз ойыңды білдіріп көр.
|
Оқушыларға сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру
мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады.
|
|
Топпен жұмыс
Түйіндеме
Данышпан атаның ақыл-кеңестері
1.Адамдарға ізет білдіріңдер!
2. Түсінбегеніңді сұрап
алыңдар!
3.Айтылған сөзге мән беріңдер!
4. Әңгімені мұқият тыңдап
алыңдар!
5.Сөйлеушінің сөзін бөлмеңдер!
6. Сөйлеп тұрған адамға көңіл
бөліңдер!
Жағдаятты талдау
Оқушылар оқулықтағы суреттер бойынша жағдаяттарды
шешеді. Жағдаят бойынша суреттердегі балаларға қандай ақыл-кеңес
берер едіңдер деген тапсырма берілген.
Жаттығу
-
Ақботаның қоржынынан әр оқушы кеспе
қағаздарға жазылған даналық сөздерді дәптерлеріне жазып, жария
етеді, есінде сақтайды.
-
Өздері тыңдап өскен, өмірде қолданып
жүрген ақыл сөздерді естеріне түсіріп, дәптерлеріне жазады және
жария етеді.
|
Оқушылар тапсырмаларды
орындайды
|
|
Дәйексөз
«Ата – анаңның ақылы –
Сайрап жатқан жолмен тең.
Ақылдының ақылы –
Сарқылмайтын көлмен тең» - деп айтқан
болатын.
|
Халық мақалы
|
|
Дәптермен жұмыс:
Тапсырма: Дәптерде берілген бұлбұлдың,
күйшінің, ұстаздың, баланың, әженің суреттері тұстарына қалдырылған
бос жолдарға олардың қандай ақыл сөздерін тыңдағыларың келетіндігін
жазу.
|
Дәптердегі тапсырмаларды өз беттерінше
орындайды.
|
|
Үй тапсырмасы:
«Ізеттілік әліппесі» өлеңін
жаттау.
|
Күнделіктеріне жазады.
|
|
Соңғы тыныштық сәті:
Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды
жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі
сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық
сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар,
сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп
қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете
аласыңдар.
|
Оқушылар көздерін жұмып
демалады.
|