400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ақын болам мен ертең..» мәнерлеп оқу сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ақын болам мен ертең...» мәнерлеп оқу сайысы.

Мақсаты:Балалардың бойында өлең жолдарын жаттау арқылы

тілдерін дамыту,сөздік қорларын байыту.

Жүргізуші:Құрметті балалар, қонақтар!Бүгін «Балдырған»тобының балалары мәнерлеп оқу сайысына келіп, өз өнерлерін көрсетуге келіп отыр.

Ақ, қара деп бөлмейміз,

Бір жыл туған төлдейміз.

Туысқанбыз, татумыз,

Биіктерге өрлейміз-дей келе біз сайысымызды бастаймыз.

Жаннұр: Мейірі мол балаға,

Барлық, барлық балаға.

Басымызды иеміз,

Бабамыздың тілі деп.

Даламыздың үні деп,

Ана тілін,

Ана тілін,

Ана тілін сүйеміз.



Дария: Қызық сенің қуанышын

Таңның арай шуағысың,

Шықса кейде кеиіп үнін

Тәрбиелік мейірімің.

Кезінде сан өбектеген

Ұқсап қалам бөбекке мен

Шапағаты шашыраған

Аман жүрші ,асыл анам!






Әли: Әкешім-менің тірегім,

Өзіне басымды иемін.

Қорғаныш болып әрқашан,

Аман жүріңіз деп тілеймін!


Асқар тауым әкешім,

Өзіңді мақтан етемін.

Кір келтірмей атыңа,

Биік шыңға жетемін.


Ерасыл:Орманда қараңғы

Бәрі-бәрі ұйқыда

Үкі ғана ұйықтамапты

Маңғазданып, отыр қатты

Әрі-бері отырды да,

Қараңғыға қанат қақты.



Жүргізуші:Жас ұландар,жас қырандар,

Еркін елдің түлегіміз.

Көркейе бер, гүл еліміз,

Сен деп соққан-

Жалындап тұр жүрегіміз!-деп біздің бүлдіршіндер

жырлайды.


Мадияр: Таудай үлкен талабым,

Мен бармақтай баламын.

Көктің жүзін барлайтын,

Мен ғарышкер боламын!

Аспан, аспан арайлым,

Саған жиі қараймын.

Менің әкем ғарышкер,

Ғарышкер мен де боламын!





Алмас:Кіп-кішкентай торғайды,

Қорғамасқа болмайды.

Кіп-кішкентай торғайлар,

Ағаштарды қорғайды.

Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Ұямызға қонбайды.

Жүргізуші:Кәне, балалар бір демалып, ойнап алайық.

Ойын: «Егер ұнаса саған шапалақта»

Жүргізуші:Біздің балалар құрметті қонақтар өте талантты.Ендеше

басқа өнерпаздарымызды ортаға шақырайық.


Рамил:Бейне сонау құс әні

Арман биік ұшады

Күндей ыстық қашанда

Мектеп-ана құшағы

Ұмытпаймыз өмірде,

Жүрсек те аспан төрінде

Мектеп-ана күлімдеп,

Сен тұрасың көңілде.


Сабина:Әже деген көп шығар,

Әжемдей адам жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі.

Ертегі қандай көп еді,

Күнде айтып береді.

Қуанады балаша,

Әжем менің тамаша.

Жүргізуші:Балалар сендер өлең айтқанды жақсы көресіндер ме?

Ендеше өлең айтайық.

Өлең: «Отан әні»


Жамиля:Ой, балалар, балалар

Қоңырқай күз болыпты

Қурап жапырақ солыпты

Ел егін орыпты

Ой, балалар, балалар

Ойнайық та күлейік

Мәз боп бірге жүрейік.

Жүргізуші: «Ақын болам мен ертең..»мәнерлеп оқу сайысы өз мәресіне жетті құрметті қонақтар, балалар . Сау болыңыздар!





























































«Ақын болам мен ертең...»

мәнерлеп оқу сайысы.



















Тәрбиеші:Имамбекова Р.А



2019 жыл



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 маусым
576
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі