400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған" Мағжан оқуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жылма-жыл өтетін Мағжан оқуына қатысып жүрген Қазиева Зарина өте дарынды, ақындық қабілеті бар, тілге бай оқушы. Ол ақын-жазушылар шығармаларын көп оқиды. Бос уақытында өлең жазуға көңіл бөледі. Шығармашылық жұмыстарын жинақтап, байқауларға қатысады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қара сөзі Абайдың



Абай ата ғылымға көңіл бөлді,



Өмірге көз қарасы өрлей берді.



Өзгелерге қара сөзін ұсынып



Жамандықтан мәңгіге жирен деді.





Оқыдым мен Абай ата сөздерін,



Өнер-білім жолына жетелейтін.



Оқыдым мен Абай ата сөздерін,



Адалдықты, адамдықты біл дейтін.





Абай айтқан бұл сөздер дана сөздер,



Қырық беске толатын қара сөздер.



Көңіл қойып еститін әрқашанда



Халық сүйіп оқитын дара сөздер.





Зейін қойып оқысаң егерде сен,



Ақын болып кетесің сөзбен де сен!



Сондықтан да оқы, оқы және оқы



Абай жазған қара сөзді көне сен.



Табиғаты Абайдың



Абай атам табиғатты әсемдеп

Суреттеді қиялмен бәрін сәндеп.

Бояумен де бояды әр мезгілді

Әсем, көркем сөздермен де ол әрлеп.



Табиғаты елімнің қандай әсем,

Қарап оған тамсана әлі келем.

Айналамды қоршаған ортамды мен

Абайға да қосылып ән- жыр етем.



«Жазғытұры қалмайды қыстың сызы»

Деп Абайдың басталады ән- жыры.

Жазғытұрын сүйіп еді сол шақта

Бар асылын соған берді ақыры.



Сары түске бояғандай даланы,

Күн суыды қатуланып қабағы.

Абай ата жақсы көрді күзді де

Қимастықпен кетіп бара жатқаны.



Қысты да ол тірі жанға балады,

Оқысаң егер ғажап болып барады.

Бұл мезгілді мен де сүйем өмірде,

Мәңгілікке орын алған көңілде.



Әр күні де ыстық болып келетін,

Мезгілі бар Абайдың тез өтетін.

Оны да мен жақсы көрем жаз деген

Мезгіліңді бірден өтіп кететін.



Осылайша Абай атты ақынды,

Білмейтұғын өмірде жан болды ма?!

Әр мезгілі әрқашанда санаңа,

Құйып берер өшпес мәңгі ақылды.



Сөз патшасы- Абай



Дүниенің есігін ашқан кезден,



Абай атам нәр алды бұл өмірден.



Есейді ол өзгеден үлгі алып,



Өзі өсіп, ер жеткен кемесінен.







Абай атам сөзге де шешен болды,



Ғұмырында асқан бай көсем болды.



Апасымен анасынан нәр алып,



Келер ұрпақ өмірін айтар болды.







«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»,



Деп атамыз өлең жазды көп қарасы.



Дәл осылай сөз патшасы атанып,



Сол ғасырға тез тарады, қарашы!



Қазиева Зарина

6- сынып

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 тамыз
1260
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі