400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақылды тыңдай білуде өнеге

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп 87 Мерзiм_________________

19 сабақ Сынып 4 «а, в, б»

Тақырып: Ақылды тыңдай білу де өнеге

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: ақылдылық, сыйластық, сабырлылық

Мұғалiм: С.Досаманова Оқушылар саны

Сабақ мақсаты: Оқушылардың ақылды тыңдай білуде дұрыс әрекет құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.


Міндеттері:

  • өмірден өз орнымызды нақты таба білуде, ақылдылық қасиетін түсіндіру;

  • ақылды тыңдай білу іскерліктеріне баулу арқылы сабырлылық қасиетін дамыту;

  • ақыл,өнеге,өсиеттерді тыңдауға,бағалауға тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер, үнтаспа

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

-Қош келдіңдер, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.

Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

-Қандай әсерде болдыңдар?

Ескерту:

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Қорада малың болсын,көшеде талың болсын» атты әңгімесі.

Сұрақтар қойылады.

  • Балаларына айтқан әке өсиетінің мәні неде?

  • Балалардың әке өсиетін тыңдай білгеннің арқасында қандай дәрежеге жетті?

Бізге үлгі-өнеге болатын үлкендердің, даналардың ақыл-өсиеттерін, даналық сөздерін тыңдап, оларды өмірде қолдана білсек, өмірден өз орнымызды нақты таба аламыз.Сол себепті қолдан келгенше үлкендердің кеңесін, ақылын құлақ түріп, тыңдаған жөн.



  1. Дәйексөз.

«Ата-анаңның ақылы,сайрап жатқан жолмен тең.

Ақылдының ақылы,сарқылмайтын көлмен тең»-деп айтқан болатын.

Mағынасын ашу,түсіндіру.

-Әңгімедегі әке өсиетін мүлтіксіз орындаған балалары өмірде ештеңеден қиындық көрмей,жақсы өмір сүрген екен.Ал өсиет сөзге құлақ түріп тыңдамайтын адамның ісі алға баспай,сол күйі қалады.Ата сөзін,әке сөзін,ұстаз сөзін,үлкендер сөзін,халық даналығын,өсиетін дұрыс ақылға салып тыңдай білген адамның ақылы толыса түседі,адаспайды.Ақылды тыңдайтын бала да ақылды атанады.


Әңгiмелеу

«Құстардың ұя салуы» ертегі К.Елемес

Ұлық патша осы әлемді жаратқаннан кейін, дүниеге қожа болсын деп, адамнан бұрын құстарды жаратыпты. Құстар да өзара үндеседі екен, тілдеседі екен. Әрине біздің тілімізде емес, өздерінің тілінде.

Күндер де бір күні, құстардың патшасы жер жүзіндегі күллі құстар атаулыны жинап алып:

-Біз бүйтіп, басымыз ауған жаққа самғап ұшып, қанатымыз талған жерге түнеп жүре бермейік. Жаратылысымызға қарай, лайықты жерлерді мекендейік. Мекен тұтудың бір белгісі ұя салу. Сондықтан, әркім өзіне лайықтап ұя салсын. Ол үшін мен сендерге ұяны қалай салудың тәсілдерін үйретейін, - дейді.

Құс біткен тапжылмай патша сөзіне ұйып, ыждағатпен оның аузына қарайды. Құс патшасы:

-Әуелі ұя салу үшін, біз құстарға негізінен ағаштар мен бұта-бүргендердің басы өте қолайлы әрі қауіпсіздірек, - дейді. Бұл сөзді естір-естірместен жапалақ бастаған бір топ құс «Біз білдік» деп ұша жөнеледі. Патша сөзін арман қарай жалғап:

-Ағаштың басына шөпшектерді жинайсыңдар да, ішін қуыстайсыңдар, -дегенде қарға қауымы «Білдік» деп ұша жөнеледі.

Құс патшасы:

-Жинаған шөпшектеріңнің ішін қуыстайсыңдар да, сол қуысқа жылқының құйрығы мен шөп- шаламды араластыра жинайсыңдар, - дей бергенде үкі бастаған бір топ «жөн екен» десіп, олар да ұя салуға аттанады. Патша:

-Құйрық пен шөп-шаламды ұяның ішкі қабырғасына айналдыра қалайсыңдар. Оның ішіне жүн-жұрқаны төсейсіңдер, -дей бергенде торғай әулеті тегіс қотарыла шөп-шалам, жүн-жұрқа жинауға кетеді.

Құс патшасы өсиетін одан ары жалғап:

-Жөні келсе, ұяны үңгірлер мен ағаштың қуысына салған жөн,-дегенде жарқанат пен тоқылдақ бастаған орман құстары аттанады.

Патша:

-Е-е-ең жақсысы үйлердің дөдегесі мен бөренесіне салған ұя. Оны құйрық араласқан лаймен лайлап, қабырғасына шөп-шалам қалап, оның ішіне жүн-жұрқа мен мамық төсейсіңдер. Ондай ұя әрі шыдамды, әрі жылы болады, -дейді.

Бұл уақытта құс патшасының алдында тек қарлығаш қауымы ғана қалған еді. Ұя салу жайлы құс патшасының өсиетін ақырына дейін толық тыңдаған құстардың ұясы, оны ең соңына дейін тапжылмай тыңдаған қарлығаштыкіндей кемелді болмай шығуының сыры осында екен.

Сұрақтар қойылады.

Түйіндеме Данышпан атаның ақыл-кеңесін білдіретін түйіндемемен таныстыру:

  1. Адамдарға ізет білдіріңдер!

  2. Түсінбегенді сұрап алыңдар!

  3. Айтылған сөзге мән беріңдер!

  4. Әңгімені мұқият тыңдап алыңдар!

  5. Сөйлеушінің сөзін бөлмеңдер!

  6. Сөйлеп тұрған адамға көңіл бөліңдер!


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Суреттегі балаларға қандай ақыл-кеңес берер едіңдер деген тапсырма беру.

Өздеріңе айтқан үлкендердің ақыл сөздерін естеріңе түсіріп, айтып беріңдер.




  1. Топпен ән айту.

«Бақытты балалық шақ» атты көңілді әнді шырқайды.


  1. Үй тапсырмасы.

20 сабақ Ж.Байбұланованың «Қызғаныштың кесірі» атты мәтінін оқып келу.

Дәптермен жұмыс

Дәптерде берілген бұлбұлдың, күйшінің, ұстаздың, баланың, әженің суреттері тұстарына қалдырылған бос жолдарға олардың қандай ақыл сөздерін тыңдағылары келетіндігін жазу.



  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Жайланып отырып, көздеріңізді жұмып, сабақта алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
619
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі