400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ақылшылар мен ақылдылар" бәйгесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қадыр Мырза Али шығармашылығы арқылы оқушыларды рухани, зерделілік жағынан тәрбиелеу, әр түрлі формалар мен әдістер арқылы сөз өнеріне баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қадыр Мырза Али шығармашылығы арқылы оқушыларды рухани, зерделілік жағынан тәрбиелеу, әр түрлі формалар мен әдістер арқылы сөз өнеріне баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


№35 «Шұғыла» бөбекжайы МКҚК








Тақырыбы:

Бала тәрбиесі баршаға ортақ

«Ақылшылар мен ақылдылар» бәйгесі







Орындаған : Тажаяхова З






Орал 2014 ж

( Отбасымен ынтымақтастық орнату бағытындағы информатика кабинетінде өтілетін сайыс)

Қатысатыңдар: «Ақкөгершін» тобының балалары мен ата-аналары

Жауаптылар: Тажаяхова З (информатика пәні мұғалімі), Гиссатдинова Г, Шатунова Ж (тәрбиешілер), Елькина С (әдіскер)


Тақырыбы: «Ақылшылар мен ақылдылар» бәйгесі

Мақсаты: Қадыр Мырза Али шығармашылығы арқылы оқушыларды

рухани, зерделілік жағынан тәрбиелеу, әр

түрлі формалар мен әдістер арқылы сөз өнеріне баулу,

шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Міндеті: Тәрбие жұмысын тартымды, қызғылықты, ұтымды

ұйымдастыру арқылы өздерін тікелей қатыстыра отырып

тағылым беру, қазіргі өмір талабына сай қалыптастыру.

Көрнекілігі: слайд, үлестірмелі материалдар.

Барысы:

Анаң - күнің, жүрегің,
Әкең - өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Әжең - асыл ардағың,
Атаң - дала қорғаның.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!

- Армысыздар Құрметті ата - аналар, қонақтар!
«Ақылшылар мен ақылдылар» сайысына.Қош келдіңіздер.

Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады. Сайыстың әр кезеңінің өз ережесі бар.

 Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кай топтың жауаптары кәдік шықты.
«Ақылшылар мен ақылдылар» сайысында.
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Әділқазылармен таныстыру

«Сөздің көркі – мақал» деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады. Мақал-мәтелді көп біліп, көп қолданатын адамдардың білімі де, ақылы да арта түседі. Олай болса мақал-мәтел сайысымызды бастайық.Ал енді сайысымызды бастамас бұрын ойынның шарты: мақалдың мағынасын кеңінен ашу.

«Тұлпар» тобы: «Ананың сүті – бал, Баланың тілі - бал»

«Сұңқар» тобы: «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар».


Бірінші сайысымыз «Жалғастыр деп аталады,яғни жаңылтпаштардың жартысы оқылып, жалғасын балалар табуларың керек. 2 топқа үш-үштен қойылады.(Балаларға қойлады. слайдтан көрсетіліп тұрады). Ұпай саны есептеліп тұрады.

1 – кезең «Жалғастыр»

  1. Үш кіші ішік піштім

Бес кіші ішік піштім

(неше кіші ішік піштім?!)

  1. Жоғалды бес шыбыш,

Жоқ алі еш сыбыс

Жоқ алі еш сыбыс

(Жоғалды бес шыбыш)

  1. Шеше кеше неше есе (кесе көп алдыңыз?)

  2. Көш кеш келді,(Бес ешкі өлді.)

  3. Тымақ киіп қасқа басқа, (міндім мен басқа қасқа)

  4. Үш қышқа ұшқыш (ұш құс қонды.)


Ал, сайыскерлер жұмбаққа қалайсыздар?

Сіздер өтер әлі де талай сын бар

Тапқырлармен тауып айт қысылмай-ақ

Шешімін тапсаңдар жұмысқа жарайсыңдар ендеше келесі кезеңімізді бастаймыз. (Ата-аналарға арналған сайыс)


2 – кезең “Әрі қарай, әрі қарай ”

  1. Теңіздей түбі терең, сүңгіген жетер әрең. (Білім)

  2. Жылжытады алға бізді, жылжымайды бірақ өзі (класс)

  3. Қанатсыз құс маңып барады, көзінен жас тамып барады. (Бұлт)

  4. Бояуларым қашып кетті,

Көк қағазды басып кетті.

Қатарларын тізіп алды.

Арттарында ізі қалды. (кемпірқосақ)

  1. Күннен көзін алмайды, Мойны бірақ талмайды. (күнбағыс)

  2. Аласа талда Алуан алма. Ал қызыл болмай, аузыңа салма. (помидор)


3 – кезең “Шешен болсаң, шешіп көр”

Шарты: компьютерде өлең жолдары оқылады, өлеңнің қандай тақырыбы екен тауып айтылуы керек.

1. “ Әже” тақырыбы бойынша

Менің әжем, ақ әжем.

Ұл мен қыздың бағы әжем,

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем. («Менің әжем»)


2. “Тәте” тақырыбы бойынша

Тәтем менің студент,

Биыл соңғы курста.

Үлкен жолдың үстінде,

Айтар болсақ дұрыстап. («Менің тәтем»)


3. “Бөпе” тақырыбы бойынша

Ойыншықтай жұлмалап

Қоймасада түгімді,

Жақсы көрем

Бір ғана

Жасқа толған інімді. («Менің бөпем»)


4. «Дос» тақырыбы бойынша

Сендер менің сөзіме

Құлақтарың тосыңдар

Қатты ұнайтын өзіме

Ғажайып бір досым бар. («Менің досым»)


Сергіту сәті: Қадыр Мырза Али шығармашылығынан музыкалық сергіту сәті.

Қорытынды: Топтардың қанша ұпай жинағаны анықталып қорытындыланады және марапатталады.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
671
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі