жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ақылшым - мұғалым 2 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі
|
Мектеп: «№ 4 ЖОББМ» КММ |
||||||
Күні: 06.11.19 |
Мұғалімнің аты-жөні: Айқын Гүлдана |
||||||
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен |
Тақырыбы: Ақылшым – мұғалім.
|
||||||
Сынып: 2 ә |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||
Оқу мақсаты: |
2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау; 2.2.1.1 мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу. |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Шығарма мазмұның түсінеді, идеясын ашады. Балаларға бағыт-бағдар бере отырып, өз беттерімен жұмыс істеу арқылы ой-өрістері дамиды. Өздіктерінен қорытынды шығара алады. Балаларды мейірімді адал болуға, ұйымшылдыққа, үлкеннің ақылын тыңдауға, жұмылы жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. |
||||||
Бағалау мм критерийі |
Берілген сұрақтарды түсінеді; сұрақтарға дұрыс жауап береді; Тірек сөздерді қолданады; шағын диалогке түсе алады; ортақ ой, шешім шығара алады. |
||||||
Құндылықтар |
Ұстаз мамандығымен танысады және ұстазды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. |
||||||
Пәнаралық байланыс |
Қазақ тілі пәнімен байланысы көрініс табады. |
||||||
Алдыңғы меңгерілген білім |
Мектеп – біздің анамыз. |
||||||
Сабақ барыс
|
|||||||
Жоспарланған уақыт |
Сабақта жоспарланғаніс-әрекет |
Ресурстар
|
|||||
Сабақтың басы 5 минут 5минут |
І.Ұйымдастыру кезеңі. Балалар, бүгін біз Жетістік қаласына саяхат жасаймыз, саяхаттау барысында біз бірнеше тапсырмаларды орындайтын боламыз. «Жетістік қаласының дәстүрі»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Тақырыпты ашу. 1 тапсырма «Миға шабуыл – сөз жұмбақ» 1. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді дұрыс оқы. Жұмбақ сөздермен торкөздерді толтыр. Көкшіл жолақты торкөздегі сөзді дауыстап оқы.
Білім басқа бітеді.
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Білім – таусылмайтын кен.
2 тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерге ортақ тақырып ойлап тап. Осы ортақ тақырып пен ұстаз сөзінің арасында байланыс бар ма? Болса, дәлелде. Оқушылар өз ойымен бөліседі. Мұғалім: Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. Сонымен біз бүгін ардақты ұстаздар туралы өтеміз. «Ақылшым – мұғалім» деген Әнуарбек Дүйсенбиевтің өлеңмен танысамыз.
|
Сағаттың қоңырау дауысы
А 3 форматтағы сөз жұмбақ
http://sb |
|||||
Сабақтың ортасы минут 5 минут
|
ІV. Оқулықпен жұмыс жүргізіледі. 3 тапсырма. Өлеңді түсініп оқы. Оқушылар «Стоп кадр» әдісі арқылы өлеңді оқиды. Ақылшым – мұғалім Сәбилік көңілден Арналды бұл әнім. Баулитын өмірге Ақылшым – мұғалім.
Тіліңді аламын, Айтқанды ұғамын. Мен сендей боламын, Ақылшым – мұғалім.
Арқанда өзіңнің Адам боп шығамын. Бәрі алтын сөзіңнің, Ақылшым – мұғалім. Әнуарбек Дүйсенбиев
4 тапсырма. Өлеңнің авторын ата. Сызбаға сүйеніп әңгімеле.
Әнуарбек Дүйсенбиев – 1931 жылы 25 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін және БЛКЖО Орталық комсомол мектебін бітірген. Ұзақ жылдар «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында аға редакторлық қызмет атқарған.
6 тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрастырып жаз.
Үлгі: Менің ұстазым өте мейірісмді кісі. Ол бізге сабақ түсіндіреді, ақыл айтады. Әрқашан әдемі киінеді. Ұстаздың сөзін біз тыңдаймыз. |
|
|||||
Сабақтың соңы 5 минут
|
Кері байланыс: - Қандай өлеңмен таныстық? - Қандай мамандық иелерін атадық? - Ақын туралы айт - Өзіне қандай сабақ алдын? - Бүгінгі сабақ ұнадыма? - Қандай кезендері көңілдерінен шықты? Үй тапсырмасы. 76 бет 5 тапсырма. Өлеңді әуенімен жатқа айтып үйрен.
|
|
|||||
Қосымша ақпарат |
|||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық
пен қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|||||
Мұғалім қолданған материалдар мен әдіс-тәсілдер сыныптағы оқушылар қабілетін ескеру мақсатында пайдаланылды. Қабілеті жоғары оқушылар сөйлемдегі сөздерді сөз құрамына талдайды. Шоқан Уәлиханов өміріне қатысты деректерден х,һ әріптері бар сөздерді табады. |
Оқу мақсаты бойынша алған білімді бағалау қалыптастырушы бағалау арқылы жүргізіледі. Оқушылар тапсырманы жеке, топпен орындайды. Материалды меңгеру деңгейі өзара тексеру және екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағаланады.
|
Сергіту сәті өткізіледі. Жазу кезінде, қимыл жаттығуларды көрсету кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі ескертіледі. |
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген