«Ақымақ қасқыр» қазақ халық ертегісін сахналау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ақымақ қасқыр» қазақ халық ертегісін сахналау

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған ҰОҚ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы


Мерзімі:

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Драма

Тақырыбы: «Ақымақ қасқыр» қазақ халық ертегісін сахналау.

Мақсаты: ертегіні тыңдата отырып мазмұнын түсіндіру.

Білімділік: ертегі кейіпкерлерінің рөліне еніп сыйпаттау, түрлі эмоцияларды жеткізу үшін дауыс ырғағын келтіріп сахналау.

Дамытушылық: ойлау, есте сақтауды, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік: ертегі оқиғасын дәйекті түрде орындау, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.

Сөздік жұмыс: ақымақ, қасқыр, өріс, саулық.

Үш тілдік компонент: қасқыр-волк-wolf, қой-баран-ram, ешкі-коза-goat.

Керекті құралдар: үй жануарлары және олардың төлдерінің, қасқырдың суреттері, ертегіге кейіпкерлерінің тақиялы маскалары.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық



Шаттық шеңбері:

Ақылдымыз данамыз,

Тату-тәтті баламыз.

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.


Қонаққа Тазша бала келеді.

Жұмбақтар жасырады:

  1. Белестен шыққан бесті ат,

Бүкір келген желісті ат.

Бейғам елді іздейді,

Малдан күдір үзбейді.

  1. Қабат-қабат тоны бар,

Кішкентай ғана бойы бар.

Айналдырып киген тоны бар.

3. Малдың серкесі,

Тастан-тасқа секірген еркесі.

Әдебиет орталығында отырады.


Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.


Қуанады, амандасады.




  • Қасқыр.



  • Қой.


  • Ешкі.

Ұйымдастыру– іздестіру

Әңгімелесу:

- Қасқыр қандай аң?

- Қасқыр туралы қандай ертегілерді білесіңдер?



Артикуляциялық жаттығу:

Ра-ра –ра Айжан шашынды тара,
Жан жағына қара. 
У-У-У желбірейді ту,
Сен қолынды жу
Ші-ші-ші менің ағам әнші,
Менің апам биші.
Ар-ар-ар балам атана бар,
Үйге жылдам бар.
Аз-аз-аз қанқылдайды қаз,

Келіп қалды жаз.

Ыс-ыс-ыс болсын мол ырыс,
Ыдыстарды жуыс.


- Жабай аң. «Жеті лақ пен қасқыр», «Қасқыр мен түлкі» ертегілерін.

  • Қ

Қайталайды.


Ша-ша-ша жерде жатыр алаша,
Алашамда тамаша.

Дидактикалық ойын: «Қасқырдан құтқар»

Балалардың назарын үстел үстіндегі ойыншықтарға (үй жануарлары мен қасқырға) аударады. Әр үй жануарларын қасқырдан құтқару үшін ол туралы өлең, жұмбақ, өлең жолдарын айтуды ұсынады.

«Ақымақ қасқыр» аудио ертегісін тыңдатады.

Сұрақтар қояды:

- Ертегіде қандай үй жануарлары туралы айтылған?

- Арық саулық қасқырдан қалай құтылады?

- Ешкі қасқырдан қалай құтылады?

Үш тілдік компонент: қасқыр-волк-wolf, қой-баран-ram, ешкі-коза-goat.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Саусақ жаттығуы: «Қасқыр»

Қасқыр, қасқыр қашып кет,

Алты қырдан асып кет.

(сұқ саусағыңды бүгіп, қасқырдың тұмсығын, басбармағыңмен құлағын, кішкентай саусағыңмен аузын келтір)

Ешкі жібін үзеді,

Қазір сені сүзеді.

(саусақтарыңды бүгіп ешкінің мүйізін жаса)

Дидактикалық ойын: «Ол қандай?»

Ойыншық қойды, ешкіні, қасқырды үстел үстіне қояды, әр бала өз қалауы бойынша бір ойыншықты алып, сипаттауды ұсынады (пайдасы, зияны жайлы)

Ойыншықтарды пайдалана отырып, ертегінің мазмұнын айтып береді.

«Лақ пен қасқыр » туралы өлең оқиды:

Кіп-кішкентай ала лақ,

Жүрді қырды аралап.

Қасқыр келіп аңдып жүр,

Қояр мекен жаралап?

Сюжетті-рөлдік ойын: «Ақымақ қасқыр»

Ертегі кейіпкерлерінің сөздерін айтқыза отырып, қойдың, ешкінің, қасқырдың маскаларын кигізіп сахналауды ұсынады.

Сөздік жұмыс: «Өріс» мал жайылатын, шөбі қалың жер (жазық дала), ақымақ, қасқыр, өріс, саулық. ақымақ, қасқыр, өріс, саулық.

Дидактикалық ойын: «Егер, онда»

Сөйлемді бастап айтады, балаларға аяқтауды ұсынады.

- Егер қой қасқырды алдамаса ...

- Егер ешкі қасқырды алдамаса ...





Әр бала келіп өлең, жұмбақ, өлең жолдарын айту арқылы үй жануарларын қасқырдан құтқарады.


Мұқият тыңдайды Сұрақтарға жауап береді:

- Қой, ешкі туралы.


Өз ойларын айтады.

- Билеймін деп өтірік айтады.

Сөздерді қайталап айтады.


Қимылдарын көрсете отырып, сергіп алады.




Саусақ жаттығуын жасайды.









Бір-бірден келіп, үстел үстіндегі ойыншықтардың ішінен қалағанын алып сипаттайды.




Өлең жолдарын қайталап айтқанда «р», «л» дыбыстарын шатастырмай, анық айтады.



Мұқият тыңдайды. Ертегіні сахналап көрсетеді.

Сөздерді қайталап айтады.






- Онда қасқыр оны жеп қояр еді –деп, өз ойларын айтады.

Рефлексивті – түзетушілік


Қорытынды

Сұрақтар қояды:

  • Ертегі қалай аталады?

  • Неге ақымақ қасқыр дейді?

  • Төлдеген қойды қалай айтуға болады?

Тазша бала балаларға алғысын айтып қоштасады.

«Жүректен-жүрекке» шеңбері:

Өзімді-өзім жақтаймын,

Денсаулықты сақтаймын.

Жүректен жылы соншама,

Тілейміз саулық баршаға!



Сұрақтарға жауап береді:

  • Ақымақ қасқыр.

  • Өз ойларын айтады.

  • Саулық дейді.


Қоштасады.


Шеңберде тұрып бірге айтады.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: ертегінің мазмұнын біліп, ертегі кейіпкерлері туралы өлең, жұмбақтарды естеріне түсіріп, айтуды.

Болу керек: үй жануарлары мен қасқыр туралы мағлұмат.

Істей білу керек: ертегіні рөлге бөліп сахналауды, сұрақтарға жауап беруді.



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.10.2018
3206
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі