жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ақылдылар шоқжұлдызы
Тақырыбы: Ақылдылар шоқжұлдызы
Мақсаты: Оқу іс-әрекетінің әр саласынан білімдерін кеңейту. Балалардың ой-өрісін, қиялдарын дамытып, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Сөздік қорын молайту. Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрі туралы білімдерін терендету. Қазақ халқының адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрімен сабақтастығын түсіндіру, еліміздің кейбір салты мен ырымдарын үйрету. Ұлттық мәдениетке, халқымыздың тарихына қызығушылық, өз халқының салт-дәстүрін сақтауға, дамытуға дайын азаматты қалыптастыру. Сыйластыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Адамгершілікке, елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нөмірленген асықтар, слайд, бейнепроектор.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! Бүгінгі біздің мектебімізде 5-6 сыныптар оқушылары арасында өткелі отырған «Ақылдылар шоқжұлдызы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!
Ортаға «Достар» тобын, «Ұлан» және «Сұңқар» топтарын шақырамын.
Жүргізуші:
Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.
І бөлім: Екі топ басшыларын таныстыру.
ІІ бөлім: Бәйге бөлімі, мен сіздерге сұрағын оқимын,сендердің сұраққа жауап берулерің, шапшаңдықтарың белгілі болады.
ІІІ бөлім: Тапқырлар сайысы.Қойылған сұрақтарға жауап беру.
ІҮ бөлім: Бейнетаспадағы тапсырма.
Үбөлім: Полиглоттар. Ағылшын тілінде сөздік жұмыс.
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырамын.
Жасталапова Азиза Жасұланқызы
Қайратқызы Алина
Енді жеребе тастайық. Ендеше, мына қоржынның ішінен нөмірленген асықты алып сайысты қай топ бастайтынын білейік.
І бөлім: Топ басшыларын таныстыру
Жүргізуші:
Кімдер жүйрік, білімпаз біз білейік.
Мектебіміздің жеңімпазы деп жүрейік.
Қазылардан тек қана әділдікті,
Ал сайыскерлерге сәттілік тілейік!
(Оқушылар өздерін таныстырып болған соң, өздеріне берілген орындарға барып орналасады).
ІІ бөлім: Бәйге, мен сіздерге сұрағын оқимын, сендердің сұраққа жауап берулерің, шапшаңдықтарың белгілі болады.
«Достар» тобының сұрақтары
Қай сан көп 5 немесе 7? ( 7)
Дөңгелек бұрыштарымен болады ма? (жоқ)
Қыста қай аңдар ұйықтайды? (қоңыр аю, кірпі)
Ақтау қаласы қай теңіздің жағасында орналасқан? (Каспий)
Алло әнін кім орындайды? (Төреғали Төрәлі және Ерке Есмахан)
Ертегідегі бауырсақтың шашының түсі қандай? (жоқ)
Жер бетінің қағаз бетіне кішірейтіліп түсірілген бейнесі (карта)
Ұя салмайтын құс (Көкек)
Біржанмен айтысқан ақын қыз (Сара)
Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды адам ( Президент)
«Сұңқар» тобының сұрақтары
Қай сөздер бас әріппен жазылады?
Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2, дауысты және дауыссыз)
Бейбітшілік құсын ата? (көгершін)
12 ай нені құрайды? ( ай)
Сөйлемдердің соңында қандай белгі тұрады? (нүкте)
Күздің алғашқы айы? (қыркүйек)
Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
Қазақстан қашан тәуелсіздігін алды? (16 желтоқсан, 1991 ж)
Түйе сүтінен не әзірлейді? (шұбат)
Бір жылда неше күн бар? (365 күн)
«Ұлан» тобының сұрақтары
Дыбыс дегеніміз не? (Дыбысты естиміз, айтамыз)
Ең үлкен уақыт өлшемі (Ғасыр)
Қыс мезгілінің алғашқы айы? (желтоқсан)
Жыл басы ( тышқан)
16 - желтоқсан қандай күн ( Тәуелсіздік күні)
Адам не жетіспегенде өмір сүре алмайды? (ауа)
12 ай( жыл)
Алтын киімді адам қай жерден табылды? (Есік обасынан 1969ж)
Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер? ( Керей, Жәнібек)
ҚР - ң мемлекеттік тілі( қазақ тілі)
Жүргізуші:
ІІІ бөлім: Тапқырлар сайысы. Қойылған сұрақтарға жауап беру.
Салт-дәстүр туралы бойынша сұрақтар.
Жеті атанды айт.
Тұсаукесер тойы дегеніміз не?
Сәби жүре бастаған кезде ата –анасы «балам тез жүріп кетсін»деген оймен жасалады. Арнайы жіп дайындап, жылдам жүретін адамға қидырады.
Үш байлық: Бірінші байлық – денсаулық. Екінші байлық –ақ жаулық. Үшінші байлық – он саулық.
Ауыл адамдарымен жаңа түскен келінді таныстыру үшін жасалатын дәстүр. (беташар)
Математика бойынша сұрақтар
1.Үстел үстінде 2 алма, 2 алмұрт жатыр, үстел үстіндегі көкөністердің санын айт? (жоқ)
2.Үстел үстінде 3 кесе қант тұр, соның 2-ін төгіп алды. Үстел үстінде неше кесе қалды? / 3 кесе/
3.1 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі? /3 минутта/
Қазақ тілі және қазақ әдебиеті бойынша сұрақтар
1.Жалаң
сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?
Бастауыш
пен баяндауыштан құралған сөйлем
2.Қазақ
әдебиеті – Менің атым Қожа повестінің
авторы кім?
Бердібек
Соқпақбаев
3. Заттың қимылын білдіретін сөз табы (Етістік)
4.«
Кел балалар оқылық!» өлеңінің авторы(
Ы. Алтынсарин)
5.
Абайдың әжесі (Зере)
ІҮ бөлім. Бейнетаспадағы тапсырма.
Айтылған әнді кім айтады? (Р.Рымбаева)
Сұрақтың жауабы: асық ату
3 жұрт - өз, нағашы, қайын жұртың
3 арсыз - ұйқы, күлкі, тамақ арсыз
3 қуат - ақыл, жүрек, тіл қуатты
Ү бөлім. Полиглоттар. Сұрақтарға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жауап беру.
1. Сырт – сырт етіп соғады
Кеудесінде жүрегі.
Өзі тілсіз сөйлейді,
Жансыз оның жүрегі.
(Сағат- часы-clock)
2.Жарқылдаған қос қылыш
Қолың тисе, жоқ тыныш.
(Қайшы- Ножницы- Scissors)
3. Аспанда бір ана бар,
Маңы толған балалар.
(Ай, жұлдыз- Луна,звезды-Moon,Star)
4. Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап-книга-book)
5. Мұрты
бар, иегінде сақал жок,
Тон бар, киетін
шапаны жок,
Пайдасы үй ішінекн табылған
соң,
Далаға кіріп шығар сапар жоқ.
(Мысық - кот - cat)
6.Ердің ..... сөйлегені өлгені.
(екі - два - two)
Қорытынды. Оқушыларды марапаттап, сыйлықтар табыстау.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
«Ақылдылар шоқжұлдызы» зияткерлік сайысынының хаттамасы
.
Өткізілген күні:16.03.2018ж
Қатысушылар: 5-6 сынып оқушылары
Мақсаты: Оқу іс-әрекетінің әр саласынан білімдерін кеңейту. Балалардың ой-өрісін, қиялдарын дамытып, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Сөздік қорын молайту. Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрі туралы білімдерін терендету. Қазақ халқының адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрімен сабақтастығын түсіндіру, еліміздің кейбір салты мен ырымдарын үйрету. Ұлттық мәдениетке, халқымыздың тарихына қызығушылық, өз халқының салт-дәстүрін сақтауға, дамытуға дайын азаматты қалыптастыру. Сыйластыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Адамгершілікке, елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген